Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде



бет41/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
4. Әлеуметтік тип. Бұл типке жататын индивидтер жағымды типке жақын. Әлеуметтік тип бұл өзін басқа нәрседен іздеуші адамдар типі. Э.Шпрангердің пайымдауынша, мұндай адамдар өзгелердің өміріне назар аударып, өзін басқаша сезінеді. Өзгелердің қажеттілігі олардың өмірлік жетекші қажеттіліктері. Оларға әлеуметтік бағдарлану, адамдарға деген сүйіспеншілік, альтруизм тән.
5. Саяси типтұтастай қоғамда, басқаларға әсер етуге ұмтылатын, үнемі саяси құндылықтарды мақұлдайтын тип. Бұл тип міндетті түрде басшылық міндетке ұмтылмайды. Ол тек бір бағытта өзінің беделімен харизмасына сүйене отырып, адамдарға әсер еткісі келеді.
6. Діни тип.Өмірдің мәнін діни бағытта іздейші типтер. Олар үнемі жоғарғы күш – Құдай барма деген сұраққа дәлел іздейді.сондықтан да олар әлемде адам өмірін анықтайтын мәңгілік күш бар деп есептейді. Діни тип – бұл міндетті түрде мешіт немесе шіркеуге баратын адамдар емес. Құндылықтар типінің типологиясы туралы М.С.Коганның «Философская теория ценности» (1947), сондай-ақ, психологиялық жұмыстарының бірқатарында есепке алынған.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Э.Шпрангер бойынша тұлға құрылымы.

  2. Тұлғаның құндылықтарын зерттеу түсінігінің әдістерінің мәні?

  3. Э.Шпрангердің тұлғалық құндылық типтері қандай?.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. К.Холл Г.Линдсей Теории личности М 2000 г.
2.Л.Хьелл, Д.Зиглер Теории личности СПб 2005 г.
3. Шадрин Н. Психология личности. А.,2012.

24 дәріс


Тақырыбы: Эрнест Кречмердің конститутционалды темперамент теориясы.
Мазмұны:

  1. Э.Кречмердің зерттеу бағыты.

  2. Конституционалды теориясы бойынша адамның дене бітісі.



Дәріс мақсаты: Тұлға теориясы адамның дене бітісі бойынша анықталады, темперамент типтерін қарастыру.
Негізгі ұғымдар: астеникалық, пикник, атлет, диспластик, шизотимик, циклотимик, искотимик.
Эрнест Кречмер 1888жылы 8 қазанда дүниеге келген, неміс психологы. 1906 жылы философия саласында дүниежүзілік тарих, әдебиет мамандықтарында Тюбингенск университетінде білім алған, бірақ екінші семестрден кейін оқуын ауыстырып әрі қарай медицина саласында білім алды. Сонымен қатар, Мюнхен университетінде психиатриялық бағытында білім алып жүрген кезінде Вильгельм Вундтың шәкірті профессор Эмилям Креплеиномен танысады.
1914 жылы Кречмер өзінің докторлық диссертациясын қорғаған болатын.1918 жылы Тюбенг қаласында доцент ретінде жұмыс істеді. 20 ғ. басында оны әйгілі қылған жұмысы ол «Дене құрлымының типі және мінез» болатын. Бұл жаналық барлық психология саласына үлкен әсерін тигізеді, бұл жұмысы барлық тілде аударылып барлық психологиялық және психиатриялық оқулықтарға енді.Оның осы жұмысы бағаланып, дәрінерлермен психологтардың арасында дәрежесі көтеріле бастады.Сол кездері Кречмер неміс психитерапия президенті ретінде сайланады. Бірақ 1933 жылы бұл қуанышы ұзаққа созылмай неміс психотерапия қоғамы ұлтшылдардың қолына еніп, Кречмер президенттік орыннан тез арада түсіп қалады. Ол 1946-1959 жылдар аралығында профессор және директор ретінде неврологиялық клиникада жұмыс атқарады.1946 жылдан бастап Кречмер морфология және физиология саласыннын дамуын зерттеумен айналыса бастайды. Кречмер өз клиникасын студенттеріне тапсырып ол өзінің жеке лабораториясын ашып соңғы кезіне дейін сонда жұмыс атқарады.1964 жылы Эрнест Кречмер 8 қарашада Тюбинг қаласында көз жұмады.
Клиникалық жағдайларында әртүрлі дене құрлымды адамдардың мінез-құлқын бақылау жағдайларында Э.Кречмер темпераменттің негізгі мазмұнын құрайтын психикалық қасиеттердің негізгі топтарын ұсынды. Бұл біріншіден, психоастезия (психикалық тітіркендіргіштерге қатынасы аса жоғары немесе төменгі сезімталдылық), екіншіден, көңіл-күй фоны (көңіл көтеруге немесе қайғыруға бейім), үшіншіден, психикалық қарқын (психикалық үрдістердің тежелуі немесе тездететуі), төртіншіден, жалпы қозғалыс қарқыны немесе психомоторлық сфера (қозғалыс траекториясының қозғалмалылығы немесе тежелуі). Әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктері бар және дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық типтерді ұсынды:
1)Лептосоматик - (грек – нәзік дене). Дене құрылымы нәзік, бойы ұзын, кеудесі тегіс, бет әлпеті сопақ. Иықтары кішкентай, қол-аяқтары жіңішке, ұзын.
2)Пикник – (грек – толық, нығыз). Майлытканді, бойы орташа немесе қысқа, денесі жалпақ, қампиған қарын, қысқа мойын, басы дөңгелек және быртиған саусақтары бар.
3)Атлетик–(грек–күрес). Бұлшықеті жақсы жетілген, денелері мығым, бойы орташа немесе ұзын, иықтары кең, бет сүйектері шығыңқы.
4)Диспластик–(грек–нашар қалыптасқан). Дене бітімінде нақты форма жоқ, бұл типтегі индивидтерде неқұрылымының әртүрлі деформациясымен сипатталады.
Аталған типтердің ішінде лепто-соматиктер мен пикниктер психикалық ауруларға бейім екендігі анықталды. Шизофрениямен ауыратындардың көпшілігі лептосоматиктер құрайды. Пикниктер маниакальді-депрессивті психозбен ауыруға, ал атлетиктер эпилепсия ауруына бейім келеді. Сонымен конституционалдық типологияның іргетасын қалаған неміс психиатры Э.Кречмер адамның дене бітімі мен психикалық аурулар арасындағы байланыстың бар екенін көптеген клиникалық бақылау нәтижелері дәлелдей түсті. Дене құрылымының типі мен психикалық аурулар арасындағы байланысты. Кречмер былайша түсіндіреді: дене құрылымының типі сияқты темпераменттің де себебі бар. Олар қанның химиялық құрамына байланысты және гормональді жүйенің белгілі ерекшеліктеріне тәуелді.
Кречмер дене бітімінің аталған типтеріне сәйкес темпераменттің 3 типін ажыратады:
1)Шизотимик–дене құрылымы лептосоматикалық немесе астеникалық. Психикасы бұзылғанда шизофренияға бейім болып келеді. Тұйық, тік мінезді, көзқарасын өзгертпейді. Қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді.
2)Циклотимик–дене құрылымы пикниктік. Психикасы бұзылғанда маниакальді – депрессивті психозға бейім. Шизотимикке қарсы тип. Қоршаған адамдармен қарым-қатынасы тез түседі.
3)Иксотимик – дене бітімі атлеттік. Психикалық ауытқуларда эпилепсияға бейім. Салмақты, мимикасы мен жестері ұстамды. Ойлау икемділігі жоғары емес, белгілі жағдайларда орнын өзгерткенді ұнатпайды, қайта қоныстанғанда және ауысқанда қиыншылықпен бейімделеді.
Э.Кречмер конституциялық типология теориясы Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет