Пәні: Арнайы педагогика


Зияты зақымдалған бала дегеніміз



бет2/5
Дата26.03.2022
өлшемі42,45 Kb.
#28904
1   2   3   4   5
Байланысты:
Арнайы педагогика

1.Зияты зақымдалған бала дегеніміз.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында көптеп кездесетіні зияты зақымданған балалар. Бала зиятының зақымдануының көптеген себептері бар олар:



  • ОЖЖ зақымдануы;

  • Түрлі жұқпалы инфекциялы аурулар интоксикация;

  • Ана құрсағындағы немесе туу кезіндегі травма;

  • Экология;

  • Антибиотиктер дұрыс қабылдамау;

  • Бала өмірінің алғашқы жылдарында ОЖЖ жарақаттары;

  • Экзогенді факторлар;

  • Түрлі тұқым қуалайтын генетикалық факторлар және т.б;

  • Резусфактор;

Зияты зақымдалған балаларды екі түрге бөліп қарастырамыз бірі ақыл – есі төмен балалар деп алсақ екіншісі психологиялық дамуы артта қалған балалар. Психологиялық дамуы тежелген балалар дегеніміз- оқу бағдарламасын меңгеріп түсінуде белгілі бір қиындыққа ұшырайтын балалар. Совет үкіметінің белгілі дефектологы Клара Самойловна Лебединская ПДТ балалардың негізгі 4 үлкен топқа бөлген олар:

  1. Соматогенді ПДТ дегеніміз әртүрлі генездің ұзақ соматикалық жетіспеушілігімен және созылмалы инфекциялар мен аллергиялық симптомдар, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық сфераның даму ақаулары болып табылады. Бұл балаларда самотагенді инфантилизм, невротикалық мінез сенімсіздік. қорқу секілді сезімдер пайда болады.

  2. Психогенді ПДТ дегеніміз балада тәрбиенің қолайсызз жағдайларынан туындайтын кемістік. Бұл нұсқада балаларда көбінше эмоциялық- ерік саласы зардап шегеді. Авторитарлы тәрбиенің бала үшін қатігез жағдайлар балада невротикалық мінез құлық қалыптасына алып келеді. Осылайша қадағалаусыздық асқыну кезінде балада психикалық тұрақсыздық, борыш пен жауапкершілік сезімнің болмауы қалыптасады.

  3. Кинституционалдық ПДТ дегеніміз балаларда бұл белгінің шығу тегі психикалық және физиологиялық инфантилизм болуы. Мұндай балаларға дененің инфантилді түрі, мимикасы мен моторикасы сондай-ақ психиканың инфантильділігі тән. Бұл балалардың эмоциялары кіші жастағы балалардың эмоциясына ұқсайды және ойынға құмар болады. ПДТ бұл түрі тежелуі ұзақ созылмалы аурулармен байланысты, олар психикалық жіне физиологиялық астениямен сипатталады.

  4. Церебральді-органикалық ПДТ дегеніміз балада онтогенездің ерте кезеңдерінде ОЖЖ органикалық зақымдануымен байланысты. Бұл формада даму қарқынының баяулау белгілерімен қатар ОЖЖ зақымдануының симптомалары да бар. Церебральды- органикалық кезінде эмоциялық- еріктік сфераның танымдық қызметінің де жетілмеуі бар.

Зияты зақымдалған балалардың тағы бір түрі ақыл- ой кемістігі бар балалар. Ақыл- ой кемістігін халықаралық ғылыми тілде олигофрения деп те атаймыз, грек тілінен аударғанда «ақылы» таяз деген мағына береді. Бұл терминді алғаш рет Эмиль Крепелин енгізген. Ақыл- ой кемістігінің негізгі 3 түрін қарастырамыз олар:

  1. Дебилдік- ақыл- ой кемістігінің жеңіл және өте жиі кездесетін түрі, бұл балалардың 70-80% осы топты құрайды. Бұл деңгейде балалар құрдастарынан юарлық жақтан артта қалады. Олар кеш сөйлейді кеш жүреді ақыл ой да ақырын дамиды және бұл балалар әлсіз аурушаң, епсіз болады. Бала айналасында болып жатқан жағдайға мән бермейді қызықпайды, заттарды өз бетімен зерттемейді, қоршаған ортада болып жатқан процестерге немқұрайлы қарайды. Мектепке дейінгі жастың соңында бұл балалардың сөздік қоры өте аз болады, өз қатарластарына қарағанда өте аз сөз біледі және 3-4 сөйлемнен тұратын сөздерді түсінбейді. Бұл балаларда тек заттық әрекет қалыптасқаннан кейін ойын жетекші болып қалыптаспайды. Сәйкесінше бала ойнай алмағандықтан оны қалыпты қатарластары ойынға қабылдамайды. 7-8 жастан зиятында ауытқуы бар балалар арнайы оқыту мекемелеріне қабылданады. Және бұл балаларда көптеп сөйлеу тілінде ауытқулар кездеседі.Бұл балалардың зият коэффициенті IQ 35-49 немесе 54.

  2. Имбецилдік- ақыл- ой кемістігінің орташа деңгейі бұл балалардың 10% осы топты құрайды. Бұл түрде бас миының үлкен жартышарының қабығы және де төменде жатқан құрылымы да зақымдалады. Нәрестелік жаста мұндай балалар кеш дамиды 3- жастан кейін жүреді. Сөйлеу тілі мектепке дейінгі жастың соңында ғана сөз тіркесі ретінде пайда болады. Танымдық мүмкіндіктері дамымағандақтан сезінуі, қабылдауы, есі, зейіні қатты зақымдалған. Бұларда моторика бұзылғандықтан өзін-өзі күту дағдысы қиындықпен және үлкендердің көмегімен жүзеге асады. Бұл балалар кішкене оқи алады және санауды қоршаған орта туралы кейбір мәліметтерді меңгеруге қабілетті. Имбецилдік дәрежеде сөздік қоры небәрі 200-300 қарапайым сөздерден тұрады және интеллектуалды коэффициенті IQ 20-50, ал ауыр имбецил кезінде 20-35 болады.

  3. Идиотия (нақұрыстық)- ақыл- ой кемістіктің ең ауыр және сирек кездесетін түрі. Шығу себебі көбінше ішінен статикалық және моторикалық функцияның бұзылысы болып келеді. Бұл балаларда кездеседі әртүрлі сезімдік реакцияның көрінуіндегі тежелулер, тұру, жүру дағдасының кеш дамуы айналасындағы болып жатқан құбылыстарға және ойынға деген қызығушылығы әлсіз байқалады. Ересектерде ойлау танымдық процестер қатты зақымдалған, сөйлеу тілі баяу дамиды немесе мүлдем дамымайды. Бұл балалар өзін белгілі дәрежеде ғана күте алады және оқуға мүлдем қабілеті келмейді. Мұндай балалар арнайы үй- интернаттарында өмір сүреді мұнда оларды бағып, күтіп баптау тіршілік ету жағдайлары қамтамасыз етілген. Идиотияда интеллект коэффициенті 20% дан төмен болады.

Олигофренияның клиникалық формалары 3 топқа бөлінеді олар:

  1. Ші топ тұқым қуалайтын факторлар:

Микроцефалия- балада бас сүйегінің кішкентайлығымен ерекшеленеді. Бұл кезде балада интеллектуалдық жеткіліксіздік сәйкесінше сөйлеу ойлау танымдық процестер дамымаған.

Дауна ауруы хромосомдық ауытқуы- бұл ауру балада 21 хромосоманың артықшылығымен ерекшеленеді. Мұндай балалардың бас сүйегі кішкентай, тістері дұрыс орналасып өспеген, саусақтары бойлары аласа болып келеді.

Клайнфельтер синдромы- тек ұл балаларда кездесетін ауру бұл ауру хромосоманың көптігімен ерекшеленеді. Мұндай балалар жыныстық дамымауымен жіне ұзын бойымен қадағаланады.

Тернер- Шернешевскийдің синдромы тек қыз балаларда кездеседі. Бұл ауру х- хромосомасының жеткіліксіздігінен ерекшклкнеді.



  1. ші топ перинатальді түрі.

Туа біткен сифилис- жалпы физиологиялық ауытқулар кездеседі және эпилепсияның көрінісі болуы мүмкін.

Токсоплазмоз- мұнда баланың бас ми сүйегінің деформациясымен бірге көзінің кемшілігі, ішкі органдарының ауытқулары қадағаланады және олигофренияның имбецил идиотия деңгейлерінде көрініс табады.

Листериоз- ауру анадан іштегі балаға жұққан аурудың бір түрі болып келеді. Психологиялық жетілмеуі идиотия деңгейінде кездеседі.


  1. Ші топ генетикалық фактор.

Бұл топқа көбінде гемолитикалық аурулар кездеседі яғни ата- анасының резус- факторының сәйкес келмеуі балаға гемолитикалық болып келеді. Баланың өмірінің алғашқы 35 сағатында сары ауру қадағаланады және 2-3 күн арасында ауру одан әрі өрши түседі. Балалар әлсізденеді ұйқышыл болып келеді, емуді тоқтатады, бұлшық еттерінің тартылуы кездеседі. Егер балаға өз кезегінде ерте көмек көрсетсе балада таным процестері өз деңгейінде қалыптасады, ал егер көмек түрі көосетілмесе юалада танымдық іс- әрекеті кешеуілденеді.

ПДТ балалар мен ақыл- ой кемістігі бар балаларды ажырату төмендегідей жүреді:



Психикалық дамуы тежелген балалар

Ақыл-ой кемістігі балалар

Қимыл қозғалысы қалыпты дамиды немесе балада жеңіл түрде шектелуі мүмкін.

Балада қозғалыс қабілетінің тежелуі кездеседі.

Балада бас миының жартылай ғана зақымданады және ОЖЖ қызметінің бұзылуы кездеседі.

Бас миының жалпылай зақымдануы ОЖЖ зақымдануы.

Таным процестерінің кейбіреуі ғана бұзылады.

Жалпы таным прцесінің ерік- жігерінің мүлдем бұзылуы дамымауы кездеседі.

Балада есте сақтау күрттөмендейді логикалық ойлау байланысы қалыпты болғанымен болған оқиғаның бір бөлігін есіне сақтай алмайды.

Логикалық ойлау байланысы есте сақтауы қиындай түседі.

Көңіл- күйі болған оқиғаға сәйкес өзгереді, эмоциясын ажырата аламыз.

Мұндай балаларда көңіл күйінің қандай екенін ажырата алмаймыз.

Бала өзінің жеткен жетістіктеріне қуанады кейде жағдайға байланысты мұңаяды.

Бала жеткен жетістіктеріне қызығушылығы төмен болып келеді.

Көрсетілген көмек түрлері оң нәтиже береді бала барынша есте сақтауға тырысады.

Балаға тәрбиелеу оқыту жұмыстары нәтижесіз, тез ұмытып қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет