Сабақтың басы
|
Оқушылармен сәлемдесу. Дауыс жаттығуларын жасау.
Әннің сөзімен танысып, орындау және жаттау.
Әйелдер хоры- дауыстарының тембрлік бояуы өте бай, жақсы және жағымды хор шығармаларын нәшіне келтіріп, көркем де шебер орындауға қабілетті ұжым. Әйелдер хорының диапазоны өте бай, кіші октаваның фа,соль дыбыстарынан екінші октаваның ля,си дыбыстары аралығында жазылған шығармаларды орындай алады. Бірақ, негізгі жұмыс диапазоны кіші октаваның ля,си дыбысынан фа, соль екінші дыбыс аралығында.
Әйелдердің жоғары дауысы- сопрано деп аталады.
Әйелдердің төменгі дауысы- альт деп аталады. тембрлік ерекшелігі болады.
Сопрано- партиясы жоғары, жүрдекі, жеңіл және жарқын үнімен сипатталды.Хор үшін сопрано партиясының атқаратын ролі өте үлкен әрі қает, әсіресе гармониялық аккордты құрылыстағы хорға арналған шығармаларда, оған негізгі әуенді орындау жиі жүктеледі.Сопрано партиясының жиі кездесетін диапазоны бірінші октаваның до дыбысыан екінші октааның ля дыбысына дейінгі аралықтағы дыбыстар.
Альттердің партиясы төмендеу, шымыр қою үнділігімен сипатталады.Қазақта әйелдің ондай дауысын «дауысы қоңыр үнді екен» деп те айтады. Әйелдердің немесе балаларың хорында альт екінші немесе көмекші дауыстың ролін атқарады, ал арлас хорда орташа аралық партия болып саналады. Альт партиясын диапазоны кіші октаваның ля дыбысынан екінші октаваның ре,ми дыбытарына дейін.
|
Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді.
|
Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі
|
Музыка оқулығы
Оқулық, нота хрестоматиясы, үн-бейне хрестоматия
|