Мангейм жүйесі XIX ғасырдың аяғында өзінің авторы Й.Зиккингердің арқасында Германияның аталмыш қаласында пайда болып, алғашқы рет тәжірибеден өткізілген. Мангейм оқыту жүйесі – сыныптық–сабақтың жүйенің баламасы ретінде ұсынылып, оқушыларға жаңа ақпаратты ұсыну олардың қабілетіне байланысты деп есептейді. Жүйе бойынша оқушыларды жас ерекшелігі мен оқу деңгейіне ғана емес, сондай–ақ, олардың қабілетіне қарай бөлу ұсынылған. Осылай 4 сынып пайда болды:
1 орта қабілеті бар оқушылар.
2 күрделі бағдарламамен жұмыс жасауға дайын дарынды оқушылар. Оларды шет тілдер сыныбы деп атаған және олардың мектеп бітірген соң да оқуға мүмкіндіктері болған.
3 қабілеттері төмен оқушылар.
4 ақыл ойы кешеуілдеген балаларға арналған сыныптар.
Оқытудың Батавиялық жүйесі. 1898 жылы Батавия қаласында (АҚШ, Нью–Йорк штаты) жергілікті мектептегі оқушылар саны көптігінен бір сыныпта 53 оқушы оқыған. Қоныс аударушылар мен көшпенді адамдардың көптігінен бұл XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бұл америкалық мектептердің үйреншікті мәселесі болған. Жағдай оқушылардың түрлі құрамынан күрделенді, өйткені олар түрлі мәдениет, әртүрлі ұлттар және діни конфессия өкілдері болатын. Мектеп инспекторы Джон Кеннеди 1914 жылы оқытудың жаңа жүйесін қолданып ол туралы өз кітабында жазған.