3-тақырып. Тұрмыс-салт өлеңдері.
Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, М.Әуезов жіктеулері. Тұрмыс-салт жырларын қазіргі зерттеудің жайы мен классификациялаудың проблемалары. Жанрдың жалпы сипаттамасы мен анықтамасы. Тұрмыс-салт жырларының отбасы, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт, ырым, әдет-ғұрып, наным-сенімдермен байланысы.
Еңбек-кәсіппен байланысты туған өлең-жырлардың жанрлық түрлері. Төрт түлік жырлары. Көшпелі шаруашылықтың бейнеленуі.
Отбасы салтына байланысты өлең түрлері. Сыңсу, жұбану, той бастар, жар-жар, беташар, той тарқар. Өлген кісіге байланысты айтылатын естірту, көңіл айту, жоқтау өлеңдерінің салтпен байланысы.
4-тақырып. Аңшылық жырлары.
Аңшылық жырлары. Маусымдық салт жырлары. Наурыз туралы өлеңдер. Егіншілік кәсіппен байланысты өлең-жырлардың ерекшеліктері.
5-тақырып. Наным-сенімдерге байланысты өлеңдер.
Сөздің мифологиялық қасиеті туралы ұғым. Бәдік, бақсы сарыны. Арбау, жалбарыну өлеңдері. Халықтың алғыс, қарғыс, бата беру салтына байланысты өлең жырлары.
6-тақырып. Үйлену салт өлеңдері.
Отбасы салтына байланысты өлең түрлері. Сыңсу, жұбаиу, той бастар, жар-жар, беташар, той тарқар. Қайтыс болған адамға байланысты айтылатын естірту, көңіл айту, жоқтау өлеңдерінің салтпен байланысы.
7-тақырып. Лирикалық өлеңдер.
Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері. Классификациялану мәселелері. Тұрмыс-салт жырларымен ұқсастығы және айырмашылығы. Лирикалық өлеңдердің алуан тақырыпта болуы. Қара өлең мен, тарихи өлеңдер. Идеялық-көркемдік ерекшеліктері. Бейнелеу жүйесі. Композициясы. Поэтикалық тәсілдері мен құралдары. Тарихи өлеңдердің тарихи жырлардан өзгешелігі. Лирикалық өлеңдердегі қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы.
8-тақырып. Мақалдар мен мәтелдер. Жұмбақтар.
Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен классификациялаудың принциптері.Тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы түсінік. Мақал-мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және тура және ауыспалы жалпы және жалқы мағыналары. Қүрылыс, ұйқас, ырғақ ерекшеліктері. Мәтелдің мақалдан айырмашылығы. Қанатты сөздердің, афоризмдердің, фразеологиялық тіркестердің мақал-мәтелдермен арақатынасы.
Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық белгілері мен жасалу жолдары Жұмбақтардың шығуына табудың әсері. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдердің өзіндік ерекшеліктері. Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркемдік тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |