Мәдениетті әртүрлі тұрағыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесіне деген үлкен қызығушылықтан туса керек. Оған дәлел ретінде 1964 жылдары батыс әдебиетінде мәдениетке 257 анықтама берілгендігі жөнінде американ мәдениеттанушылары А.Кребер мен К.Клахконның мәліметтерін келтірсек те жеткілікті сияқты.
Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады, өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өмірдегі толып жатқан құбылыстарын жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдері, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, және т.б ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылымдар саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады