Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары


-тарау. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізу тәртібі



бет4/46
Дата26.12.2023
өлшемі422,43 Kb.
#143936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
4-тарау. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізу тәртібі

1-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


76. «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) білім беру ұйымдары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім беру органдары (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.


78. Мемлекеттік қызметті алу үшін педагог, жеке тұлға (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) тиісті деңгейдегі көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық (Платформа немесе мемлекеттік орган арқылы) немесе қағаз форматта өтінішін (қолданыстағы санат мерзімі аяқталғанға дейін) ұсынады.
Өтініш біліктілік санатын беру (растау) рәсімінен өту мерзімдерін сақтай отырып беріледі.
79.Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде қызмет көрсету процесін, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
80. Көрсетілетін қызметті алушы негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардыңтолық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда тиісті деңгейдегі көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаныкөрсетілетін қызметті алушының электрондық поштасына жолдайды және Платформаға орналастырады.
Құжаттар толық ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі немесе Платформа арқылы жіберіледі.
81. Көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді (құжаттар топтамасымен бірге) Платформа арқылы (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) немесе қағаз форматта тиісті деңгейдегі комиссияға жібереді.
82. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсеткен кезде өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.
83. Мемлекеттік органдар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімдері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңымен реттеледі.
84. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
85. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы көрсетілетін қызметті алушығажіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымды қарайдынемесе шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

2-параграф. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау тәртібі


86. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға арналған педагог материалдарыПлатформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) педагог қызметінің бағыттары бойынша әр түрлі дерекқорлардыңқұжаттарын (мәліметтерді) интеграциялау арқылы қалыптасады (білім алушылардың үлгерімі мен оқыту сапасы; білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және педагогтердің конкурстарда, олимпиадаларда, жарыстарда, чемпионаттарда жетістіктері; тәжірибені жинақтау (трансляциялау), әдістемелік материалдарды әзірлеу, педагогикалық қоғамдастықтағы өзара әрекеттесу, біліктілікті арттыру).


Педагогтерді кәсіби белсенділікке ынталандыру үшін Платформа жыл сайын жүйелі түрде толықтырылып отырады.
Платформада педагогтің жеке профиліне қолжетімділік педагогке, аттестаттаушы органның жауапты тұлғасына, Комиссияға материалдарды жүктеу құқығынсыз беріледі.
Платформа жұмыс істей бастағанға дейін педагог қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау материалдарын білім беру ұйымы қалыптастырады және тиісті деңгейдегі Комиссияға электрондық жеткізгіштерде немесе қағаз форматта жіберіледі.
87. Комиссия платформада осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау критерийлеріне және педагог қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.
Платформа жұмыс істей бастағанға дейін Комиссия педагог қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау материалдарын электрондық немесе қағаз форматта қарайды.


5-тарау. Білім беру ұйымдарының басшыларын, басшы орынбасарларын, бөлім басшыларын, басшы орынбасарларын, басшыларын (меңгерушілерін) және әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібі

88. Білім беру ұйымдарының басшыларын, басшы орынбасарын; (әдістемелік кабинет (орталық) басшысын, басшы орынбасарын, бөлім басшысын (меңгерушісін) және (әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерін аттестаттаудан өткізу дайындығын аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты адам) ұйымдастырады және келесі іс-шараларды қамтиды:


1) аттестатталушы орган басшысының бұйрығымен Комиссия құрамын және аттестаттауды өткізу кестесін жыл сайын бекіту, аттестатталушылар тізімін айқындай отырып қажеттілігіне қарай түзету.
2) ПББ өткендігі туралы сертификатты (білім беру ұйымдарының басшы орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшы орынбасарларын, «бірінші біліктілік санатының әдіскері» біліктілік санатына үміткер әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінқоспағанда), осы Қағидаларда айқындалған қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі кестені, олардың орындалуын растайтын құжаттармен қоса дайындау. Көрсетілген құжаттар белгіленген тәртіппен расталады, Платформаға (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) жүктеледі.
89. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты тұлға) аттестатталушыларды жыл сайын аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы жазбаша хабардар етеді.
90. Платформаға құжаттардың толық емес топтамасын жүктеген кезде аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты тұлға) құжаттарды қабылдамайды және дәлелді бас тартуды ұсынады жәнеПлатформада орналастырады.
91. «Басшы», «басшы орынбасары», «әдіскер» біліктілік санаттары аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ лауазымға тағайындалған кезде куәлікпен беріледі.
92. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасарларын, бөлім басшыларын (меңгерушілерін) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі және осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленгенкезеңдерді қамтиды.
93. Біліктілік санаты үш жылға жарамды. Біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы, білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасары, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскеріосы Қағидалардың 4, 13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша аттестаттауға өтінішті, осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес тиімділік көрсеткіштеріне сай Платформаарқылы (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) Комиссияға береді.
94. Бастапқы аттестаттау рәсіміне қатысатын білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы, білім беру ұйымы (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасары, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері реттілігін сақтамай, қызметтің тиімділігі көрсеткіштерінің орындалуын ескере отырып біліктілік санатын алуға өтініш беруге құқылы.
Келесі біліктілік санаттарын беру (растау) реттілік қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.
95. Аттестаттау кезінде білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, бөлімнің басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес ПББ өтеді.
Аттестаттау кезінде мәлімделген біліктілік санатынан төмен ПББ нәтижесін алған білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері ПББ нәтижелері бойынша тиісті санатқа сәйкесқызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын кешенді талдамалық жинақтауға жіберіледі.
«Басшы-ұйымдастырушы» («үшінші біліктілік санатының әдіскері») тиісті санатынан төмен ПББ нәтижесін алған білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы,бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын талдамалық жинақтауға жіберілмейді.
96. Платформа жұмыс істей бастаған сәттен бастап тиісті деңгейдегі Комиссия қолданыстағы біліктілік санатынан жоғары қызметтің негізгі көрсеткіштерін білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, басшы орынбасары, бөлімнің басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері жыл сайын (2 жыл бойы үздіксіз) орындаған жағдайда біліктілік санатын беру туралы шешім шығаруға құқылы.
«Басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер», «үшінші біліктілік санатының әдіскері», «екінші біліктілік санатының әдіскері» біліктілік санатын берген жағдайда, білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, бөлімнің басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері «басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер», «үшінші біліктілік санатының әдіскері», тиісінше «екінші біліктілік санатының әдіскері» біліктілік санаты үшін шекті деңгейдеПББ өткендігі туралы сертификат ұсынады.
Білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, бөлімнің басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері (екі жыл бойы үздіксіз) қызметтің негізгі көрсеткіштерін орындамаған жағдайда, Платформада жеке кабинетте қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес тиімділік көрсеткіштерін келесі бір жыл ішінде орындау қажеттігі туралы хабарлама орналастырылады. Бір жыл өткеннен кейін Комиссия қолданыстағы біліктілік санатынан бір деңгейге төмен біліктілік санатын беру туралы шешім шығаруға құқылы.
97. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты тұлға) Комиссияға аттестаттау кезеңіндегі біліктілік бағасын қоса алғанда, қызмет тиімділігі көрсеткіштерінің орындалуын талдамалық жинақтау үшін Платформада аттестатталушының жеке кабинетіне қолжетімділікті береді (материалдарды жібереді).
98. Ұсынылған материалдарды зерделеу нәтижелері бойынша Комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырады.
99. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі (жауапты тұлға) осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
100.Аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары, білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшы орынбасарлары, бөлім басшылары (меңгерушілері) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
1)өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
2)өтініш берілген біліктілік санатын растай отырыпсәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
3) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қайта аттестаттауға жатады);
101. «Өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» («қайта аттестаттауға жатады»), «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді, қолданыстағы біліктілік санатынан төмен санатқа сәйкес келеді) шешімін қабылдаған жағдайда,Комиссия үш жұмыс күні ішінде аттестатталушының электрондық поштасына жібереді,Платформадааттестатталушының жеке кабинетінде осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойыншаКомиссия отырысының хаттамасынан үзіндініорналастырады.
102. Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (қайта аттестаттауға жатады)» шешімін қабылдаған жағдайда, білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының және білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшы орынбасарының қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, бұдан соң – біліктілік санаты бір деңгейгетөмендейді.
103. Білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық) басшы орынбасары, бөлім басшысы (меңгерушісі) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері Комиссия айқындаған және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде қайта аттестаттаудан өтеді.
104. Қайта аттестаттауды өткізу кезінде Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

  1. өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);

  2. өтініш берілген біліктілік санатынрастай отырып сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);

  3. өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді (атқаратын лауазымына сәйкес келмейді).

105. Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» (атқаратын лауазымына сәйкес келмейді) шешімін қабылдаған кезде үш жұмыс күні ішінде аттестатталушының электрондық поштасына жібереді,Платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) аттестталушының жеке кабинетінде осы Қағидалардың 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні орналастырады. Комиссияның шешімі аттестатталушыҚазақстан Республикасының еңбек заңнамасы шеңберінде еңбек шартын жасағанұйымның басшысына ұйымдық-кадрлық шешімдер қабылдау үшін жіберіледі.
106. Білім беру ұйымы басшысының (басшы орынбасарының) бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауысуы кезінде қолданыстағы біліктілік санаты басшы (басшының орынбасары) лауазымы шеңберінде қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады.
Білім беру ұйымының басшысы білім беру ұйымының орынбасары лауазымына ауысқан кезде және керісінше, сол немесе өзге білім беру ұйымы шеңберінде, басшының (басшы орынбасарының) қолданыстағы біліктілік санаты осы лауазымдар бойынша біліктілік санаттары шеңберінде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады:
«басшы-көшбасшы» – «бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары»;
«басшы-менеджер» – «екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары»;
«басшы-ұйымдастырушы» – «үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары».
107. «Үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы басшы» біліктілік санаттары бар басшыларға тиісінше «басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер», «басшы-көшбасшы» біліктілік санаттары беріледі.
Берілген санат бұрынғы санаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

6-тарау. Білім беру ұйымдары басшыларын, басшы орынбасарларын, бөлім басшыларын, басшы орынбасарларын, басшыларын (меңгерушілерін) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, педагогтерді аттестаттаудан өткізудің жалпы ережелері


108. Комиссия шешімі осы Қағидалардың 1-қосымшасына (педагогтерді, бөлім басшыларын (меңгерушілерін) және әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін аттестаттау үшін) және 18-қосымшасына (білім беру ұйымдары басшыларының, басшы орынбасарларын, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының, басшы орынбасарларын аттестаттау үшін) сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған хатшы және отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері қол қояды және Платформада(ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) жарияланады.


109. Аттестатталушы Комиссияның шешімімен Платформада өзінің жеке кабинетінде танысады.
110. Комиссия хаттамасының негізінде аттестаттаушы орган біліктілік санатын беру (растау) / атқаратын лауазымына сәйкес (сәйкес еместігі) туралы бұйрық шығарады.
111. Бұйрық негізінде осы Қағидалардың19-қосымшасының нысанына сәйкес біліктілік санатын беру (растау)бойынша аттестаттау туралы куәлік беріледі.
112. Біліктілік санатын беру(растау) бойынша аттестаттау туралы куәлік 20-қосымшасының нысанына сәйкес тіркеу журналында тіркеледі және Платформада (ол жұмыс істей бастаған сәттен бастап) педагогтің өзінің жеке кабинетінде жарияланады.
113. Педагогтерге біліктілік санаты үшін қосымша ақы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларында белгіленеді.
114. Аттестаттау рәсімінде және біліктілік санаттарын беруде бұзушылықтар анықталған жағдайда аттестаттаушы органның Комиссиясы біліктілік санатын беру туралы шешімді дербес немесе бақылау және қадағалау органдарының ұсынуы бойынша бұзушылықтар анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
115. Шығарылған шешімді қайта қарау тәртібін Комиссия дербес айқындайды.
116. Бақылау органдары аттестаттау қорытындысы бойынша аттестаттау рәсімінің өткізілуіне іріктеп бақылау жүргізеді.

Педагогтерді аттестаттаудан


өткізу қағидалары мен шарттарына 1-қосымша
Педагогтің/бөлім басшысының (меңгерушісінің) және әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерінің біліктілік санатын беруге (растауға) арналған комиссия отырысының хаттамасы

«___»___________________ 20____ жыл


Комиссия төрағасы
______________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________

Біліктілік санатын беру (растау) кезеңдерінің қорытындысы бойынша комиссия


ШЕШІМІ

Мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді





ТАӘ
(бар болса)

Лауазымы

Педагогтер үшін кезекті / мерзімінен бұрын

Біліктілік санаты

Мәлімделген біліктілік санаты

Берілген біліктілік санаты















Мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді





ТАӘ
(бар болса)

Лауазымы

Педагогтер үшін кезекті / мерзімінен бұрын

Біліктілік санаты

Мәлімделген біліктілік санаты

Берілген біліктілік санаты

Себебі

















Біліктілік санатына сәйкес келеді





ТАӘ
(бар болса)

Лауазымы

Педагогтер үшін кезекті / мерзімінен бұрын

Біліктілік санаты

Мәлімделген біліктілік санаты

Берілген біліктілік санаты















Комиссия төрағасы
__________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері:
___________________________ (қолы)
___________________________ (қолы)
___________________________ (қолы)
___________________________ (қолы)
Хатшы: _________________ (қолы)
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына
2-қосымша

_______ хаттамадан үзінді «___» _____20______ жыл




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет