Психологиялық тренинг:Шаттық шеңбері
Мысалы: Оқушылар өз аттарының бас әріптерінен келетін әдемі сөз айту.
Сара-сұлу қыз,
Еркебұлан-еңбекқор,
Арай-ажарлы,
Жазира-жайдары.
Сәлемдеседі. Психологиялық тренингке белсене қатысады.
Бір-бірін бағалайды.
Бейнеролик
оқулық
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
Өмірбек Байділдаев (10 мамыр 1932, Қордай ауданы, Күнбатыс ауылы – 6 желтоқсан 1997, Алматы) – сазгер. Қазақстан журналистер одағының (1965), Қазақстан композиторлар одағының (1971) мүшесі.
Құрманғазы атындағы Консерваторияны халық аспаптары мамандығы бойынша бітірген (1952).
Студент кезінде Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінде домбырашы, Ә.Қашаубаев атындағы музыкалық училищеде мұғалім болып жұмыс істеді.
1965 – 67 жылдары Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасының Алматы студиясында аға музыкалық редактор
1967 – 97 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар институтында музыка теориясы және тарихы кафедрасының меңгерушісі болды.
Ол 70-ке жуық лирикалық әндер мен 80-ге жуық жас өспірімдерге арналған әндер, хорлар, көптеген симфоникалық шығармалар жазды. Сондай-ақ, қазақ халқының музыкалық мұрасын зерттеумен айналысты. Қазақ радиосы мен телеарнасына 100-ден астам «Алтын қорға» жазылған музыкалық хабар ұйымдастырды. Олардың ішінде «Әсемдік әлеміне саяхат», «Камертон», «Музыка әлемінде» деген хабарларды ерекше атап көрсетуге болады. Байділдаев жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру бағытында да көп еңбек сіңірді. Мектеп оқушыларына арнап тұңғыш рет музыкалық пәнінен оқулықтар жазды. Оның әндері
«Туған ел»
«Қимаймын сені»
«Қазақстан таңы»
«Жаным, сәулем, еркешім»
«Назико»
Айнагүл»
«Алтын дән» халықтың сүйіспеншілігіне ие болды.
«Қазақстан музыкасы», «Қазақтың аспаптық музыкасы» деп аталатын күйтабақтар шығарды.