Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет21/33
Дата29.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#111396
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
18-тақырып Қ.Аманжолов
Жоспар:
1. «Байкал», «Бурабай толқындары», «Үстімде сұр шинелім», «Дариға, сол қыз» өлеңдері
Қ.Аманжолов қаhарманы белгілі бір іcті шапшаң атқаруға, шығандаған құштарлық таны­-
туға, өз сезімін жай сездіруді місе тұтпай, дабыралап жарлауға бейім тұруымен ерекшеленеді.
Ақынның 1943 жылғы «Байқал» балладасы да– осы тұжы­рымның айғағы:
«Байқал», «Байқал»– дегенге,
Тұрдым атып орнымнан,
Ұйқылы– ояу денемде
Толқи ақты ыстық қан.
Қызыл вагон есігін
Айқара ашып тастадық...
Соқты самал есіліп,
Ақты бұлақ тас жарып.
Торғын тұман жамылып,
Байқал жатты көсіліп,
Таң сәріден сабылып,
Жәрмеңкеге жосылып;
Кернейлеткен көп өзен
Жатты құйып тұс– тұстан.
Ерте оянған таң жеңгең
Тұрды қарап шығыстан.
Көріп отырғанымыздай, лирикалық қаhарманның орнынан тұруының өзінде (атып тұруы) шапшаңдық, шұғылдық бар. Осы ширақтықты лирикалық қаhарман денесіндегі «ыстық» қанның (әйтеуір бір қан емес) «толқи» ағуы (жай, әншейін ағу емес) да өрбіте түседі. Келер жолдарға үңілсек, «тас жарып» (ағаш жару­ды еске алсаңыз да, тасты бұзу оңай емес) бұлақ ағуы алдында ғана өрілген лирикалық қаhарманның вагон есігін «айқара» (жай, жартылай емес) ашуымен сәтті үндеседі. Бұл өзгешелікті көп өзеннің «жосылып» кернейлетуі де одан әрі тұлғалантуға бастайды. Осындай ерен алапат сипатқа ие болған лирикалық қаhарманның бұдан кейінгі өрелі әрекеттері де нанымды:
Шымылдықтай төгілген
Араладым орманын,
Аспанменен егескен
Бастым зәулім шыңдарын,
Күркіреп көкте кеңескен
Бұлттың cөзін тыңдадым.
Өр толқынмен ойнадым,
Қақтым ұшқан құстарын,
Шолп-шолп еткен шортанын
Шоқтығынан ұстадым:
Жаттым бір кез құмартып,
Салқын самал сайында,
Би билеттім бұралтып,
Ақ балтырлы қайыңға.
Үңіле зерделесек, мұндағы «шымылдықтай» теңеуінен ағаш­-
тардың соншалық жиілігін (шымылдық ар жағындағыны көре алмаймыз), яғни көп екенін байқасақ, «төгілген» сөзінде біртүрлі ұзындық, молдық салтанаты бар. Орманның осындай асқақ көрініcін шың биіктігі) аспанменен егессе, оның қаншалық шырқағаны белгілі) әрлендіре түседі. Табиғаттағы науандық, зәулімдікке сай алынған лирикалық қаhарман әрекетінің кесек­тігі де тәнті етеді. Ол, біріншіден, соншалық заңғарға шықса, екіншіден, соны емін-еркін басып жүр, тіпті, бір шыңнан екін­-
шіге бірден аяқ салғандай (демек қаншалық алып аяқ) әсер қалдырады («Бастым зәулім шыңдарын»). Одан әрі берілген: «Күркіреп көкте кеңескен // Бұлттың cөзін» тыңдау да, «өр толқынмен» ойнап, ұшқан құстарды қағу (қалықтаған құсқа қол жеткізу оңай ма), «шолп-шолп еткен» шортанды шоқтығынан ұстау да,– бәрі лирикалық қаhарман мықтылығын, ептілігін дәлелдей түcеді. Міне, осыншалық қарыштаудан кейін барып жылжып қозғалуы мүмкін емес, бір орында өcіп тұрған «ақ балтырлы» (балтырдың адамда ғана болатыны, «ақ» сөзімен септескенде, ерекше шырайлы көрінетіні өз алдына) қайыңға
жан бітіргені сондай, жай жүргізіп қана қоймай, оны «бұралтып» би билетуі де нанымды. Cол ғажаптан кейін дерексіз ұғым қиялдың жан иесіне айналғаны соншалық, оның қанаты болуы, басты cүйеніші қанатты тасқа соғуы да ешкімді таңдандырмай­ды. Міне, бұл көріністердің бәрі ауқымдаса, қаулай келе Қасым Аманжолов қаhарманының басқа ешкімге ұқсамайтын өзіндік бітімін негіздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет