Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет2/10
Дата28.04.2023
өлшемі297,5 Kb.
#88155
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

(қолы) (аты-жөні)


1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
ф.ғ.д., профессор Нартай Қуандықұлы Жүсіпов
Қазақ филологиясы кафедрасы _____А1__ корпусында (мекен-жайы), 324 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1255


2 Пән туралы мәліметтер
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ



















































Бар-лығы

2

30

15

15

-

-

-

60

15

емтихан



4 Пәннің мақсаты және міндеттері
Пәнді оқыту мақсаты:
«Қазақ халық ауыз әдебиеті» пәнін жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойында жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең таныстыру мақсат етілді. Қазақ халқы өзінің қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, харекет-кәсібі, дүниетанымы мен наным-сенімі, қуаныш-қайғысы, арман-үміті және т.б. жайында сан алуан түрлі өлең-жыр, аңыз-ертегілер, мақал-мәтелдер шығарып және оны ауызша айту арқылы таратқан. Фольклорлық мұралар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жеткен. Мазмұн-мәні терең көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сипатын танытып, студенттерге тағылым беру көзделеді.
Пәннің міндеттері:

  • - Фольклордың тарихы мен теориясы туралы түсінік. Халық өнерінің ішінде фольклордың алатын орны. Фольклортанудың ғылымдарға қатысы.

  • Фольклорлық мұралардың көп қырлы табиғаты, туу, таралу-сақталу ерекшеліктері. Халықтық сипаты, қоғамдық маңызы.

  • Ауызша айтудың дәстүрлілігі, формулалығы, стильдік кестесі.

  • Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер және оның жанрлары.

  • Жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары.



5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар
Студенттер білуі тиіс:
- Фолклористика мәселелерінің теориялық аспектілерін, мәтінді кешенді түрде зерттеу машықтарын білуі керек.
Студенттер істей білуі тиіс:
- Студенттер бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.
6 Пререквизиттер
- халық ауыз әдебиеті
- қазақ әдебиетінің тарихы
- әдебиет теориясы
- орыс әдебиетінің тарихы
- әлем әдебиетінің тарихы


7 Постреквизиттер
- Қазақ әдеби тілінің тарихы
- Тіл мәдениеті


8 Тақырыптық жоспар


1- тақырып. Кіріспе. Ауыз әдебиеті пәні және оның ерекшеліктері.
2- тақырып. Қазақ халық әдебиеті туралы фольклористика ғылымы
3- тақырып. Тұрмыс-салт өлеңдері
4- тақырып. Аңшылық жырлары
5- тақырып. Наным-сенімдерге байланысты өлеңдер.
6- тақырып. Үйлену салт өлеңдері.
7- тақырып. Лирикалық өлеңдер.
8- тақырып. Мақалдар мен мәтелдер. Жұмбақтар.
9- тақырып. Шешендік сөздер. Аңыз -әңгімелер. Ертегілер.
10- тақырып. Батырлар жыры.
11- тақырып. Тарихи жырлар.
12-тақырып Лиро-эпостық жырлар.
13-тақырып Айтыс.
14-тақырып Халық әдебиетінің көркемдік бейнелеу құралдары.
15-тақырып Қазіргі заман халық поэзиясы.
9 Пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлем)
Халық әдебиетінің көп қырлы болмыс-бітімі мен синкреттілігі, әдет-ғұрып, наным-сенім, өнердің басқа түрлерімен байланыста болуы. Қазақ фольклорының халықтық сипатта болуы.
Фольклортану – халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін классикалық ғылым саласы. Фольклортану ғылымының басты объектісі мен негізгі міндеті халық шығармашылығын зерттеу екендігі. Фольклордың қалыптасу, даму тарихы жөніндегі ой-пікірлер. Халық өнерінің түрлері және олардың ішінде фольклордың алатын орны. Фольклортанудың әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, археология, философия, мәдениеттану, психология т.б. ғылым салаларымен байланысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет