Пән: Басқару психологиясы Орындаған: Ақжанова А



бет17/17
Дата22.11.2022
өлшемі111,2 Kb.
#51662
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 50. Коноваленко В.А. Психология управления персоналом: учебник / В.А. Коноваленко, М.Ю. Коноваленко, А.А. Соломатин. – Люберцы: Юрайт, 2016. – 477 51 б.

  2. Королев Л.М. Психология управления: учеб. пособие / Л.М. Королев. – М.: ИТК «Дашков и К», 2016. – 188 б.

Жетекшінің интеллектуалдық сапаларының өзіндік ерекшелігі
Жалпы адами оң сапалардың барлығы, соның ішінде интеллектуалдық та, жетекші іс-әрекеті үшін пайдалы. Олардың қайсысы басқару іс-әрекеті үшін әлдеқайда ерекше? Бұл сұраққа жауап когнитивтік процесс құрылымы және интеллект түзілуі туралы қазіргі түсініктермен анықталады.
«Интеллект» ұғымы адамның жеке және жалпытанымдық қабілеттерінің барлығының интеграциясы ретінде анықталады. Жеке танымдық қабілеттер нақты психикалық процестермен: қабылдаумен, еспен, ойлаумен, т.б. байланысқан, ал жалпы қабілеттер бұл процестердің тұтастай қызметтерін сипаттайды. Интеллектуалдық қабілеттер өздерінің кешенді байқалуында басқа жалпы қабілеттермен, яғни креативтілікпен, оқуға бейімділікпен, өзін реттеумен, белсенділікпен ажырамастай байланыста болады.
Жетекшінің интеллектуалдық іс-әрекеті соның тақырыбы бойынша өзіндік жағдайларында («әлеуметтік объектілер» жиынтығы) және қатаңдық дәрежесі – жауапкершілік, талаптар режимі, т.б. бойынша ашылады. Бұл жетекші көзқарасының бастапқы прагматикалылығын анықтайды; алдыңғы бірінші қатарға интеллектінің практикалық компоненттері шығарылады.
Жетекшінің объект және іс-әрекет жағдайлары ықпалында болатын интеллектінің практикалық-әлеуметтік сипаты бар, сондықтан оның жеке және жалпы қасиеттері белгілі бір өзіндік ерекшелік алады. Жекеленген психикалық процестердің өзіне тән ерекшеліктері бір мезгілде жетекші интеллектінің жеке танымдық қабілеттері тұрғысындағы өзіндік сипаттамалары болып табылады. Сондықтан олар жетекшінің интеллектуалдық сапаларының санаттары ретінде болады. Әрбір процесс басқару іс-әрекеті үшін өзіндік сипат пен психологиялық ерекшеліктерге ие болады [19, 20, 22].
Қабылдаудың басты ерекшелігі, оның басқару іс-әрекетіндегі жетекші типі – әлеуметтік перцепция, тұлғааралық қабылдау процестері. Олар бағалаулық, өзін бағалаулық, рефлексивтік, түсіндірме-интерпретациялық, экспрессивтік операцияларға қаныққан, сондықтан қабылдау шеңберінен алысқа кетеді. Тұлғааралық қабылдау машықтарын жетілдіру негізінде жетекшінің өзіндік тұлғалық сапалары, оның интеллектуалдық қабілеті – психологиялық сезімталдық жетіледі. Ол басқару іс-әрекеті үшін аса маңызды.
Ес процесінде табысты басқаруды қамтамасыз етуде оның екі негізгі типіне – оперативті және ұзақ мерзімдік еске айрықша орын беріледі. Оперативті ес процесінен басқару іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі олардың айрықша сапасын – жұмылдыру дайындығының қасиеттерін талап етеді. Ұзақ мерзімдік ес ресурстарын қолдана отырып, басқару іс-әрекеті жетекшінің кәсіби тәжірибесін қалыптастырады. Оның толықтығы, байлығы – бұлар да интеллектуалдық іс-әрекеттің өзіне тән реттеуіші және жетекшінің маңызды сапасы болып табылады. Осыған ұқсас заңдылық ойлау процесі үшін де бар. Басқару іс-әрекеті өзгешелігінің ықпалымен оның жалпы ерекшеліктері практикалық ойлау формасында болады.
Практикалық ойлау процесінің кез келген ерекшелігінің негізінде қандай-да бір интеллектуалдық қабілет, яғни болжамдық, рефлексивтілік, жүйелілік, айрықшалық, т.б. бар. Жетекші интеллекті жеке танымдық қабілеттермен қатар, жинақталған қасиеттер мен байқалымдарға ие, бұлар оның арнайы және жеке қабілеттерінің деңгейін анықтайды.
Практикалық-әлеуметтік интеллект құрылымында вербальдық интеллект үстем орын алады. Ол жинақталған қасиеттерге және оған тән байқалымдарға ие. Интеллектің абстрактілік, бейресми материалдармен жұмыс істеуіне вербальдық құраушының бағытталу сипаты оның вербальдық интеллектіге қатысты бағыныңқы орнын шарттандырады. Жетекші іс-әрекетінде осыған ұқсас себептермен салыстырмалы түрде үлкен жүктеме конвергенттік ойлануға түседі (Дж. Гилфорд), өйткені бұл тип дивергенттік қабілеттерді талап ететін теориялыққа қарағанда, практикалық міндеттерге көбірек сай келеді.
Басқару іс-әрекетіне қатысты «байланған» интеллект факторы «еркінге» қарағанда әлдеқайда маңызды болып көрінеді, өйткені ол жетекшінің кәсіби тәжірибесі мен оның қалыптасуының негізі ретінде тікелей қатынаста болады. Басқару іс-әрекетін ұйымдастыруда метакогнитивтік хабарланудың (ақпараттанудың) интеллектуалдық қасиетінің мәні зор, ол өзін қабылдаудан және өз интеллектінің күшті жақтарын пайдаланудан, сондай-ақ оның әлсіз жақтарын жасыра білу шеберлігінен тұрады. Бұл – жоғары өнімді интеллектуалдық ісәрекеттің негізгі механизмі. Ол дегенмен жетекші іс-әрекетіне қатысты айрықша болады:
1. Ол жетекші интеллектінің күшті және әлсіз жақтарын байқататын басқару іс-әрекетінің күрделі әрі қатаң шарттарына байланысты әлдеқайда айқын бола түседі.
2. Өзінің «плюстері» мен «минустарын» есепке алу тұлғалық ерекшеліктерге сай келетін іс-әрекет стилі қалыптасуының басты себебі болып табылады.
3. Жетекшінің басты «шаруасы» – оның имиджі, беделі. Сондықтан да метакогнитивтік ақпараттану жетекшінің сыртқы мінезінің реттеуіші бола түседі: қол астындағыларға әсер етудің «күшті жақтарға» сүйенетін және оларды атап көрсететін әдістері таңдап алынады.
Ашық танымдық көзқарас (позиция) – жетекші іс-әрекеті үшін өзіне тән болатын тағы бір жинақталған интеллектуалдық сапа. Соған оның мінез-құлқының негізгі ерекшеліктері және «жаңаға деген сезімталдық», «көзқарасын өзгертуге дайындық», т.с.с. сапалар негізделеді. Бұл сапалар – жетекші іс-әрекетіндегі креативтілік пен өзін-өзі оқытушылықтың байқалуы үшін қажетті шарт. Сондай-ақ басқару іс-әрекетіндегі интеллектуалдық стильдің байқалуы да өзіндік болады. Негізгі стильдер – атқарушылық, заңнамалық, бағалаушылық – жетекші іс-әрекетінің кешенді сипатына толық жауап бермейді. Құрама интеллектуалдық стиль ол үшін ең оңтайлы болып табылады.
Негізгі интеллектуалдық дарындылық типтері арасынан екеуі – «біліктілер» және «ақылдылар» барынша айқын көрінеді, олар басқару іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігіне көбірек сай келеді. Интеллект тұлғаның жалпы қабілеттерінің тұтастық құрылымына, өзіне олардың әсерін сезіне және іс-әрекетте байқалу ерекшелігін ала отырып кіретіндіктен, оның оқытымдылық сияқты жалпы қабілетпен байланысы өте маңызды. Жетекшінің интеллектуалдық іс-әрекетінде креативтілік сияқты жалпы қабілеттің байқалуы көптүрлі және өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл «іске шығармашылық қатынас», «басқарудың күнделікті психологиясы» ұғымдарында көрініс тапты. Психологиялық тұрғыдан алғанда, бұл қабілеттің басқару ісәрекетіне ықпалының бірқатар негізгі бағыттары бар:
1. Креативтілікке жетекшінің «проблеманы көре білу шеберлігі» сияқты маңызды сапасы негізделеді, бұл тиімді басқарудың аса маңызды факторы болып табылады.
2. Креативтілік рөлі қол астындағылар алдында жаңа мәселелерді тұжырымдау функциясын іске асыруда әлдеқайда айқындала түседі.
3. Креативтілік қазір бар проблеманы шешу кезінде де байқалады. Жетекші проблеманы шешудің дәстүрлі емес түрін ұсына білуге тиіс, бұл оның кәсіби және әлеуметтік беделін арттырады.
4. Креативтілік басқару іс-әрекетінде негізгілердің бірі болып табылатын инновациялық функцияны іске асыру үшін ерекше мәнге ие.
5. Креативтілік сараптық-консультативтік функцияны іске асыру үшін де қажет. Басқару іс-әрекетін ұйымдастыруда өзін реттеуге деген қабілеттілік осыған ұқсас рөл атқарады. Бұл жалпы қабілет басқарудың басты функцияларының іске асуына ықпал ететін әлдеқайда жеке тұлғалық қасиеттердің белгілі бір симптомды кешені үшін негіз болады:
1. Еркін өзіндік реттелу практикалық ойлаудың негізгі операциялары мен қасиеттерінен (жоспарлау, болжау, бақылау, бағалау) көрінеді.
2. Өзіндік реттелу ойлаудың сынамдылығын – жетекшінің интеллектуалдық іс-әрекетінің маңызды сапасын қамтамасыз етеді.
3. Өзіндік реттелуге қабілеттілік өзінің интеллектуалдық және басқа да ресурстарын ең жоғары түрде басқаруға мүмкіндік береді.
4. Өзіндік реттелу негізінде өзінің күйін басқаруға және оны бақылауға болады, бұл жетекші жұмысында өте маңызды. Бұл қасиет сондай-ақ сыртқы теріс әсерлерге стрестік тұрақтылық факторларының бірі болып табылады.
Рефлексивтілік тұлғаның жалпы қабілеті ретінде жетекшінің іс-әрекетінде спецификалық түрде байқалады. Ол интеллектуалдық функциялар өзіндік түр береді. Бұл қабілеттер – рефлексивтік басқару механизмдері үшін психологиялық негіз. «Басқарушы» «басқарылатынның» белгілі жағдайда өзін оның өзі сияқты, яғни дұрыс алып жүреді деп есептейді. Психологияда, нәтижесінде, мінез-құлыққа жаңа интеллектуалдық операциялар қосылатын «рефлексивтік үзіліс» ұғымы бар. Интеллектуалдық жетілудің маңызды дәлелі – үзіліс сақтай білу шеберлігі. Басқару іс-әрекеті жетекшінің интеллектуалдық қабілеттеріне қарама-қарсы талаптар да – ақпаратты қайта өңдеу жылдамдығының, оның өзектілігін арттырудың, оқиғаға әсер ету және шешім қабылдау жылдамдығының қажеттілігін де ұсынады.
«Жылдамдық факторына» тағы да бір жалпы қасиет – жалпы белсенділік те байланысты. Оның психологиялық негізі – жүйке жүйесінің, мидың нейрофизиологиялық құрылымының және бүкіл ағзаның тұтастай ерекшеліктеріне тәуелді жалпы белсенділігінің белгілі бір деңгейі. Интеллектуалдық белсенділікке басқарудың тілдесулік, доминанттық, іскерлік, жетістікке деген ұмтылыс т.с.с. маңызды қасиеттерінің даму деңгейі байланысты болады. Басқару психологиясында «қоғамдық энергиялылық» ұғымымен жетекшінің белсенділігінің жалпы қасиетінің туындысы, сапаларының симптомдық кешенін белгілейді.
Жетекші үшін маңызды қасиет – айқынсыздыққа төзімділік (толеранттылық). Оның психологиялық құрылымы күрделі және негізгі үш компоненттен тұрады:
1. Айқынсыздықты когнитивтік өтеу қабілеті (жетіспейтін ақпаратты толықтыру).
2. Айқынсыздық жағдайын психологиялық жарақаттау емес, қиын болса да қатардағы ретінде қабылдау.
3. Жеке тұлғалық сапалар кешені: экстраваганттылық, көңілкүй тұрақтылығы, интернальдік т.б. Тұрақтылық және айқынсыздыққа бейімділік қасиеттері бірбіріне тәуелсіз. Бұл қасиеттердің көрініс табу шамаларының сабақтасуына қарай жетекші тұлғасының типологиясы қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет