Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде



бет40/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

1. Теоретикалық тип. Адам бірінші кезекте танып-білуге ұмтылады. Шынайы өмірде бұл тип таза күйінде көрінбейді, ол тек кейбір ойлау құрылымында көрініс табады. Э.Шпрангердің жазуы бойынша, теоретикалық типке түсіндірумен байланыс орнату, проблемаға құмарту тән. Ол жетістікке жету үшін идеалды әлемнің заңды байланыстарын қолданады.құндылықтар типінің теоретикалық типке қатынасы кей жағдайларда қарсылық тудырады, себебі, құндылықтардың психикалық параметрі танымдық (когнитивті) емес, мотивациялық параметрге жатады. Адамдардағы танымдық қажеттіліктері қандай да бір құндылықты немесе қажеттіліктің бір жалпы алғанда, теоретикалық типті құндылықтар типіне қатысты емес, есесіне оны ерекше кәсіби құндылықтар типіндегі ғылыми-зерттеу тәсіліне жатқызуға болады.
2. Экономикалық тип немесе экономика адамы.Адамда «пайдаға асу» мотиві бірінші кезекте тұрады. Э.Шпрангердің пайымдауынша, мұндай адамдар үнемі күш-жігерін, уақытын қандай да бір іс-әрекет орындауда көп пайда табу үшін үнемдейді. Ежелгі гректер мұндай адамдарды «жасаушы» (фабрикалаушы) деп атаған. Б.В.Эейгарник өз заманында шпрангерлік түсініктегі типтерге наразылық білдіруге болатындығын айтқан. Құндылықтар, құндылықтар типі – адамның жан дүниесінің бастапқы өлшемі, - дейді Э.Шпрангер. құндылықтар классификациясына тұлғаның «кәсіби» құндылықтары деп атаған «экономикалық құндылықтарды» кірістірмеген. М.С.Каган, И.А.Кудрявцев, Ю.А.Борисов және т.б авторлар көптеген кәсіби бітістері бар менеджердің кәсіби құндылықтарын немесе экономикамен байланысты басқа да мамандықтарды осылай деп атайды. Сондай-ақ, қазіргі кезде кәсіби құндылықтарды еңбек психологиясының мамандары (Е.А.Климов) да мойындаған. Кәсіби құндылықтарға мысал ретінде көп жағдайда дәрігерлердің кәсіби құндылықтары атақты «Гиппократ антын» келтіреді.
3. Эстетикалық тип.Э.Шпрангер пікірінше, өнер туындыларын тек жан-дүниесі эстетикалық жаратылған жанның ерекше ішкі ритмінен өлең, ән туындайды. Мұндай типтегі адамдарға жан дүниесінің сұлулығы немесе табиғи эстетикалық типтегі адамдар қоршаған әлемді тұтас бір үйлесімділік (гармония) ретінде қабылдайды. Әдетте, мұндай адамдар тумысана көріпкел немесе жоғарғы интуицияға ие келеді. Олардың ішінде драмалық, лирикалық жандар кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет