Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде



бет2/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Тұлғаның бағыттылығы.Тұлғаға қатысты анықтамалардың барлығына қарамастан,барлық зерттеулерде негізгі сипаттама ретінде тұлғаның бағыттылығы негізгі болып келеді. Әр түрлі концепцияларда бұл әртүрліше көрініс табады:«динамикалық тенденция» (С.Л.Рубинштейн), мән-мағына беретін мотив (А.Н.Леонтьев), «басымдық көрсететін қарым-қатынас» (В.Н.Мясищев), «негізгі өмірлік бағыттылық» (Б.ГАнаньев), «адам күші мәнінің динамикалық ұйымдастырылуы» (А.С.Прангишвили). Ол тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттеу кезінде көрініс тауып отырады: қажеттіліктер, қызығушылықтар, бейімділіктер, мотивациялық сферасы, идеалдар, құндылық бағдар, сенімдері және т.б. Осылайша, бағыттылық тұлғаның психологиялық бейімділігін анықтайтын тұлғаның жүйе құраушы қасиеті ретінде орын алады.
Тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын,болып жатырған жағдайларға тәуелсіз тұрақты мотивтердің жиынтығы адам тұлғасының бағыттылығы деп аталады.Бағыттылық бір-бірімен байланысқан иерархиялық форманы кірістіреді: еліктеу, қалау, ұмтылыс, бейімділік, идеал, дүниетаным, сенім. Тұлға бағыттылығының барлық формалары оның іс-әрекетінің мотивтері болып табылады.Осы бағыттылықтардың әрбіреуіне қысқаша сипаттама берелік:
- еліктеу, бағыттылықтың ең примитивті (қарапайым) биологиялық формасы;
-қалау, белгілі-бір нәрсеге деген саналы түрдегі қажеттілік және еліктеудің туындауы;
-ұмтылыс, қалау сферасына ерік компоненті қосылған кезде туындайды;
-қызығушылық зат, нәрсеге деген бағытталудың танымдық формасы; қызығушылыққа ерік компонентін кірістірген кезде ол бейімділік болып шығады;
-бейімділіктің образда нақтыланған және заттандырылған мақсаты идеал деп аталады;
-дүниетаным,философиялық,эстетикалық,этикалық,жаратылыстану ғылыми және басқа да қоршаған ортаға деген көзқарас;
-сендіру бағыттылықтың жоғары формасы, өз дүинетанымы,принциптері көзқарасына сәйкесті әрекет етуге итермелейтін тұлға мотивтерінің жиынтығы.
Мотивтер қандай да бір деңгейде саналы немесе,мүлдем саналы түрде танылмаған болуы мүмкін.Тұлға бағыттылығының негізгі рөлі саналы мотивтерге жатады.
Адамға тән қайғыруға қарама-қарсы келетін күйзеліс,шаршау,езілуі фрустрация деп аталады.Ол адам өз мақсатына жету жолында мүлдем жеңе алмайтын барьер, кедергілерге кездескен кезде туындайды. К.К.Платоновтың концепциясына сәйкесті тұлғаның ең төмен деңгейіне-биологиялық шартталған құрылым,мұнда психиканың жыныстық,жастық қасиеттері,туа пайда болған жүйке жүйесі типі және темпераменті жатады.Келесі құрылым адамның жекелік психикалық процестерінің ерекшеліктерін құрайды яғни, туа пайда болған және жаттығу, даму, жетілу факторларынан тәуелді ес, қабылдау, түйсік, ойлау, қабілеттің жекелік көрініс табуы. Бұл құрылым оқу процесінде қалыптасып, әлеуметтік сипатқа ие болады.Тұлғаның жоғары деңгейі бағыттылығы болып табылады.
С.Л.Рубинштейн тұлғаның бойынан бағыттылық, қабілет, темперамент, мінез-құлық,өзіндік санын бөліп көрсетті.Ал, А.Н.Леонтьев бойынша, тұлға-бұл адамның әлеуметтік мәні, сондықтан, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер және білімі құрылымның құрамына кірмейді, ол тек осы түзілістің қалыптасуының шарты өз мәні бойынша әлеуметтік болып келеді деп көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет