Пән : «Коммуналды гигиенасы»



бет26/49
Дата02.05.2023
өлшемі226,41 Kb.
#88966
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
6. Қорытынды сұрақтары:

  1. Қазақстандағы су айдынды обьектілерді қорғау мәселелерін атаңыз.

  2. Су айдындарын ластанушы көздердің жіктелуін айтыңыз.

  3. Су айдындарын ластанушы көздердің себептерінің гигиеналық сипаттамасын беріңіз.

  4. Су айдындарының ластануын шешу жолдарын атаңыз.

13.


1.Тақырыбы: Топырақты қорғаудың қазіргі мәселелері. Топырақтың гигиеналық маңызы.
2.Мақсаты: студенттерді топырақты қорғаудың қазіргі мәселелері мен топырақтың гигиеналық маңызымен, топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерімен таныстыру.
3.Дәріс тезистері:
Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіші және олардың гигиеналық маңызы. Топырақтың санитарлық жағдайы - бұл топырақтың эпидемиологиялық және химиялық қауіпсіздігінің қатынасын анықтайтын физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Топырақтың санитарлық жағдайын, оның ластану деңгейін, халық денсаулығына қауіптілігін бағалау, лабораториялық зерттеу қорытындысына негізделеді: санитарлық-физикалық, санитарлық-химиялық, физико-химиялық, санитарлық-микробиологиялық, гельминтологиялық, энтомологиялық немесе радиометриялық. Топырақтың сапасын анықтауға мүмкіндік беретін критерийлер жиынтығын топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіші деп атайды.
Топырақтың санитарлық жағдайының барлық көрсеткіштерін тура және жанама деп бөлуге болады. Лабораториялық зерттеудің тікелей көрсеткіші бойынша топырақтың ластану деңгейі немесе тұрғынның денсаулығына қауіпсіздік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Жанама көрсеткіштер арқылы топырақтың бұрыннан және әлі күнге дейін ластанғаны туралы қорытынды шығаруға болады.
Топырақтың эпидемиологиялық қауіпсіздігінің көптеген санитарлық-химиялық көрсеткіштері жанама болып табылады. Топырақтың қауіптілігі мен ластану деңгейін бағалау тек Хлебниковтың санитарлық санының көлеміне байланысты болуы мүмкін. Егер топырақ таза болса, онда Хлебников саны 0,98-1-ге тең. Зерттеу үшін топырақтың өзге санитарлық-химиялық көрсеткіштерін ластанбаған таза топырақтың көрсеткіштерімен салыстыра отырып бағалайды.
Жаңадан ластанған топырақты зерттеу топырақты бақылауға қарағанда, оның құрамында органикалық азоттардың, көміртегілердің, хлоридтердің, қышқылдылығының жоғары екендігін көрсетеді. Құрамында аммиак, нитрит немесе нитраттың жоғары болуы топырақтың азотты органикалық заттардан өздігінен тазару процесін көрсетеді. Зерттейтін топырақта жалпы органикалық азот, көміртегі және қышқылдылығының жоғары болуы, бақылау топырағындағы аммиак нитрит және нитраттармен бірдей көлемде болса, онда ол топырақтың жаңадан ластанғандығын және минералдану процесінің топырақтанғандығын білдіреді.
Егер сынау аймағының топырағындағы органикалық азот және көміртегінің жалпы мөлшері бақылау аймағының топырағының құрамында жоғарыламайтын болса, онда зерттелетін топырақты таза деп бағалайды. Мұндай топырақта нитраттар мен хлоридтардың жоғары мөлшерде болуы бұрыннан ластанған және органикалық заттардың минералдану рпоцесінің аяқталғанын білдіреді.
Эпидемиологиялық қауіпсіздіктің санитарлық-микробиологиялық, гельминтологиялық немесе энтологиялық көрсеткіштердің санитарлық-химиялық көрсеткіштерінің айырмашылығы тура болып табылады, яғни топырақтың қауіпсіздігі мен ластануының деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Одан басқа бұл көрсеткіштер арқылы бұрын ластанғанын да анықтауға болады. Сонымен топырақтың жаңадан ластануына микробиологиялар санының және өмір сүруге қабілетті толық қалыптаспаған гельминтациялық жұмыртқалар санының өсуі, поли-титр немесе перфингенститрлердің азаюы тән. Қалыпты бітпеген аскарида жұмыртқаларының және клостридиялардың түрлерінің болуы топырақтың бұрыннан ластанғанын көрсетеді. Топырақ анализі-бұл санитарлық зерттеулер мен лабораториялық анализ қорытындыларының негізінде топырақтың ластану деңгейі және оның адам денсаулығына қауіпсіздігі туралы гигиеналық қорытынды беру.
Топыраққа санитарлық баға беру мақсатымен қорытынды жасағанда схема бойынша келесі 6 күнді қарастырады.
1-ші кезеңде дәрігер тапсырманы және оның мақсатын анықтайды. Тұрғындардағы жаңа жер тілімдерін беру кезінде мемлекеттік санитарлық бақылауды жүзеге асырғанда, дәрігер табиғи топырақтың санитарлық жағдайына гигиеналық баға беру керек. Ағымдағы мемлекеттік санитарлық бақылау кезінде тұрғын және қоғамдық құрылыстың, балалар мен спорт алаңшаларының, жер учаскесінің жасанды топырағының санитарлық жағдайын бақылау керек. Жағымсыз эпидемиялық жағдай болғанда, топырақ патогенді микроорганизмдердің таралу факторлары бола ма, жоқ соны анықтау керек.
Кейде жіті және созылмалы улануларды анықтай отырып, топырақтың, топырақтың улы химиялық заттармен (пластициң, ауыл металдардан т.б.) ластану деңгейін анықтау қажет. Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру, канализация құрылысын тазалауды, ағымды санитарлық бақылау негізінде қала территорияларын тұрмыстық қалдықтардан санитарлық тазалаудың тиімділігіне баға беруді де топырақтың санитарлық жағдайы оқытады.
2-ші кезеңде қойылған тапсырмаға байланысты дәрігер зерттеуледің көлемін анықтайды. Жаңа тұрғындар пунктінің жер учаскелерінің табиғи топырағының санитарлық жағдайына гигиеналық жағдайына баға беру үшін, толық санитарлық анализ жүгізілуі керек, яғни барлық көрсеткіштер бойынша:Санитарлық физикалық, физико-химиялық, химиялық, эпидемиологиялық, радиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері (механикалық құрамын анықтау, абсолюттік және) гигроскопиялық ылғалдылықты жалпы органикалық азот, Хлебниковтың санитарлық саны, аммиак, нитриттер мен нитраттар, көміртегі хлоридтер, топырақ қышқылдарын микроэлементтерді, зиянды химиялық заттарды, соның ішінде лестицидтердің қалдық көлемін, ауыр металдар мен мышьяктардың концепциясы, концерогенді және радиоактивті заттар, микробиологиялық сан, ішек таяқшалары саны, анаэробтар саны, шыбын дернәсілі т. б.)
Тұрғындар пунктерінің жасанды топырағының санитарлық жағдайына гигиеналық баға беру үшін санитарлық анализдердің қысқа схемасыбойынша зерттеу жүргізіледі: абсолютті және гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау. Хлебниковтың санитарлық саны, хлоридтер, топырақ қышқылдарын микроб санын, ішек таяқшалар тобын, анаэроб-р титрін гельминт жұмыртқаларының санын, шыбындар санын. Жағымсыз эпидемиологиялық жағдайда толық және қысқа санитарлық анализдерінде топырақтардағы патогенді бактериялар мен вирустардың бар-жоғына зерттеу жүргізу қажет.
Жіті және созылмалы улануларды таба отырып, топырақтардың улы химиялық заттармен ластану деңгейін анықтау үшін механикалық құрамын, абсолютті немесе гигроскопиялық ылғалдылықты, топырақтардағы зиянды заттардың (пестицид, ауыр металдар, мышьяк т.б.) анықтау жеткілікті.
Іркінді суларды, қатты және сұйық өндірістік қалдықтарды тазалау мен залалсыздандыру жұмыстың тиімділігін бағалау үшін поли-титр және ильминттердің жұмыртқалар санын анықтау жеткілікті.
3-ші этапта берілген материалдардың толықтығын тексереді. Яғни санитарлық тексеру барын бақылайды.(санитарлық-тепографиялық, санитарлық-эпидемиологиялық) топырақ сынамасын алу. Схемасы, анализге дайындау әдісін, анализдердің орындалу мерзімін, сынамалардың, сақталу жағдайын бағалайды., зерттеу бағдарламасына сәйкес топырақтардың лабораториялық анализ қоытындыларының бар екенін бақылайды.
Санитарлық зерттеу мәліметтері жер учаскесінің санитарлық-топографиялық белгілерін (жергілікті релыф , грунт суларының деңгейі мен ағу бағыты, учаске көлемі, топырақ белгілері, көгалдану деңгейі, ластанушы көздердің орналасуы) санитарлық-техникалық белгілер, яғни топырақтың ластану деңгейіне әсер ететін )объектілер тізімі оның топырақ санына әсер ету мүмкіндігі, ластану белгілері және оның ұзақтығы, ластану механизмі), санитарлық-эпидемиологиялық жағдай белгілерін (тұрғындардың және үй жануарларының аурушаңдығы, топырақпен шектес ортаның ластануы туралы лабораториялық мәліметтер) құрауы керек.
4-ші кезеңде санитарлық тексеру мәліметтерін талдайды:
а)жердің санитарлық-топографиялық белгілері.
б)объектілердің санитарлық-техникалық белгілері.
в)санитарлық-эпидемиологиялық жағдай.
Санитарлық зерттеу мәліметі бойынша топырақтың потенциалды ластану көзі жайлы шешім шығаруға ластануының орналасу орны және таралу жолдары жайлы яғни топырақтың ластануына негіз бар-жоқтығы немесе жұқпалы ауруларды тарату факторы бола ала ма ,жоқ па соны анықтауа болады.Санитарлық тексеру мәліметі негізінде дәрігер зерттейтін жер учаскесінің сапалы белгілерінен алған қорытынды жасайды.
5-этапта көрсетілген зерттеу бағанасы бойынша топырақтың барлық көрсеткіштерінің лаборанттардың анализ қортындыларын бағалайды:санитарлық-физикалық, физика-химиялық, эпидемиологиялық радиологиялық қауіпсіздік көрсетіледі.
Жанама көрсеткіштер жолымен зерттелетін аймақты бақылау (таза) аймақпен салыстыру бұрыннан және әлі күнге дейін ластанғаны туралы қорытынды жасайды. Тура көрсеткіштер топырақтың санитарлық жағдайын бағалау шамасын жетекшілікке ала отырып, топырақтың ластану деңгейін және тұрғындар ден-на қауіптілік деңгейін бағалайды
6-шы кезең. Санитарлық зерттеулер мен лабораториялық анализ қорытындыларын негізге ала отырып, дәрігер топырақтың санитарлық жағдайы, оның ластануы деңгейі, тұрғындар денсаулығына қауіптілігі туралы жалпы қорытынды жасайды.
Алдағы уақытта топырақтың санитарлық жағдайының төмендеп кетпеуінің алдын алу және оны жақсарту шараларын жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет