Рефлексия: Мен не білдім?
Бүгін мен не үйрендім?
Мен үшін қандай тапсырма қиын болды.
Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?
Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді.
Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді және жаңа сабаққа назар аударып, берілген сұрақтарға жауап береді.
Дәптермен
Сұрақтарға жауап береді
Нотаны көшіріп жазады және домбырада орындайды.
Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі
Дескриптор нәтижесінде «Үш шапалақ»тәсілі арқылы бағаланады
«Бағдаршам» әдісімен бағалау
Бейнеролик
оқулық
Оқулық
Оқулық, нота хрестоматиясы, үн-бейне хрестоматия
Фламастерлер Қарандаштар Журналдар Газеттер
Кері байланыс тақтайшасы
«Хор» өнері
Мектеп:
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сынып:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
А. Жұбанов.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы – Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. “Ақ көгершін” әні. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру.
Сабақтың мақсаты:
Жас өнерпаздың бойындағы шығармашылық қабілетін ояту. Оқушының шеберлігін одан әрі шыңдау, өнерге деген құлшынысын арттырып, эстетикалық талғамын кеңейтіп, музыканы дұрыс тыңдауға, терең сезіммен түсіне білуге тәрбиелеу. Әуенді тыңдау, екпін, динамика және оның белгілері, ноталық сауаты, аппликатура, альтерация белгілері, күрделі штрихтар.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі
Педагог әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
Сәлемдесу, түгелдеу. Қажетті құрал жабдықтарды дайындау. Балалардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді.
Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі.
Бейнеролик
оқулық
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
Ахмет Жұбанов (1906-1968) — композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.1932 ж. Ленинград консерваториясының тарихи теориялық факультетін бітірген. 1932-1933 жж..- өнертану Академиясының аспиранты. 1934 ж. қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды (қазіргі Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі). Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясын басқарды, оған Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясын ашу миссиясы жүктелді. Ол республикалық Ғылым Академиясының негізін салушылардың бірі, кейін М.О.Әуезов атындағы өнер мен әдебиет институтыныҢ құрамына енген өнертану секторын ұйымдастырды. Жұбановтың ұйымдастырушылық, шығармашылық, ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметі Қазақстанның музыка мәдениетінің қалыптасу тарихында тұтас бір кезеңді қамтиды. Ол кәсіби музыкалық білім берудің, музыкалық шығармашылық пен музыкалық ғылымның ірге тасын қалады. Академик- композитор Жұбановтың есімі қазақ музыка мәдениетінің негізін салушы тұлғалардың көш басында тұр. Ол Л.Хамидимен бірлесіп, “Абай” және “Төлеген Тоқтаров” операсын, “Құрманғазы туралы естелік маршын”, “Жез киік” симфониялық шығармаларын, қазақтың би сюитасын, “Саранжап”, “Көроғлы” фортепьяналық шығармаларын, хорлар, әндер, романстар, театр мен киноға арналған музыкалар, “XIXғ. мен XXғ. басындағы қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы”, “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары”, “Мұқан Төлебаев”, “Құрманғазы” этнографиялық зерттеулерін жазды. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан — теңіз.
Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің рәмізі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады.
Ән үйрету жолдары.
Өлшемі, сазы, екпіні, характері.
Динамикалық белгілерімен жұмыс
Дикциямен жұмыс.
«Ақ көгершін» А.Жұбанов
Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан.
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.
Ел тілегін алып ұш
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш
Мұхиттың арғы жағына.
Сенен көзін алмайды
Ақ ниетті бар адам.
Ақ қанатың талмайды
Әділеттен жаралған.
Тыныш-бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап.
Ел тілегін алып ұш
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш
Мұхиттың арғы жағына.
Рефлексия:
Мен не білдім?
Бүгін мен не үйрендім?
Мен үшін қандай тапсырма қиын болды.
Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?
Қалыптастырушы бағалау.
Оқушылар жұмыстарын мақтап , мадақтау арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: «Ақ көгершін» қайталау
Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді.
Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді және жаңа сабаққа назар аударып, берілген сұрақтарға жауап береді.
Дәптермен Сұрақтарға жауап береді
Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді және жаңа сабаққа назар аударып, берілген сұрақтарға жауап береді.
Дәптермен Сұрақтарға жауап береді
Бір -бірін бағалау
Қойылған сұрақтарға жазап береді.
Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі
Дескриптор нәтижесінде «Үш шапалақ»
тәсілі арқылы бағаланады
Дескриптор нәтижесінде «Үш шапалақ»тәсілі арқылы бағаланады
Бейнеролик
оқулық
қулық, нота хрестоматиясы, үн-бейне хрестоматия
Фламастерлер Қарандаштар Журналдар Газеттер
Музыка оқулығы
Интернет ресурстары
Оқулық
Рефлексия тақтайшасы
«Хор» өнері
Мектеп:
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сынып:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Н. Тілендиев
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
Н.Тілендиев жайлы әңгімелеу, оқушылардың қазақ композиторлары, аспаптық музыкасы жайлы білімдерін толықтыру.
Композитордың шығармаларына оқушылардың көзін қанықтыру, таныстыру және практикалық жұмыс барысында шыдамдылық, ойлай, қиялдай білу, икемділік, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Вокальдық машықтарды қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың музыкалық сауатын ашу, ой өрісін дамыту. Әндерді нотамен сольфеджио оқуға үйрету.
Оқушылардың жан - жақты ойлауын, ізденуін дамыту, музыкалық сауатын тереңдету, шапшаңдыққа тәрбиелеу, ой өрісін кеңейту.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі
Педагог әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
«Жүректен — жүрекке» шеңбері
Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!
Сәлемдеседі. Шаттық шеңбер жасайды.
Бір-бірін бағалайды.
Бейнеролик
оқулық
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
Қазақ домбырасының Құрманғазы мен Тәттімбеттен кейінгі тарландарының бірі, туған халқы үшін барынша еңбеқ еткен, шын дарын иесі, ойлы да білімді сезімтал, қазақ халқының рухани музыка мәдениетін көтеруге атсалдысқан атақты, талантты композитор дүлділ домбырашы, әрі дирижер Н.Тілендиев 1925 жылы сәуірдің бірі күні Алматы облысының қазіргі Жамбыл ауданында дүниеге келді. Ол балалық шағын туған ауылында ақын күйшілердің ортасында өткізді. Музыкаға деген ынтасы ерте оянған зерделі бала жастайынан домбыра тартып ән айтуға машықтанады.
Жеті жасында Жамбыл атаның күні бүгінге дейін төрімнен түспей қымбат қазынадай сақтап жүрген домбырасын сыйға алыпты, осының барлығы музыканың оның ішіндегі күй өнерінің киелі болатыны содан. Музыка тілі барша әлем халқына ортақ тіл.
П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсіп, Латиф Хамидидің баулуымен дирижер болып шықты. Он екі жасында А.Жұбанов сыйға тартқан өзінің кішкене қоңыр домбырасын қолтығына қыса өскен Нұрғиса әкесінің тартатын «Аққу»т.б. күйлерінің сиқырлы сөздерін домбырада ойнауға тырысатын. Әкесі Тілендінің күйшілік, шешесі Салиқадан әншілік қасиеттерін жастайбойына сініріп ел әлдилеген ән-күйдің ортасында жүріп домбырада , алуан түрлі тамаша орындаушылық әдістерді үйреніп, меңгеріп өсті. Арман жетелеген Нұргиса Алматыға келді.А.Жұбанов пен домбырашы Темірбек Ахметов оның талантын тани біледі. Н.Тілендиев он екі жасында Құрманғазы оркестрінде концертмейстер, он төрт жасында дирижерлік мінбеге шығады.
Он жеті жасында Отан соғысына қатысады. Соғыс бітіп, бейбіт өмір орнағаннан кейін, елге аман есен оралады.
«Әке туралы жыр» Ж.Жабаевқа арнап жазылған.»Ата толғауы» күйі ақынымыз Жамбыл Жабаевқа арналып жазылған. «Баламышқа» татардың би әуені Л.Хамидиге арналған.
Сонымен қатар Нұрғиса көптеген спектакльдер мен кинофильмдерге мемлекеттік хор капелласы «Абай арманы» атты вокальды поэма жазды.Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» пьесасында айтылатын «Куә бол» әні де аспан мүлгіген алатаудан сылдырап аққан бұлақ, сыбырлаған жапырақ, тау аңғарынан ескен салқын самал көз алдыңа елестейді.
«Аққу» күйі «Қыз Жібек» фильмінде орындалды. «Қарлығаштың қүйрығы неге айыр?», «Қырық өтірік», «Ақсақ құлан» сияқты бала қиялын кеңейтіп, ойландыруға итермелейтін мультфильмдер, «Менің атым Қожа», «Көксерек», «Құлагер» сияқты 25 көркем фильмге музыка жазды.
Н.Тілендиев 400 ән жазыпты. Оның «Көш керуен», «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқиса», «Махамбет»т.б. күйлері қазақтың музыкасындағы 20-шы ғасырдағы үздік туындылар болып табылады.
Рефлексия:
Мен не білдім?
Бүгін мен не үйрендім?
Мен үшін қандай тапсырма қиын болды.
Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?
Нұрғали Нүсіпжанов – Өз елім
Әні: Н.Тілендиев
Сөзі: Қ.Мырза Әли
Келгенде көктемі,
Көңілін гүл басқан.
Шырағы көктегі,
Жұлдызбен сырласқан.
Өз елім менің – Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
Қайырмасы:
Түлегі сендер, Тілегі сендер,
Тірегі сендер сол елдің.
Назары сендер, Базары сендер,
Ажары сендер сол елдің! Үйге тапсырма: «Өз елім» қайталау
Дәптермен сұрақтарға жауап береді
Бір -бірін бағалайды.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор нәтижесінде
«Үш шапалақ»
тәсілі арқылы бағаланады
«Бес саусақ» әдісі арқылы бағалау.
«Бағдаршам» әдісі арқылы.
Оқулық
Оқулық,
нота хрестоматия-сы, үн-бейне хрестоматия
Топпен жұмыс.
Импровизац-ия жасау
Нота хрестоматия-сы
Фоно-
Хрестоматия
Интернет ресурсы
Кері байланыс тақтайшасы
«Хор» өнері
Мектеп:
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сынып:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Ә. Еспаев
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
Ә. Еспаевтың шығармашылығын, қазақ музыка мәдениетіне қосқан мол музыкалық мұрасын таныстыру.Бірлік пен ынтымақ, халықтар достығын насихаттау арқылы оқушыларға рухани, эстетикалық тәрбие беру. Музыканы тыңдап талдай білу қабілетін, әнді дұрыс орындау шеберлігін, музыкалық сауаттылықты дамыту.
Сабақтың мақсаты:
Музыканың кәусар бұлақ тәрізді мөлдірлігі, адамның одан сусындап, нәр алып, қуанышқа бөленетіні туралы ұғым беру, ән дыбыстарының таза бұлақ суындай шынайы орындалуына назар аудару.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі
Педагог әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Әбілахат Ысмағұлұлы Есбаев (25.11.1925, Қостанай облысы Амангелді ауданы — 10.5. 1976, Алматы) — композитор. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1951 — 53 жылдары Алматы консерваториясының композиторлық факультетінде оқыды. 1953 жылдан Қазақ радиосында музыкалық редактор болды. Әбілахат негізінен, ән жанрында (ән, романс, хор, баллада) шығармалар жазды. Ең алғашқы туындысы — “Туған ел” әні (1942). Оның “Маржан қыз”, “Жастар мерекесі”, “Шофер келді қырманға”, “Әлі есімде”, “Жайық қызы”, “Қыз қуу”, “Жылқышы”, “Ортеке”, “Ұстазым”, “Бейбітшілік сақталады”, “Аққуым”, “Ақ сәуле”, “Қайдасыңдар, достарым”, “Орамал”, “Сағыныш екен бала кез”, т.б. әндері халық арасына кең тараған. Сондай-ақ, С.Адамбековтің “Күн мен көлеңке”, Ә.Тәжібаевтің “Той боларда”, Қ.Аманжоловтың “Досымның үйленуі” спектакльдеріне және И.Байзақовтың “Ақбөпе” поэмасы бойынша қойылған радиоқойылымға музыка жазды.
Бұл тапсырма сабақ тақырыбын өзгеше тәсілмен ашуға көмектеседі. Сабақты ойын түрінде өткізу ұсынылады.
«Бес саусақ» әдісімен бағалау.
Музыка оқулығы
Музыка хрестоматиясы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
Желсіз түнде жарық ай!
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?
«Бейбітшілік сақталады»
Ә. Еспаев
Әлем сүйген салтымыз бар,
Бейбітшілік – ел ұраны.
Өмір сүйген халқымыз бар,
Бейбіт елдің біз ұланы.
Қайырмасы:
Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!
Қорғау үшін өмір көркін –
Бүгіннен де ертең нұрлы.
Болдырмаймыз соғыс өртін,
Достар берік сапқа тұрды.
Қайырмасы:
Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!
Ел ұраны мәңгі анық,
Әр жүректе жатталады.
Қолға алса барлық халық,
Бейбітшілік сақталады.
Қайырмасы:
Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!
Рефлексия:
Мен не білдім?
Бүгін мен не үйрендім?
Мен үшін қандай тапсырма қиын болды.
Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?
Үйге тапсырма: «Бейбітшілік сақталады»
қайталау
Өз тапсырмаларын таныстырады және бағалайды
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор нәтижесінде «Үш шапалақ»тәсілі арқылы бағаланады
Қалыптастырушы бағалау.
Нота хрестоматиясы
Фоно хрестоматия
Интернет ресурстары
Музыка хрестоматиясы
Кері байланыс тақтайшасы
«Хор» өнері
Мектеп:
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сынып:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Ө. Байділдаев
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
Композитор туралы мағлұмат беріп шығармашылығын таныстыру. Отанға, туған жерге деген құрмет сезімдерін ояту. Адамгершілікке, сұлулыққа, әсемдікке, париоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты:
Әндегі ритмде айтуды үйренеді
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі
Педагог әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Амандасу
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!