Анима и анимус. Адам табиғаты бойынша қосжынысты мақұлық болып табылады. Ер адам тұлғасының фемининдік жағын және әйел адамның маскулиндік жағын Юнг архетиптермен түсіндіреді. Ер адамдағы фемининдік жағы анима, әйел адамдағы маскулиндік архетип анимус деп аталады.
Көлеңке архетипі жануар инстикттерін көрсетеді, эволюция барысында төменгі формадағы адамдар тұқым қуалау барысында қалыптасады. Көлеңке архетипі сана және мінез-құлықта қолайсыз және әлеуметтік қабылданбайтын ойлар, сезім, әрекеттердің туындауына жауап береді. Олар ортаның әжуалауынан мака арқылы тығылып, тұлғалық бейсаналылыққа ығыстырылады.
3.Өздік-бұл барлық қалған жүйелер топтастырылатын тұлғаның орталығы. Олар бұл жүйені сақтайды және тұлғаның бірлігін, тепе-теңдігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өздік-бұл өмір мақсаты, адамдар әрдайым оған жетуге ұмтылады және көп жағдайда қол жетпейді. Басқа архетиптер секілді ол адам мінез-құлқын мотивациялайды және тұтастықты религиялық жолдан іздеуге тырысады. Шынайы религиялық күйзелістер өздікке жақын. Өздік туралы көрініс Юнгтің маңызды психологиялық жаңалығы болып табылады және архетиптерді зерттеудегі маңызды сәті болып табылады.
Ұстанымдар.Юнг тұлғаның екі бағдарлылығы мен ұстанымын- экстраверсия және интроверсия ұстанымын көрсетті.
Қасиеттері. Негізгі төрт фундаменталды психологиялық қызмет болады: ойлау, сезім, түйсік, интуиция. Ойлаудың көмегімен адамдар әлемнің және өзіндік өмірінің мәнін түсінуге тырысады. Сезім- бағалау қызметі; ол заттардың құндылығын, субъект үшін позитивті немесе негативті жағын анықтайды. Сезім қызмет ретінде адамдарға қанағаттану және ауру, ашу, күйзеліс, қуаныш, махаббатқа қатысты субъективті күйзелістерін береді. Түйсік- перцептивті және шынайы қызмет. Ол нақты фактілер және өмірді түсінуге мүмкіндік береді. Интуиция-бұл бейсаналы процестер және мазмұн негізінде қабылдау болып табылады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Юнг бойынша тұлға құрылымының компоненттерін ата.
2. Ұжымдық бейсаналылық дегеніміз не?
3. Архетип дегеніміз не?
4. Юнг қандай архетиптерді көрсетті?