Сұхбаттың мақсаты - зерттеу объектісінің педагогикалық жағдайға деген алынғандардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеуші күрделі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын түсіну сұрақ-жауап объектімімен терең қарым-қатынас жасай отырып, оның жекелік-мотивтік, когнетивтік және операционалды компоненттерін түсіну арқылы ғана мүмкін екенін ескеру қажет. Көптеген мамандарға сұрақ-жауап жүргізу арқылы тенденциялар мен құбылыстар дамуының заңдылықтарын қорытындылып түсіну мен анықтау мүмкіндігі туындайды.
Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сапалық және сандық тұрғыдан талдау жасау қажет. Талдау барысында сұрақ-жауап алынған адамның іс-әрекеті объектісінің шынайы сипаттамасын, жұмысындағы білім беру міндеттерін шешуде пайда болған қиындықтарды, оларды жеңудің тісілдерін анықтау қажет. Сұхбат нәтижелерінің талдауы мен олардың түсіндірмесі зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.
Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының қатал тогикалық құрылысы. Анкета құрастырушы ұсынған алдын-ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиынырақ.
Бекіту сұрақтары: 1. Сұрақ-жауап әдісі
2. Сұхбат-әңгіме-сұхбаттың бір түрі
Блиц тест: 1.Ақыл потенциялады мен интеллекті айқындауға арналған тест:
а) креативтік;
б) жетістік;
в) интеллек;
г) аффилиция.
2. Жағдайлық тест ұйғарады:
а) зерттелушісі зертханалық жағдайға орналастыру;
б) зерттелуші нақтылыққа жақын жағдайға орналастыру;
в) табиғи жағдайда бақылау;
г) респонденттер суреттеріне түсіндірме.
3. Сұраудың кемшіліктері болып табылады:
а) жауаптардың көрсеткіштік құндылығынан кейін өзі туралы мәліметтердің бұрмалануы;
б) ғылымның түрлі саласы бойынша білімді талап ететін сұрақтардың болуы;
в) тұрақты психиканың болуы;
г) мәндес емес жауаптар алу мүмкіндігі.
Әдебиет: 1. Организация и планирование научных исследований. Учеб.пос.для магистрантов./сост. А.А. Тленбаева. - Алматы: Қазақ унив., 2016-65с.
2. Хмель Н.Д. Методология научного поиска школа начинающего исследователя.- Семипалатинск,СГПИ, 2017. - 28с.
3.Кушнир Ю.З. Методология и методика педагогических исследований. - Могилев. 2018 г.
№10 Дәріс тақырыбы: Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі
Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1.Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі
2.Қорытынды кезеңі
3.Ғылыми-зерттеулердегі өнертапқыш міндеттері
Дәріс тезисі* Күрделі мәселе шешу мен зерттеу жұмысын жүргізгенде зерттеушінің өзіндік іс- тәжірибесенің мәні мен ғылыми дағдылардың мағынасы зор. Зерттеуші маңызды факторларды бөліп көрсетуде, жағдаятты тұтастай көрсету, қойылған мақсатқа жетуде оңтайлы жол- таңдауда білімді, тәлімді және епті болуы тиіс.
Тәжірибе деп адам өз білімін-тәлімін ғана атамайды. Кітап пен журналдарда жазылған ақпаратты, ғылыми конференциялырда естіп кӛрген мәліметті қорытындылып та тәжірибе жинақтауға болады. Алайда, мүлде бірдей жағдаяттар сирек кездеседі, сол себептен толымсыз мәлімет және жеткіліксіз ақпарат жағдайында шешім қабылдап, іске кірісуге тура келеді. Бұл жағдайда жетіспейтін мәлімет-ақпаратты толықтыру үшін жорамал мен болжамдарды қолданады, өзі не басқалар жинақтаған ғылыми тәжірибе мен ерекше үлгілерді зерттеуде алынған нітижелерді пайдаланады.
Адамзат әрқашанда болашақты білгісі келген, сондықтан ерте кезден болжаудың әр түрлі әдістер туындаған. Олардың кейбіреуі қиялға негізделсе, басқалары ғылыми жетістіктерге сүйеніп шынайы нәтижелер берген, мысалға, математикалық болжау әдістері. Егер бұрын ғылымның негізгі міндеті зерттелетін жүйенің жай-күйін түсіну болса, қазірде ғылымның кӛкейтесті мәселесі - мақсатқа жеткізген әртүрлі стратегияларды бағалау мүмкіндігі.
Зерттейтін объект немесе үрдіс және олардың болашақ тәртіп ерекшеліктері туралы максималды ақпарат мӛлшерін алу үшін, ұмтылыс тек қана бір тәсілмен қызықтыратын қасиеттері үлгіде зерттеу жолымен қанағаттандырылады. Үлгі объектіні нақты көрсету тәсілін беріп, оның әртүрлі қасиеттерін жеңіл және қаржының аз шығынымен зерттеуге мүмкіндік береді. Бірақ үлгі барлық қасиеттерді бірден зерттеуге мүмкіндік бере алмайды, оның ішінен зерттеуші ӛзіне қажеттісін таңдап алады. Сондықтан шын объект зерттелгеннен гӛрі жүйе туралы оңай тұжырымдама жасауға және керекті нәтиже алуға жеңіл де тезіріек мүмкіндік береді.
Ғылыми-зерттеулердегі өнертапқыш міндеттері. Ғылыми жұмыстармен шұғылданған адам жаңа идеяларды ұсына білуге, алдағы тұрған ғылыми міндеттерінің шешімін табуға міндетті. Адамдар әрқашанда жаңа ойлардың, шығармашылықтың қалай туындайтын, атап, айтқанда ғылыми шығармашылықтың қалай ӛтетінін білгісі келеді. Бұл сұраққа толық жауап беру мүмкін емес, өйткені шығармашылықтың өзі субъективті, әр адамның, тұлғаның қасиеттеріне, оның жеке қабілеттеріне, кездейсоқ ерекшеліктеріне т. б. байланысты. Бірақ шығармашылықтың кейбір жалпы сәттерін бӛліп шығаруға, формалауға және жаңа идеяларды, өнертапқыш шешімдерді, кейбір қорытындыланған әдіс арқылы ұсынуға болады.
Педагогикадағы әдістер тізбегі аталғандармен шектелмейді. Олардың түрі мен формасы педагогикалық теориямен айналысқан зерттеуші-ғалымдар мен озат мұғалімдердің ынта - ықылас ізденуіне байланысты, әдістердің жаман, жақсысы болмайды, олардың әрбірі өз орнында құнды.
Бекіту сұрақтары: 1.Жеке таңдауын ескере бөлек бөлшектерден тұтас сурет құрастыруды көздейтін жобалы әдіс:
а) интерпретация;
б) конструкциялау;
в) креативті тесттер;
г) құрылымдық.
2. Диагностикалау кезеңдерін кӛрсетіңіз:
а) нәтижелерді зерттеу, мәнін түсіну;
б) зерттеу жүргізу, зерттелушімен әңгіме;
в) зертханалың жағдайда бақылау, психикалық коррекция;
г) зерттелушімен әңгіме, нәтижелер мәнін ашу.
3. Жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін айқындауға, тануға және бағалауға бағытталған тесттер:
а) жетістік;
б) креативтік;
в) темперамент;
г) аффиляция.
Әдебиет: 1. Организация и планирование научных исследований. Учеб.пос.для магистрантов./сост. А.А. Тленбаева. - Алматы: Қазақ унив., 2016-65с.
2. Хмель Н.Д. Методология научного поиска школа начинающего исследователя.- Семипалатинск, СГПИ, 2017. - 28с.
3.Кушнир Ю.З. Методология и методика педагогических исследований. - Могилев. 2018 г.
Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1. Эксперимент ұғымының мәні.
2. Педагогикалық эксперименттің түрлері.
3. Эксперименттің деңгейлері.
Дәріс тезисі: Ғылыми педагогикалык зерттеудің кандай да бір әдіс не тәсілінің педагогикалык тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі - эксперимент.
Эксперимент деп - нақты, жағдайды есепке алып, педагогикалык процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады.
Предагогикалық процестерге сүйеніп, зерттеуші окытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен тәсілдерін тексереді. Экспериментті зерттеулердің нэтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалык жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объекті алынады. Олардың бірі - эксперимент, екіншісі - бақылау объектісі деп аталады.