Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


-тақырып. Шешендік сөздер. Аңыз -әңгімелер. Ертегілер



бет5/10
Дата28.04.2023
өлшемі297,5 Kb.
#88155
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
9-тақырып. Шешендік сөздер. Аңыз -әңгімелер. Ертегілер.
Қызметі мен қоғамдық мәні. Жанрлық өзгешеліктері. Шешендік сөздердің жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық түрлері: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты., ырғақты қара сөз бен өлең формасының аралас келуі. Шешендік сөздердің аңыздармен, мақал-мәтелдермен байланысы. Майқы би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым т.б. туралы шешендік сөздердің авторын анықтау принциптері. Эстетикалық, тәрбиелік маңызы.
Аңыз-әңгімелер. Жанрлық сипаты. Анықтамасы. Тарихи, мекендік және күй аңыздары. Әпсана/ легенда/. Жанрдың анықтамасы. Әпсананың түрлері. Аңыз-әңгімеден айырмашылығы. Ертегісімек /Былички/. Ескі наным-сенім, халық демонологиясының көрінісі. Тақырыбы мен баяндау тәсілдері.
Халық прозасы туралы түсінік. Оның ертегілер және ертегілерден тыс көптеген түрлерінің бар екендігі. Айырмашылығы мен ұқсастықтары. Ертегілердің өзіндік ерекшеліктері. Жиналуы мен зерттелуі. Ертегілердің халықтық сипаты., ондағы қиялдың шығу негіздері, шындыққа қатысы. Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері.
Хайуанаттар жайлы ертегілердің пайда болу жолдары. Ондағы миф пен тотемизмнің көрінісі. Астарлау (иносказание) мен кейіптеудің атқаратын қызметі. Әлеуметтік, халықтық сипаттары.
Қиял-ғажайып ертегілердің жанрлық ерекшеліктері. Олардың сюжетіндегі қиял мен мифтің сабақтастығы. Сюжеттердің халықаралық сипаты. Оларды ғылымда жүйелеу мен классификациялау. Қиял-ғажайып ертегілердің көркемдік-эстетикалық бітімі, композициясы, оқиғаларының бірсызықты дамуы, кездейсоқтығы, баяндау тәсіліндегі стильдік формулалар. Батырлық ертегілер. Новеллалық ертегілер. Сатиралық ертегілер.


10-тақырып. Батырлар жыры.
Қазақ эпосының жанрлық классификациясы. Көне эпос, батырлық эпос, лиро-эпос, тарихи жырлар. Жиналу мен зерттелу тарихы. Эпос және тарих.
Батырлар эпос. Жанрлық белгілері. Жиналу, жариялану, зерттелу тарихы. Шығу мезгілдері туралы. Ноғайлы заманымен Жоңғар хандығы шапқыншылығы кезіндегі оқиғалардың бейнеленуі. Историзм (тарихилық) мәселесі.
«Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр», «Ерсайын батыр», «Едіге батыр», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Шора батыр», «Қарабек батыр», «Төрехан» жырларының сюжеттері.
Образдар жүйесі: әйелдер образы. Кейіпкерлерді типтендіру мен идеализациялау мәселесі.
Мұрын жыраудың «Қырымның 40 батыры» жырының тарихи негіздері мен циклизация мәселесі. Жырдың зерттелуі.
Батырлар жырының құрылысы, көркемдік ерекшеліктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет