Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Невротикалық қажеттіліктер немесе тенденция позициясынан қалыпты және невротикалық тұлға арасындағы айырмашылықты Хорни қалайша түсіндіреді?
2.Хорни теориясындағы ата-аналар ұстанымдарының қандай типі баланың қауіпсіздікке деген қажеттілігін үзеді? Қазіргі кезде көптеген ата-аналар өздерінің балаларының қауіпсіздігіне деген қажеттілігіне өте сезімталдықпен қарайды деп ойлайсыз ба?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. К.Холл Г.Линдсей. Теории личности. М., 2000 г.
2.Л.Хьелл, Д.Зиглер. Теории личности. СПб. 2005 г.
3.Б.В.Зейгарник. Психология личности: норма и патология. М.,2003.
№ 7 Дәріс
Тақырып: Эрик Эриксон: тұлғаның эго-теориясы.
Мазмұны:
1.Э.Эриксонның өмір жолы мен еңбектері.
2. Психоәлеуметтік сатылары.
3.Эриксонның адам табиғатына қатысты негізгі қағидалары.
Дәріс мақсаты: Тұлғаның эго-теориясы, дамудың психоәлеуметтік сатыларына сипаттама беру.
Негізгі ұғымдар: эго-психология, эпигенетикалық принцип, психоәлеуметтік стадия, психоәлеуметтік дағдарыстар, орально-сенсорлы, бұлшықетті -анальды, латентті стадия, жасөспірімдік стадия.
Эрик Эриксон 1902 жылы Германияда Франкфуртаға жақын жерде дүниеге келді. Оның ата - анасы өзі дүниеге келместен бұрын ажырасып кетеді де, содан кейін анасы Теодора Гомбургер деген адамға тұрмысқа шығады. Кішкентай Эрикке бірнеше жылға дейін Гомбургер оның өгей әкесі екенін айтқан жоқ. Эриксон мектеп бітіргеннен кейін жоғары білім алады. Ол Германиядағы «гуманистік гимназияда» оқиды, ол орташа студент болғанымен тарих пен өнер салаларын да меңгерді. Гимназияны бітірісімен өгей әкесінің талабымен дәрігер мамандығын таңдап, Эриксон Орталық Европаға саяхатқа аттанады. Жылдар өткеннен кейін ол суретшілер мектебіне түседі, алайда ол мұнда тұрақтай алмады, Мюнхендегі атақты суретшілер Академиясына оқуға аттанды. Екі жыл өткен соң Эриксон Италияға саяхаттайды, Флоренцияға барады, сурет галереяларын шарлап аралайды. Эриксон психоанализді Венаға жақын жердегі таулы курортта оқып бастады, ол онда болашақ кіші оқытушымен бірінші рет Фрейд жанұясымен танысты, одан соң Веналық психоанализ институтына кандитаттыққа алынды. 1927 жыл мен 1933 жылдар аралығында Эриксон Анна Фрейдтің басшылығымен психоанализді оқып үйренуді жалғастырды. Венадағы Мария Монтессор атындағы мұғалімдер ассоциациясының куәлік еткендігін санамағанда, бұл оның академиядағы жалғыз формальды білімі болды.
Венада Эриксон Анна Фрейдтің эксперименталдық мектебіне келетін канадалық Джоан Серсонға үйленеді. 1933 жылы Эриксонның жанұясы азаматтық алу үшін және осы елде психоанализ оқу орталығына кіру үшін Копенгагенге аттанады. Бұл идеяның мардымсыз екені белгілі болған кезде, бұл жанұя Америка Құрама Штатына қоныс аударып, бұрынғы жылдары психоаналитикалық қоғам негізі болған Бостон қаласына қоныстанды, екі жылдан кейін Эриксон Бостонда машықтанып, балаларды емдеуге маманданды. 1939 жылы Колифорнияға бет алды, ол өзінің балаларға жүргізген аналитикалық жұмысының нәтижесі бар деп есептеді және антропология мен тарихты терең зерттеген.Ол 1942 жылдан бастап Калифорнияның Беркли университетінде психология профессоры.Осы уақыттан бастап терең клиникалық бақылаулар мен ой толғаныстарының қарқынды кезеңі басталады.Ол өзінің «Балалық шақ және қоғам» деген бірінші кітабын 1950 жылы басып шығарды. Осы жұмысының арқасында, эго психологияны жүргізуші өкіл ретінде әлемдік мойындауға ие болды. 1951 жылы Эриксон Массачусетс штатындағы Стокбридждегі Остен Ригге орталығына оқуға түсті. Бұл жасөспірімдердің психологиялық бұзушылықтарын қалпына келтіру терапиясына арналған жеке орталық. Бұл жұмысты ол АҚШ - тың әртүрлі университеттерінде профессор ретінде оқытушылықпен қоса атқарады. Келесі онжылдық ағымында оның еңбектері мен зерттеулері «Балалық шақ және қоғам» кітабында қисынға келтірген психоәлеуметтік теориясының дамуына құйылды.
Эриксонның теоретикалық ой тұжырымдары тек қана Эго-ньң дамуына арналады. Ол өзінің идеяларын Фрейдтің психосексуалдық даму концепцияларының жүйелі жалғасы деген болатын. Жаңа әлеуметтік және биологиялық ғылымдардың ашылу қарсаңында Эриксон классикалық психоанализден 4 негізгі пункт бойынша алыстады. Біріншіден, оның жұмыстарында Ид акцентінен Ол акцентіне шешімді алға басушылық қозғалыс анық байқалып тұрды. Оны тек Фрейд өзінің соңғы өмірінде ғана жарым - жартылай мойындады. Эриксонның ойынша адамның қалыптасуы мен әрекетінің негізін тек қана Эго құрайды.
Ол Эго - ны тұлғаның автономды құрылымы ретінде қарастырды. Оның дамуының негізгі бағыты - әлеуметтік бейімделу. Ол ид пен инстинк дамуына қарама - қарсы жүріп отырады. Осыдан эго - психология деп аталынған адам табиғатына деген көзқарас едәуір ерекшеленеді. Оның ерекшелігі мынада: эго - психология адамдарды өмірлік мәселелерін саналы түрде шешім қабылдап отыратын рационалды адамдар деп қарастырады. Сол кездегі Фрейдтің ойынша эго - бұл инстинкті ниеттер мен моральды шек қоюшылықтар арасындағы таласты шешу үшін күреседі. Ал Эриксон бойынша эго бұл қабылдау, ойлау, зейін, естің көмегімен жүзеге асатын, шындықпен өзара әрекетте болатын жүйе. Эго - ның бейімделу қызметіне көп көңіл аудара отырып, Эриксон адам қоршаған ортамен өзара әрекетте бола отырып, өзінің даму процесінде жетік, білгір, білімді тұлға ретінде қалыптасады дейді. Екіншіден, Эриксон тұлғаның ата - аналармен өзара қарым - қатынасы туралы жаңа көзқарасты дамытты. Егер Фрейдті бала тұлғасының қалыптасуына ата - ананың ықпалы қызықтырса, Эриксонды баланың эго - сының қалыптасуы қызықтырды. Ол әртүрлі мәдениетке жататын адамдарды бақылау нәтижесінде осы көзқарасын дәлелдеді. Үшіншіден , эго индивидумның бүкіл өмірлік жағдайында дамып отырады, яғни туғаннан бастап, ересек шаққа немесе кәрілікке дейін, керісінше,
Достарыңызбен бөлісу: |