Педагогтың кәсіби стандарты “орта мектеп мұғалімі” 2022 ж
Кәсіби стандарт «Педагог» білім бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде білім ұйымдарының қызметкерлерін оқытуға, білім ұйымдарының бітірушілері мен қызметкерлерін сертификаттауға арналған.
Кәсіби стандарт 4 салалық білім шеңберінен (СБШ) және үш жалпы көрсеткіш: «білім», «іскерлік пен дағдылар», «тұлғалық және кәсіби құзыреттіліктер» көрсетілген мамандық карточкасынан тұрады.
«тұлғалық және кәсіби құзыреттілік» көрсеткішінде жауапкершілік дәрежесі көрсетілген;
«білім» көрсеткішінде педагог мамандығының күрделілік дәрежесі көрсетілген, педагог еңбегінің күрделілігі
Кәсіби стандартта бесеңбек қызметі белгіленген: 1) оқыту; 2) тәрбиелеу; 3) әдістемелік; 4)зерттеушілік; 5) әлеуметтік-коммуникативтік.
6.1 салалық білім шеңбері 1. Оқыту еңбек қызметі Іскерлік пен дағдылар:
өз бетімен білім алушылардың лингвистикалық қажеттілігі мен сұранымдарын ескере отырып сабақтарды құрайды;
өз бетімен оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде АКТ қолданады;
арнайы саладағы білімі мен дидактикалық білімдерін біріктіріп , тәлімгердің кеңесін не болмаса дайын әдістемелік нұсқаулық, ұсынымдарды есепке ала отырып дәстүрлі сабақ өткізеді;
бастауыш мектеп жастағы балаларға мақсатты тілдерде (қазақ (Т2), орыс(Т2), ағылшын (Т3) коммуникация/байланыс жасау үшін бейімделу жағдайын жасайды (көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер );
әріптестерімен әрекеттесе отырып орта білімнің барлық сатыларында (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) оқыту сабақтастығы мен кіріктіру қағидаттарын есепке ала отырып сабақтарды
жоспарлайды.
2.Тәрбиелеу еңбек қызметі Іскерлік пен дағдылар: -педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды; -білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды;
-білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады;
-жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді; жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды;
-дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілетін көрсетеді;
-ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеуілі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді ; оқыту мен тәрбиеде көптілділік тәсілдемені жүзеге асырады;
-өзге өмір салтына, өзге мәдениетке толеранттілікті қалыптастырады.