Оқу сабақтары – оқытушы мен тәлімгерлердің өзара әрекеттер жүйесі, сондай–ақ, студенттердің дара және өздігімен білім алуы білім беру үрдісінің негізі болып табылады. Осы анықтама оқыту формасы және оқытуды ұйымдастыру формасының аражігін ажыратуға көмектеседі. Оқыту формасы оқу үрдісіне қатысушылардың санына сәйкес анықталған, ал оқыту үрдісін ұйымдастыру формасы оқу үрдісінін жеке буындық құрылымын демек сабақ түрін сипаттайды. Жалпы білім беретін мектептер практикасында оқытудың келесі формалары бар: сабақ, дәріс, семинар, зертханалық–практикалық сабақ, практикум, факультатив, саяхат, өндірістік практика, үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ және т.б

Белл-Ланкастер өзара оқыту жүйесі – бастауыш мектепте оқыту әдістерін ұйымдастыру жүйесі. Жоғары сыныптың үлгерімі жақсы оқушылары мұғалімнің жетекшілімен, оларға көмекші болып оқушылармен сабақ жүргізеді. Өз аталуын бір-біріне тәуелсіз оқытудың ұқсас әдісін ұсынған ағылшын педагогтары А.Белл және Дж. Ланкастер аттарымен аталған.
Мангейм жүйесі XIX ғасырдың аяғында өзінің авторы Й.Зиккингердің арқасында Германияның аталмыш қаласында пайда болып, алғашқы рет тәжірибеден өткізілген. Мангейм оқыту жүйесі – сыныптық–сабақтың жүйенің баламасы ретінде ұсынылып, оқушыларға жаңа ақпаратты ұсыну олардың қабілетіне байланысты деп есептейді. Жүйе бойынша оқушыларды жас ерекшелігі мен оқу деңгейіне ғана емес, сондай–ақ, олардың қабілетіне қарай бөлу ұсынылған. Осылай 4 сынып пайда болды: