Физика және метафизика
«Физика - табиғи денелердің қайсысы жағдайға қарай анық болмыс екенін анықтай отырып, табиғи денелерді зерттейді; ол әр табиғи денеде оның нысаны мен субстанциясын, оның жаратушысы мен осы дененің, сондай-ақ, оның акциденциясының бар болу мақсатын зерттейді, - дейді әл-Фараби. Физика олардың мәнін; олардың ішінде әрекет ететін заттарды; бұл акциденциялардың әрекет ету мақсатын зерттейді. Бұл ғылым табиғи денелердің негіздері мен олардың акциденцияларының негіздерін береді» Жалпы тарихта Фарабиді физик деп те атауға болады. Алайда бұған дәлел болатын еңбектері жоқтың қасы. Кейбіреулері жоғалып кеткен. Ең бір ауыз толтырып айтатынымыз Вакуум деген туындысы. Аталмыш шығармада кеңістік мәселесі, оның материямен тығыз байланысы яки кеңістік пен материяның сабақтастығы болмаса бейтараптығы ұғымына байланысты бостық немесе вакуум мәселесі туындаған. «Табиғат бостықтан қорқады, сондықтан бостық жоқ» деген ежелгі даналардың ұғымын философиялық тұрғыда зерттейді, Демокрит пен Аристотель зерттеулеріне иек артады. Демокрит атомдар өмір сүретін бос кеңістік бар десе, Аристотель табиғатта вакуум жоқ деген қағиданы ұсынған. Бұл мәселе біраз ойшылдардың дау-дамайына ұшырап, ақыр соңында мутакаллимдер яғни діншіл философтар вакуум бар деп болжаса, Әбу Наср Аристотель пайымымен үндес болып келетін, бостық жоқ деген өзінің шебер мұратын алға тартады. Вакуум деген трактатында осы мәселелер жан-жақты қарастырылып, «материядан мүлдем бос кеңістік, яғни абсолют бостық жоқ, бірақ ол материяның жаратылысы бізге белгісіз дейді. Тағы бір пікірі, «ол салыстырмалы түрде бостықтың болуы мүмкін екенін аңғартады, бірақ ол шын мәніндегі абсолют бостық емес, ауасы сиретілген кеңістік дегенді дәлелдейді.Фараби ең алдымен барлық мәселелерді кең қарастырып, талдау жасап көреді. Мысалы, олар тесігі симметриялы имек ыдысты төмен қаратып суға төңкереді де, қайта көтереді, бұл кезде ыдысқа су кірмейді. Өйткені бұл кезде ауа бар, бостық жоқ, сондықтан да су кірмейді. Ал ыдыстың ауасын сорып алып, суға төңкерсе ыдыс суға толады. Олай болса, сорылып алынған ауаның орны абсолют бос қалады, ендеше вакуум бер деп қорытынды шығарады [30. 83]. Қалай десек те бұл зерттеудің барлығы физикада үлкен алға жылжу болды, ғылым мен техниканың ілгері басуына ықпалын тигізеді.
Жаратылыстану ғылымы сегіз тармақтан тұрады:
-барша табиғаттың негіздерін зерттеу;
-жай денелер, сондай-ақ күрделі денелердің элементтері мен бөліктерін зерттеу;
-табиғи денелердің пайда болуы мен жойылуын зерттеу;
-элементтердің қасиеттерін зерттеу;
-күрделі денелерді, әр түрлі бөліктерінің сипаты мен бірігу әдісін зерттеу;
-күрделі денелерді бірыңғай бөліктермен не бірлестіретінін зерттеу /мысалы минералдар/;
-өсімдіктерді, олардың жалпы қасиеттерін, сондай-ақ, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін зерттеу;
-жан-жануарларды, олардың жалпы қасиеттерін, түрлерін, олардың әрқайсысының рухани күші мен ерекшеліктерін зерттеу.
Ал қасиетті ғылымды ойшыл үш тармаққа бөледі:
-бірінші тармақ бар нәрселер мен заттарды зерттейді, өйткені олар бар болып табылады;
-екінші тармақ әрқайсысы ерекше мәні бар нәрсені қарастыру үшін бөлінетін жеке теориялық ғылымдардың дәлелдерінің негіздерін зерттейді;
-үшінші тармақ дененің мәні емес және денесі жоқ материалдық емес нәрселерді зерттейді.
Метафизика – Құдайды тану туралы және оны Жаратқанның тануы туралы ғылым. "Бәле жаладан аман сақтаушы, жарылқаушыға шүкіршілік!" - деген сияқты сөздермен Құдайды мадақтау - әл-Фарабидің дағдылы лебіз білдіру рәсімі ғана емес, сонымен қатар философиялық ой-пікірді дамытуға септігін тигізетін діни теологиялық форма еді. Демек, негізінен алғанда, әл-Фарабидің философиялық ілімі идеализм болып табылады. Әлемді жаратқан Құдай деп білетін теологиялық түсінікке сүйенеді. Бірақ бұл едәуір өңделген ілім, өйткені бұның өзі дербес ой толғауының өзегі, догма мен нанымға емес, парасатқа сүйенген философияның өзегі болып отыр. Ортодокстар дін мәселелері жайындағы еркін зерттеу атаулының, дінге қатыстыға салынушылық атаулының "күпірлігін" мейлінше қатты сезінген, әсіресе әл-Фараби философиясына қарсы қатты шүйліккен. Бұлай болатын себебі, Усейбианың тауып айтқанындай, әл-Фарабидің философиялық жүйесінің "жұмбақ жерлері" көп, ал бұлардың сыры ойшылдың өзі қайтыс болғаннан кейін ғана ашылады да, қазіргі терминология бойынша материалистік тенденциялар екені, яғни идеализм мен материализм арасында ауытқып, материализмге бейімделе бастағаны танылады. Біз өткен дәуірлердің мәдени мұрасын игеру туралы айтқанда, рухани мәдениеттің феномендерін игеру талдау үрдісінен тыс өмір сүрмейтінін біз білуіміз керек»
Әл-Фарабидің қасиетті ғылымға берген анықтамалары өздерінің рационалистік тұжырымдамасын Құдай туралы едәуір шынайы ілім деп білген. Шығыс перипатетиктерінің айқын теологиялық талаптарының куәсі екені анық. Әл-Фараби, Аристотельдің пайымдауынша, діни ілім ғылымы метафизикаға қарайды, ол белгілі мағынада осы ғылымның синонимі болып табылады деп есептейді. Өйткені олардың екеуі де Құдай туралы білім болып табылады, олардың көбісі шынымен бір-біріне сәйкес келеді, дегенмен философиялық әдістің теологиялық әдістен айырмашылығы: дінге немесе жалпы мүддеге ұласудағы білімге маңызды орын беруінде [20. 31]. «Аристотель сияқты әл-Фараби де метафизиканың бір бөлімі материалдык емес нәрселерді зерттеуі керек деп санайды. Метафизика "одан бұрын болуы мүмкін емес бастауды, одан бұрын ертенің де, көненің де болуы мүмкін емес" бастауды зерттеп, түсіндіреді. Бұл - Біртұтас, ол Алғашқы, ол ең ежелгі және абсолютті жалғыз... Одан әрі (метафизика) осы қасиеттерге иенің, кімге сенуге болатынның Аллаһ екенін түсіндіреді! ...Одан әрі ол Аллаһта (даңқы Оның арта берсін!), Оның іс-әрекетінде, Ол жаратқан нақты нәрселерде кемшілік бар деген кері пікірлерді теріске шығарады. Ол осының бәрін ақиқат ғылымды түсіндіретін дәлелдер арқылы теріске шығарады, онда адам күмәннан тазарады және одан абсолютті тайынбайды. Бұл жерде әл-Фараби Аллаһтың бар екенін, оның әлемнің себебі екенін мойындайды, бірақ соқыр сенімді мойындамайды, ол соқыр сенімді, күмәнсіз сенімді мадақтаған догмалық теологтарға қарсы шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |