14-тақырып. Халық әдебиетінің көркемдік бейнелеу құралдары.
Фольклорлық шығарманың тақырыбы мен идеясы, образ, композиция және сюжет, портрет, мінездеу, уақиғаның шарықтау шегі және эпилог.
Ауыз әдебиетінің суреттеу құралдары: синоним, омоним, архаизм, диалектизм, эпитет, теңеу, троп, метафора, метонимия, символ, аллегория, ирония, сарказм, әірелеу, литота, арнау, анафора, шендестіру, дамыту, эллипсис, параллелизм.
Өлең сөз және оның құрылысы: ырғақ, шумақ (екі тармақты, төрт тармақты, алты тармақты, жеті тармақты, сегіз тармақты, он тармақты шумақтар).
Өлеңнің бунағы мен буыны дегеніміз не?
Қазақ халық әдебиетінің өлең ұйқастары: қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас.
Фольклорлық стиль.
15-тақырып. Қазіргі заман халық поэзиясы.
Ж.Жабаев (1846-1945), И.Байзақов (1900-1946), Н.Байғанин (1860-1945), К.Әзірбаев (1884-1976), О.Шипин (1879-1963), Ү.Кәрібаев (1889-), Н.Бекежанов (1890-1954), Т.Көбдіков (1874-1954), Қ.Айнабеков (1885-1955), І.Манкин (1880-1954), Қ.Жапсарбаев (1886-).
Бүгінгі айтыс және оның өзіне тән ерекшеліктері.
Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-таќырып. Кіріспе. Фольклортану ғылымы, оның тарихы мен теориясы. Халық әдебиетінің тарихы мен теориясы туралы түсінік. Фольклортанудың тіл, этнография, тарих, философия, музыкамен байланысы. Ауыз әдебиет пен жазба әдебиетінің ара-қатынасы. Фольклорлық жанрлар мен түрлері.
2-таќырып. Қазақ фольклорының даму, қалыптасу кезеңдері.
Фольклортану – халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін классикалық ғылым саласы. Фольклортану ғылымының басты объектісі мен негізгі міндеті халық шығармашылығын зерттеу екендігі. Фольклордың қалыптасу, даму тарихы жөніндегі ой-пікірлер. Халық өнерінің түрлері және олардың ішінде фольклордың алатын орны. Фольклортанудың әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, археология, философия, мәдениеттану, психология т.б. ғылым салаларымен байланысы.
3-таќырып. Үйлену салты және наным-сенімдерге байланысты өлеңдер «Тойбастар», «Тойтарқар», «Жар-жар», «Сыңсу», «Беташар» өлеңдерінің ерекшеліктері. Наным-сенімге байланысты туған өлеңдер: бәдік, арбау-байлау, бақсы сарыны, жарапазан.
Достарыңызбен бөлісу: |