Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет47/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Л.С.Выготскийдің зерттеу бағыты қандай?
2.Психология ғылымының қай саласына Л.С.Выготский көп үлесін қосты.
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Абрамова Г.С. Возрастная психология.- М.,1997.

  2. Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Петровского А.В.- М.,1979.

  3. Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Гамезо М.В. и др.- М.,1984.

  4. Зак А.К. Развитие умственных способностей младших школьников.- М.,1994.

  5. Кле Мишель. Психология подростка: психосексуальное развитие. М.,1991.

  6. Кон И.С. Психология ранней юности.- М.,1990.

  7. Кон И.С. Психология старшекласников.- М., 1984.

30 Дәріс
Тақырып: А.Н. Леонтьевтің тұлға және іс-әрекет теориясы.

  1. А.Н.Леонтьевтің зерттеу бағыты.

  2. Тұлға психологиялық зерттеу пәні ретінде.



Дәріс мақсаты: Тұлғаның іс-әрекет теориясын қарастыру, төрткомпонентті моделге сипаттама беру.
Негізгі ұғымдар: Тұлғаның іс-әрекет теориясы, төрткомпонентті модель, заттылық, субъектілік, бағыттылық, қабілеттер, мінез-құлық, өзіндік бақылау.
Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979жж) – кеңес психологы, АПРСФСР-дің мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Ол жалпы психология және психологияның методологиясы зерттеулерімен айнаысты. А. С. Выготскийдің шәкірті болды. Мәскеу психология факултетін құрушылардың бірі болып табылады. Ең алдымен ол учелищеде білім алады оны аяқтаған соң Мәскеу университетіне қоғамдық ғылым факультетіне оқуға түседі. Университетті 1924 жылы аяқтайды. Университетте оқып жүргенде Леонтьев әртүрлі ғалымдардың дәрістерін тыңдады. Солардың ішінде философ, психолог Г.Г.Шпет, филолог П.С.Преображенский және т.б болды.
Алғашында Леонтьевті философия қызықтырған. Оның ойы әлемде, өмірде болып жатқан жайттарды зерделеу болды. Леонтьевтің психологияға бет бұруына әсер еткен Г.И.Челпанов. Оның бастауымен алғашқы ғылыми жұмыстар жаза бастады. Соның бірі «Учение Джемса об идеомоторных актах» атты реферат болды. 20-жылдардың соңына қарай ғылымда келеңсіз жайттар орын ала бастады. Леонтьев өзінің Мәскеудегі жұмыс орындарынан түгелдей айырылды.
Тұлға теориясын зерттуші ғалымдардың бірі Леонтьев. Ол 5 жыл қысқа мерзімде тұлға психологиясына қатысты шағын басылымдар шығарды. Бірінші басылымы «Некоторые психологические вопросы воздействия на личность» (1968 ж), одан кейін көп ұзамай жарық көрген «Деятельность и личность» танымал жұмысы журналда жарық көреді. Одан кейін баспадан «Деятельность. Сознание. Личность» атты кітап болып шығады (1974-1975жж). Осы кітабы қазірде тұға теориясы ретінде танымал. Бір жағынан осы кітап жақында жарық көрген (архивтерінен алынған) «Метологические тетради» еңбегімен салыстырылады. Кітап 1940 ж қатысты, бірақ ол ғалым өлгеннен кейін 15 жыл өткесін баспадан шығарылды. Көп жыл бойы баспадан шығарылуына қарсылықтар болуына қарамастан,батыстық тұлға психологиясында үлкен орын алады.
Өзінің шағын тақырыбында А. Н. Леонтьев тұлғаның барлық бөліктерін талдай алмады. Бір жағынан қазіргі бірінші кезекте кеңестік тұлға психологиясына байланысты, оның шәкірттерінің басты үлгі тұтатындай тұрақты және логикалық тұлға теориясын жинақтап үлгерді. Осы бағыт бойынша дамыту жұмыстарымен соңғы 30 жылдықта А.Г.Асмолов, Б.С.Братусь, Ф.Е.Василюк, Б.В.Зайгарник, В.А.Петровский және т.б ғалымдар айналысты.
2. Бала психикасының дамуы туралы айтпас бұрын, баланың психикалық дамуы бірнеше сатыдан өтетінін сипаттау керек. Тұлғалық қатынастар жүйесінде обьективті түрде орын алатын нақты жағдаяттардың әсер етуі бала дамуымен ауыстырылады.
Бала дамуында өтетін бірнеше стадияарға тоқталсақ. Мектепке дейінгі балалық шақ – бала үшін қоршаған ортадағы заттардың барлығы қызықты. Өзінің іс-әрекетінде, бәрінен де бұрын ойында, қоршаған ортадағы (таныс емес) адамдармен қарым-қатынастары нәтижесінде бала өзіне шағын орта құрады. Олар адамдармен әрекет барысында заттық әлемді, тұлғаық заттық әлем ретінде қабылдайды. Шын мәнісінде «автокөлікті» айдауға, «қаруды» қолдануға болмайтынын білсе де, бала автокөлік айдап, қарумен атып ойнайды. Бірақ бұлар бала дамуына қажеті жоқ, себебі оның іс-әркетіне обьективті қатысты емес, олар үлкендердің талап етуінен болады.
Осы жас кезеңінде баланы қоршаған адамдар ол үшін 2 ортаға бөінеді. Бірі- басқаарға қатынасын анықтайтын, интимді, өте жақын адамдар. Олар. Әкесі және анасы. Екіншісіне бала үшін бірінші құрыған шағын ортадағы қарым-қатынас жасаудың барлығы жатады. Ол отбасындағы баланы тәрбиелеу шартына байланысты емес. Мысалы, мектеп жасына дейінгі үйде тәрбиеленген баланы балабақшаға беретін болсақ, баланың өмірге деген көзқарасы түбегейлі өзгереді,шындығында да солай. Бір жағынан баланың басты маңызды психологиялық іс-әреткеттері солай қалады. Баланың тәрбиелеушінің өзіне деген қатынасы, оған жеке назар аударуы бала үшін қажетті болып табылады.Тәрбиелеушімен қатынаста шағын, интимді орта құрады. 6 ж бала жақсы оқып білуі мүмкін. Бір жағынан өздігінен кір жумайды, жуа да алмайды. Оның барлық білімін балалығы айқындайды. Ал егер былай болса, баланың сіңлісі немесе інісі пайда болса, анасы оған көмекші ретінде, үлкен адамдардың өмірінің мүшесі ретінде қарайды, оған бүкіл әлем басқаша көрінеді. Баланың аз білгені, аз түсінгені ештене емес. Білгендерін ойап, уақыт өте келе оның жалпы психологиясы өзгереді.
Қалыпты жағдайда балабақшадағы баланың мектепке ауысуы бала психикасының дамуына әсерін тигізеді. Бұл жағдайдың бала өміріндегі маңызын шектен тыс арттыруға болмайды. Ол ештенені істеуге міндетті емес деген түсінік бар, бірақ ол балабақшада жүрген кездің өзінде оның міндеттері болды. Міндеттері тек ата-аналарының алдында ғана емес, сонымен қатар тәрбиелеушінің алдында да бар. Қоғамның алдындағы міндеті өз алдына бір бөлек. Бұл міндеттердің орындалуы оның өмірде алатын рөлі, орнына байланысты. Бала сабақ оқуға кіріскен кезде өзін ол алғаш рет маңызды жұмыспен айналысып жатқандай сезінуі мүмкін. Отбасы басқа балалардың кедергі келтіруіне жол бермейді, ата-аналар кейде өз жұмыстарын тастап баланың сабақ оқуына жағдай жасайды. Ол оның бұрынғы жұмыстарынан, ойындарынан тіптен басқаша.
А. Н. Леонтьев тұлғаны – психикалық бейнелердің әрекет процесінде көрініс береді деп қарастырды. Әрекет өзара келісімді-ауыспалы кейіпке енетін бірлікті құрайды: қажеттілік «--» мотив «--» мақсат «--» шарт және солармен бірлестікте болатын әрекет «--» қызмет «--» операция. Леонтьев бойынша психикалық даму – мидың морфо-физиологиялық ерекшеліктері және қарым-қатынас. Бұл жағдайда субьектінің қозғалыс әрекетінде пайда болады. Баланың әлеуметтік қажеттілігі- үлкендермен қарым қатынас құру.
А. Н. Леонтьевтің жетекшіігімен кейінгі зерттеулер баланың психикалық дамуындағы рөлін ашты: субьект әсер етпесе, ешқандай да психикалық даму процестері жүзеге аспайды. Даму үрдісінің өзі әрекеттің қалай ұйымдастырылуына байланысты жүреді. А. Н. Леонтьев «Әрекеттің кейбір түрлері сол кезеңде жетекші болып, тұлғаның әрі қарай дамуына ықпал етеді, кейбіреулері дамуда басты рөлде болса, келесісі ілгері, бағынышты рөлде болады. Сол себепті психикалық дамуы жалпы іс-әрекетке байланысты емес, сол кездегі жетекші іс-әрекетке байанысты» деп атап көрсетті.
Леонтьевтің еңбектерінің нәтижесінде жетекші іс-әрекет баланың психологиялық жасынан көрсеткіші, психика дамуын кезеңдерге бөлу критерийлері ретінде қарастырылады.
А.Н.Леонтьев бойынша іс-әрекет схемасы, қажеттілік – мақсат, таңдау – қажеттіліктің қанағаттануы. Ол мақсатты, қажеттілікті туғызатын іс-әрекет мотивінің пайда болуының қажетті шарты ретінде анықталады.
А.Н.Лонтьев теориясы бойынша, адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшеліктері сияқты өзінің практикалық іс-әрекетінен басталады. Адам жүріс-тұрысының қозғаушы күші осы іс-әрекет барысында жүзеге асатын қажеттіліктермен сипатталады. Бұл теория бойныша, іс-әрекет құрылымы мен адамның мотивациялық сферасы изоморфизм қатынасына, яғни өзара сәйкестілікке негізделеді. Адамның мотивациялық чферасында болатын динамикалық өзгерістер өз кезегінде қоғамның обьективті заңдарына бағынатын іс-әрекет жүйесінің даму бағытына байланысты.
Ресейлік психология ғылымында мотивация мәселесімен айналысқан ғалымдардың теорияларына жасалынған мотивация механизмінің үлгілерін талдау бізге келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:
Барлық үлгілер мотивацияны жеек адам белсенділігінің қайнар көзі ретінде, іс-әрекеттің қандай да бір механизмі ретінде анықтайды.
Келтірілген үлгілерді құрылымына байданысты 2 топқа ажыратуға болады: моноқұрылымдық (бір құрылымдық) және полиқұрылымдық (көп құрылымдық).
Аталған үлгілердің көбісі 2-деңгейден құралған: 1-деңгей – төменгі органикалық физиологиялық, яғни байланыс индивидтің өмірлік, қоғамдық маңызына себептеніп, саналы түрде жүзеге асады.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Л.С.Выготскийдің зерттеу бағыты қандай?
2.Психология ғылымының қай саласына Л.С.Выготский көп үлесін қосты.
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Леонтьев А. Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М., 1982.

  2. Немов Р. С. Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: В 3 кн. – 4-е изд. – М.:Владос, 2001.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет