Пән: Басқару психологиясы Орындаған: Ақжанова А



бет12/17
Дата22.11.2022
өлшемі111,2 Kb.
#51662
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
БП МӨЖ МОӨЖ

Жоспарлаудың принциптері
Іс-әрекет стратегиясы түрлі көрсеткіштер бойынша жіктеледі. Басты жүктеме екі маңызды: процессуалдық және иерархиялық көрсеткіштердің сабақтасуына негізделген. Біріншісі жоспардың қандай да бір типінің жоспарлаудың аталған типтерінің олардың мәнділігі бойынша қатынасын ашып көрсетеді. Жоспарлаудың нәтижесі осы көрсеткіштердің туындысы болып табылады. Бұл жіктеме саясат, тактика, әдістер, процедуралар, іс-әрекет бағыты, ережелер мен бағдарлама сияқты ұғымдардан тұрады. Ұйым миссиясы, оның мақсаттары мен міндеттері ұғымымен бірге олар жоспарлаудың бүкіл процесінің «қаңқасын» түзіп, бір мезгілде оның иерархиясының негізгі деңгейлері болып табылады.
Басқару теориясында бірқатар жалпы ұйымдық принциптер бар, оларды оңтайлы жоспарлау қанағаттандыруға тиіс.
Шектеулі фактор принципі. Мақсаттары жетуді шектейтін факторлар жоспарлау кезінде неғұрлым көп ескерілетін болса, стратегиялық баламаларды таңдау соғұрлым негізделген және айқын болады.
Қабылданған міндеттер принципі. Ұтымды жоспарлауды жоспарлық міндеттемелерді орындауға қажетті уақыт кезеңімен шектеу керек.
Икемділік принципі. Әлдеқайда икемді жоспарлар кезінде шығындар ықтималдығы аз болады. Жоспарларға үлкен икемділік беру жоспарлау кезінде ескерілуі қажет қосымша шығындарды талап етеді.
«Навигациялық өзгерістер» принципі. Жетекші нақты оқиғаларды күтілудегілермен ауық-ауық салыстыруы және белгіленген мақсатқа табысты жылжуға арналған жоспарларды қайта қарастыруы керек.
Мақсатқа жетуге көмектесу принципі. Жоспарлардың басты мәселесі – ұйымның түпкілікті мақсаттарын қамтамасыз ету.
Жоспарлар тиімділігі принципі. Егер жоспарлау үдерісінің өзімен байланысты шығындар мен керегі жоқ зардаптарды ескеретін болса, мақсаттарға жетуге көбірек ықпал ететін жоспар әлдеқайда тиімді болып есептеледі.
Жоспарлаудың бастапқылық принципі. Барлық басқа қызметтердің орындалуының алдында қисынды түрде жоспарлау (кең мәнінде – стратегиялық ретінде) жүреді.
Жоспарлық болжаулар принципі. Бүкіл ұйым масштабында жоспарлау жеке жоспарлық болжаулардың барынша келісілуі кезінде әлдеқайда тиімді болады.
Құрылым, стратегия және саясат принципі. Ұйым жоспарларының құрылымы стратегия мен саясат неғұрлым түсінікті болса, соғұрлым тиімді болады.
Уақыт бойынша келісу принципі. Жоспарлар өндірістік бағдарламалардың уақыт бойынша келісілген желісін жасауға неғұрлым көп бағытталған болса, олар қойылған мақсаттарға қатысты соғұрлым нәтижелі болады.
Жоспарлаудың әртүрлі аспектілері жетекшінің психологиялық қасиеттеріне ықпал етеді. Сонымен қатар жоспарлау қызметінің жүзеге асуына жалпы психологиялық заңдылықтар да ықпал ете отырып, осы қарама-қарсы ықпалдар жоспарлау үдерісінің психологиялық мазмұны ретінде қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет