7.Орта ересектік кезең: продуктивтілік-инерттік. Ол 26-64 жас аралықты қамтиды. Мұнда продуктивтілік мәселесі ұрпақтарының жайлылығын ойлаумен ғана шектелмейді, оларды болашақ ұрпақтарының жұмысы мен өмір сүру ортасының мәселесі мазалайды. Сондай-ақ бұл кезеңде инерттілікті басып отыратын продуктивтілік қасиеті жақсы қамқорлықпен көрінеді.
8.Кеш ересектік немесе кәрілік кезең: эго-интеграция-өкініш. Бұл кезең 65 жастан өлген кезге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл саты адамның өмірінін аяқтайды. Бұл уақытта адам өзінің өмірлік шешімдерін қайта қарап, артқа қарайды, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы ойланады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1.Эриксонның теориясы Фрейдтің психоаналитикалық бағытын қалайша кеңейтіп ақастырады?
2.Эриксонның жасөспірімдік кезең дағдарысы «Меннің өзіндік дербес ұқсастығы-рөлдік жылжуы» ретінде суреттелуі мүмкін деген идеясымен келісесіз бе? Сіз өзіңіз осындай дағдарысты қандай деңгейде бастан кешірдіңіз? Олай болған жағдайда өміріңіздің басқа сферасына бұл қалай әсерін тигізді (карьера таңдау, ата-анамен қарым-қатынас, сүйіспеншілік қатынас)?
3.Мен-нің өзіндік ұқсасталуы өмір бойы жүретін күрес деген пікірімен келісесіз бе? Егер келісетін болсаңыз адам ерте балалық шақта жіне кәрілік кезде өзіндік ұқсастырылуының қандай қиыншылықтарымен кездесуі мүмкін?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Хьелл, Д.Зиглер. Теории личности СПб 2005 г.
2.Клонингер С. Терия личности, познание человека М – СПб 2003
3.Орлов А.Б. Психология личности и сущности человека: Парадигмы, проекции, практики М.2002.
№ 8 Дәріс
Тақырып: Эрик Фроммның гуманистік тұлға теориясы. Мазмұны: Эрих Фроммның өмір баяны.
Э.Фроммның әлеуметтік философиялық ойлары.
Дәріс мақсаты:гуманистік теориясының негізгі қағидаларын сипаттау, Скиннердің концепциялары мен принциптерін талдау.