Педагогтің ОҚыту қызметінің инновациялық ҚҰралдары мен нысандары


Белсенді әдіске дидактикалық ойын жатады, ол қандай да бір оқу міндетін шешуге арналған ойын түрінде бәсекелестік ұжымдық оқу әрекеті болып табылады



бет7/11
Дата27.11.2023
өлшемі121,42 Kb.
#130181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
дәріс №11

Белсенді әдіске дидактикалық ойын жатады, ол қандай да бір оқу міндетін шешуге арналған ойын түрінде бәсекелестік ұжымдық оқу әрекеті болып табылады.

Дидактикалық ойын оқушылардың эмоционалды ойын белсенділігі кезеңінде оқуға және ынталануын дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойында қатысушылардың нақты жағдайлары, операциялары мен әрекеттері қарапайым үлгіде беріледі. Алдын ала нақты ойын ережелері анықталады, соған сәйкес ойынға қатысушы команда ойыншылары топ мүшелерінің ортақ әрекеттері ұйымдастырылады.

Ойын нәтижелерін қорытындылағанда қатысушылардың белсенділігіне көңіл аударылады, өзгеріске ұшыраған жағдайда шешім қабылдай білуі және сол шешімнің тиімділігі.

Дидактикалық ойынның өтуі мен даярлауды келесі кезеңдерге бөлуге болады:

Дидактикалық ойынның өтуі мен даярлауды келесі кезеңдерге бөлуге болады:

1. Негізгі мақсатты қойып оны шешу міндеттерін қою.

2. Дидактикалық ойын үлгісін таңдау.

3. Ойнайтын ролдерінің функцияларын және негізгі

4. Оқушыларды ойынға қатысуға дайындау (ойын ережелерімен таныстыру, ойын тақырыбы бойынша теориялық дайындық, ойындағы ролдерге бөлу және т.б).

5. Ойын барысында қажет болған жағдайда түзетулер енгізе отырып жүргізу.

6. Ойынды қорытындылау және талдау.

Дидактикалық ойын, басқа да ойын түрінде оқыту әдістері сияқты, оқушылардың белсенділігін арттыратын әдістердің бірі ретінде практик-мұғалімдердің назарында. Дегенмен бұл әдіс басқа әдістерді алмастыра алмайды және оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін басқа белгілі әдістермен қатар қолданылады.

Жеке оқыту үлгерімі төмен, дайындығы нашар оқушылардан жиі сұрауға бағытталған. Аталған санаттағы оқушыларға тапсырманы бағалау кезінде де аса назар аударған абзал. Жеке оқыту сондай-ақ мұғалімнің нақты тапсырмасын орындау кезінде де жүргізілуі мүмкін. Ондай жұмыстар жіктеліп мұғалімнің тілекелей қатысы болмаса да жүргізіледі: жаттығулар, бақылау жұмыстары, баяндама және рефераттар дайындау, оқулықпен жұмыс жасау, үлгілеу, практикалық және сызба жұмыстары, көрнекілік жасау, шығармашылық жұмыстар (шығармалар және есеп, практикалық тапсырмалар құру және т.б).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет