Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Педагогика факультеті
Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Факультет деканы
____________Жусупова Ж.А.
«____ »___________ 2022 ж.
Пән бағдарламасы (SYLLABUS)
БП ТК ZhOA 3214 Жаратылыстануды оқыту әдістемесі
_8.1.Модуль- Цифрлық ресурстар және қалыптастыру әдістемесі_
ББ шифры мен атауы
|
6В01300- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
|
Курс/семестр
|
3 / 2 (3), 3(3)
|
Кредит саны (сағат саны)
|
5 (150)
|
-дәрістер
|
15
|
-практикалық сабақтар
|
30
|
-зертханалық сабақтар
|
-
|
-БОӨЖ/БӨЖ
|
25/80
|
Аралық бақылау (емтихан) формасы
|
ауызша
|
Ақтөбе, 2022 ж.
Студентке арналған пән бағдарламасы (SYLLABUS) БП ТК ZhOA 3214 Жаратылыстануды оқыту әдістемесі (оқу бағдарламасы* «___»______ 20____ ж.) негізінде құрастырылды.
Құрастырушылар:
1. Пән оқытушысы: ________ аға оқытушы Кенжебекова Н.Ә.
Кафедра мәжілісінде қарастырылды
№ хаттама, «_____» ____ 20___ж.
Кафеда меңгерушісі ________ Бахтиярова Г.Р.
Факультеттің Әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданды
№ хаттама, «_____» ________20___ж.
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Оқытушысы: аға оқытушы Кенжебекова Н.Ә. электронды пошта Shahonya.14@mail.ru ID 6157027769
Кабинет Педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасы №408
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Жаратылыстану пәнінің бастауыш мектепте оқу пәні ретінде даму тарихы. 18 ғасырда жаратылыстанудың дамуы. 19 ғасырда жаратылыстанудың дамуы. 20 ғасырда жаратылыстанудың дамуы.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқытуды ұйымдастыру формалары. Оқу -тәрбие үрдісі. Жаратылыстану пәнін оқыту барысында қолданылатын педагогикалық ұстанымдар: дамыта оқыту, модельді оқыту, проблемалық оқыту, т.б. Жаратылыстану пәнін оқытудың ғылыми және тәрбиелік мәні, оқушылардың дүниені танып-білуіне, әлемді ғылыми тұрғыдан түсінуіне ықпалы. Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқытудың формасы –сабақ.Сабаққа қойылатын талаптар. Экскурсия табиғат құбылыстарын меңгеру мен бақылаудың формасы ретінде.Жаратылыстану пәнін оқытуда орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар құру. Қысқа мерзімді жоспарды әзірлеу (сабақ жоспары).«Жаратылыстану» пәнін оқытудың сабақтан тыс формасы. Жаратылыстану пәнін оқыту әдістері. Жаратылыстану пәнін оқытудың ғылыми негіздері.
Қалыптастырушы бағалау, оның маңызы. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және
қалыптастыру критерийі. Кері байланыс.
Оқыту мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |