Пәні: Бағалаудың өлшемдік технологиялары



бет16/18
Дата18.01.2023
өлшемі174,67 Kb.
#61750
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
3. Сәкестендіру
4. Сурет




№21

Сұрақтар/тапсырма

1

Оқушылардың жауабын бағалаудағы қиын жағдаяттарды шешу жəне моделдеу қалай жүреді? Түсіндіріңіз
Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады. Жауапты бағалауда қиындықтар туған жағдайда әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Мысалы: «20 секунд» әдісі. Ұстаз арнайы сұрақтар жасырады және ойлануға 20 секунд уақыт береді. Қолданылатын әдіс оқушылардың өз жауаптарын ой елегінен өткізіп, нақты жауап берулері үшін жасалынады. Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандайда бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс, өйткені топта жұмыс істей білу оқушыны қалыптастырудағы өте маңызды. Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.
Формативті бағалау оқушылар мен сыныптастардың өзін-өзі бағалау әдісін қолдануды қарастырады.

2

Қалыптастырушы
немесе оқу үшін бағалау (ОүБ) әдісін түсіндіріңіз 15 билет 3 сұрақ

3

Бағалаудың рейтингілік жүйесін талдаңыз
12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы балдық және рейтингілік тұрғыда бағалауға негізделген бағалаудың балдық – жинақтау жүйесі болып табылады. 1 билет




№22

Сұрақтар/тапсырма

1

Биология сабағында формативті бағалауды қолданудың әдісін талдаңыз
Қазіргі заманымызда білім берудің басты талабы – шығармашылықпен жұмыс жасайтын, бәсекеге қабілетті, білімді тұлға тәрбиелеу керек екені белгілі. Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс деп білеміз. Критериалды бағалау- оқушының оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр. Мектепте үздіксіз педагогикалық оқу-тәрбие іс-тәжірибесін өту кезінде мұғалімнің биология сабақтарын жүргізу жоспарын оқыту мақсатына сай жоспарлайды. Сонымен қатар билогия сабағында мұғалім, кретериалды бағалауды күнделікті сабақта қолданып жүрді. Оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмаларды орындау арқылы қалыптастырушы бағалау жүзеге асады.

2

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға,
қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-
аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге жағдай жасайды. Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы
жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге
мүмкіндік береді.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі білім
алушының белгілі бір бөлімді/ортақ тақырыпты аяқтауы бойынша
жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Аталған бағалау түрінің мақсаты бөлім тақырыбы/ортақ тақырыптар
бойынша жіберілген кемшіліктердің дер кезінде алдын алу болып
табылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір
деңгейіндегі жиынтық бағалау оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін
анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай жиынтық бағалаудың мазмұнына
оқудағы күтілетін нәтижелердің ішіндегі репрезентативті таңдау жатады.

3

Топтық жұмысты бағалау əдістемесін жасаңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет