Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет45/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Іс-әрекет теориясы ұғымы.
2.Тұлғаның төрткомпонентті моделі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Психология Под ред. В.Н.Дружинина СПб 2003 г.
2.Клонингер С. Терия личности, познание человека М – СПб 2003
3.Орлов А.Б. Психология личности и сущности человека: Парадигмы, проекции, практики М.2002.

28 Дәріс


Тақырып: Борис Сергеевич Братусь бойынша мінездің әлеуметтік бағдар типологиясы.

  1. Б.С.Братусьтың өмір жолы мен зерттеу бағыты.

  2. Тұлғалық-мағыналық сферасы.



Дәріс мақсаты: Тұлғаның іс-әрекет теориясын қарастыру, төрткомпонентті моделге сипаттама беру.
Негізгі ұғымдар: Тұлғаның іс-әрекет теориясы, төрткомпонентті модель, заттылық, субъектілік, бағыттылық, қабілеттер, мінез-құлық, өзіндік бақылау.

Братусь Борис Сергеевич 1945 жылы 19 сәуірде дүниеге келген. 1968 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу гуманитарлық университетінің психология факультетін бітірген. 1989 жылы психология ғылымдарының докторы, 1993 жылы профессор, 2002 ж. МГУ-нің еңбек сіңірген профессоры, 1993 жылы Ресей Федерациясының жаратылыстану ғылымы академиясының нағыз мүшесі, 1993 жылы білім беру академиясының корреспондент мүшесі, 1980 жылы Кубадағы денсаулық сақтау қоғамдастығының психологтар ұйымының шетелдік мүшесі, 2001 жылы жалпы психология кафедрасының меңгерушісі болған. 1968 жылдан бастап МГУ-дегі психология факультетінде жұмыс жасайды. 1993 жылдан бастап Психологиялық институт РАО – адамның психологиялық дамуын зерттейтін, философиялық-психологиялық лабораториясының меңгерушісі болған. Психология факультетінде жұмыс жасаған кезінде тұлға психологиясы, тұлғаны психологиялық коррекциялау негізі, аномальды тұлға бойынша курстар жүргізген. Ол 12 монография, 180 басылымдық жұмыстың авторы. Б.Братусьтың ғылыми зерттеулері клиникалық психология, жалпы және тұлға психологиясы, психологияның философиялық негізі болған.


Тұлғаның көлденең өлшемі – бұл әлеуметтік әлеммен, оның мағынасын анықтайтын кең түрдегі ұғым. А.Леонтьевтің айтуы бойынша, бұл байланыстар көптеген іс-әрекет «тұлғаның негізі» саналады екен. Тұлғаның тігінен өлшеу құрылымы мотивтер иерархиясымен, тұлғаның бағыттылығымен көрінеді. Б.Братусь тігінен өлшеуді адамның мотивациясын анықтауда қолданған. Ол тұлғаның мотивациясын төрт деңгейлі иерархиялық жүйе ретінде қойып, ойлау категориясына ерекше мән берген (тұлғаның ойлау әрекеті нақты мотив арқылы жүзеге асады, яғни, іс-әрекет қорытындысы бірдей болсада әр адамның мотиві әр түрлі).
Б.Братусь тұлғаны тұлғалық ойлау жүйесі ретінде түсініп, олардың даму деңгейінің қажеттігіне орай, тұлғалық ойлауы әр түрлі болуы мүмкін деген. Олар:
– Индивидтің өзіне және оның қызығушылықтарына бағытталған;

  • Басқа адамдарға (немесе әлеуметтік топтарға);

  • Барлық жан-дүниесіне және т.б.

Братусь тұлғалық типологияларды ойлау жүйесінің (эгоцентрлік даму деңгейінен бастап, жан-дүниесіне дейін) «тігінен» дамуының негізінде жүйелеген. Бұл типологияны әлеуметтік сипатқа бағытталған тип деуге де болады. Конценцияда ең алдымен тұлғаның ойлау сферасының «нөлдік деңгейдегі» дамуы қарастырылады. Тұлғаның ойлау мотивінің негізі адамның өзіне деген мотивте жатыр, ал кейбір адамдарда мотив болмайтындықтан бұл деңгей «нөлдік» деп аталады. Мысалдың дөрекі түрі ретінде, сантехниктің жылу құбырларын жөндеуі жатады. Оның іс-әрекетінің мақсаты тұтастай заттық: құбырды бұрау, тазалау, бұзылғанын ауыстыру, оны қайтадан құрастырып, орнату сияқты іс-әрекеттерге негізделген.
Тұлғаның ойлау сферасы дамуының бірінші деңгейі – эгоцентрлік (тұлға дамуы эгоцентризмнен басталады) кезең. Мұндағы мотивтер жүйесіне бағытталу, адамның ойлауы, өзіндік қажеттіліктерін қанағаттандыруы, престиж, жеке пайда басиы сәттері. Басқа адамдар бұл ұмтылыстарды «дұрыс», «адамға ыңғайлы» деп тапқанда, оның жүзеге асуына көмектеседі және бұл ұмтылыстардың орындалуына кедергі жасаушылар «жаман», «ыңғайсыз» деп есептейді.
Екінші деңгейі мінез-құлықтың әлеуметтік бағытталуы (және ойлау жүйесі) – топтық центризм деп аталады. Бұл деңгейде адам топпен өзінің қызығушылықтарын бөліседі. Оның басқа адамдарға деген қарым-қатынасы сол адамның тобындама немесе олай еместігіне байланысты. Егер оның тобына кірсе, ол адамға көмеутесуге болады және ол сыйлауға, кешіруге, көңіл білдіруге лайықты. Егер кірмесе, бұл сезімдер қарама-қарсы бағытталып, ол адамға «бөгде», немесе «дұшпан» ретінде қарайды.
Ертеректе топтық центризм бірінші орында жұмыскерлер класы, партия, ал қалғандары дұшпан деп саналған. Б.Братусьтың ойынша, топтық центризм қазіргі заманда жаңа формаға ие болған. Олар: сепаратизм, этнацентризм, әр түрлі формадағы кландық.
Үшінші деңгей социалды. Ол адамдардың басқа адамдарға көмектесуге ұмтылуы, қоғамды жақсы жағына қарай өзгертуге күш салысумен байланысты. Б.Братусь бұл деңгейді батыс қоғамында ерекше көрінетіндігін айтқан.
Төртінші деңгей – эсхатологиялық немесе жан дүниелілік. Б.Братусь бұл деңгейді халықтың 1% ын қамтиды деген. Эсхатологиялық немесе жан дүниелілік деңгейі адамның өмірін жоғарғы жан құндылықтарымен байланыстырады. Құндылықтарға қызмет ету арқылы (мысалы, діни бағытта) тұлғаның жеке өмір мәні қалыптасады.
Б.Братусьтың бір мақаласында тұлғаның жан дүниелілік деңгейіне бағытталған өмірді көбінесе европалық кеңістіктегілер ұстанады делінген. Эсхатологиялық немесе жан дүниелілік деңгейіне бағытталу индивидтердің мінез құлығының тұрақты қалыптасуына, белгілі бір мәселені сәтті шешуде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет