Пайдаланылған әдебиет: Ахтаева Н.С. Басқару психологиясы: оқу құралы / Н.С. Ахтаева, А.И. Абдигапбарова, З.Н. Бекбаева. – Алматы: Бастау, 2009.
7-апта МОӨЖ. А.Ақжанова
Жоспарлау қызметі, принциптері Жоспарлау ұғымы «кең» және «тар» деп белгіленетін екі негізгі мәнге ие. Жоспарлау қызметі кең тұжырымда бірқатар мақсат қоюды, болжауды, атқаруды ұйымдастыруды, т.б. басқарады. Жоспарлау барлық қызметтерді, бүкіл басқаруға тұтастай ұйымдастырудың қажетті дәрежесін бере отырып, бірлесе ұйымдастырады. Стратегиялық жоспарлаудың, яғни басқару іс-әрекетін ұйымдастыруға перспективалы қазіргі тұрғыдан жоспарлаудың кең тұжырымы жатқызылған.
Жоспарлаудың тар мәні – бұл болжау мен атқаруды ұйымдастыру кезеңдерінің арасындағы басқару циклының кезеңі. Осы тұжырымдар бірін-бірі толықтырып отырады. Жоспарлаудың мәні мен оның ұйым және бөлімшелері мүшелерінің жеке күш-жігерлерін, қойылған мақсаттарға жету үшін келістіріп көмектеседі. Бұл келісімнің екі негізгі аспектісі бар: мазмұн және уақыт бойынша жоспарлау. Атқарушылардың нақты нені, қашан және қандай тізбекте орындайтынын анықтау ұйымның іс-әрекетіне тұтастық және үйлестірілген сипат береді. Жоспарлау қызметі негізгі үш компоненттен тұрады:
– жетекшінің жоспарлау жөніндегі жеке іс-әрекеті;
– мамандандырылған бөлімшелердің жоспарлау жөніндегі іс-әрекеті;
– жетекшінің жоспарлы бөлімшелерімен өзара іс-әрекеті және олардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
Жоспарлау процесінің құрылымы Стратегиялық (гр. strategos – генерал өнері) жоспарлаудың, яғни жоспарларды жасау мен жүзеге асырудың кеңейтілген нұсқасының бірқатар негізгі кезеңдері бар:
1) ұйым миссиясын анықтау;
2) ұйымның миссияны нақтылайтын мақсаттарын тұжырымдау;
3) сыртқы ортаны талдау;
4) ұйымішілік диагностика (басқаруда ұйымның ішкі күшті және әлсіз жақтарын зерттеу);
5) стратегиялық баламаларды қарастыру;
6) стратегияны таңдау;
7) стратегияны жүзеге асыру;
8) стратегияны жүзеге асыру тиімділігін бақылау және бағалау.
Стратегиялық баламалардың келесідей төрт негізгі типі атап көрсетіледі: шектеулі өсу, өсу, қысқару стратегиялары және дамудың құрама стратегиясы. Стратегиялық жоспарлаудың жалпы үдерісінің соңғы үш кезеңі (стратегияны таңдау, жүзеге асыру және оның тиімділігін бағалау) көбінесе басқарудың басқа үш қызметіне: шешім қабылдауға, басқаруды ұйымдастыруға, бағалау мен бақылауға ұқсас.