Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдаңыз
2022-2023 оқу жылында оқушыларды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды білдіретін критериалды бағалау жүйесі бойынша жүргізіледі:
Жиынтық бағалау- белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі.
ТЖБ әр тоқсан аяғында алынады, бірақ тоқсанның соңғы күні өткізілмейді. Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық ТЖБ өткізуге болмайды. Бір пәннен БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейді. "Көркем еңбек", "Музыка", "Дене шынықтыру", "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері", "Графика және жобалау", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық", "Зайырлылық және дінтану негіздері" және бастауыш мектепте "Цифрлық сауаттылық" пәндерінен БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді. Оқушылардың бұл пәндерден оқу үлгеріміне тоқсан/жартыжылдық және оқу жылының қорытындысы бойынша "есептелінді" не "есептелінген жоқ" деген белгі жазылады.
№20
Сұрақтар/тапсырма
1
Сұрақ қою техникасына мысал келтіріңіз
Мұғалімдер төмен дәрежелі және жоғарғы дәрежелі сұрақтардың айырмашылығын біледі, сұрақ қою түрлері мен техникасымен танысады. Блум таксономиясы бойынша оқушыларға сабақ барысында сұрақ қою жөнінде танысады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды ″жабық″ немесе ″дұрыс емес″ сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап (″дұрыс″ немесе ″дұрыс емес″) бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады.
2
Қалыптастырушы
немесе оқу үшін бағалау (ОүБ) әдісін түсіндіріңіз 15, 1 билет
3
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастырыңыз
«Жүйке жүйесі» бөлімі бойынша ТЖБ тапсырмалары /8сынып/
Оқушының аты- жөні: Күні:
Орындалу уақыты:20 мин
Ойлау дағдыларының деңейі: Білу және түсіну.Қолдану.
1.Жүйке жүйесі бөлімдері:
А соматикалық, вегетативтік С Жұлын,ми
В қозғалтқыш,шеткі Д Орталық, шеткі 2. Төмендегі тұжырымдардың шындық /жалған екенін анықтаңыз:
1. Мидан 12 жұп жүйкелер тарайды. Ш
2. Жұлынның өткізгіш жолдары қысқа, ұзын, артқы депи бөлінеді . Ж.
3. Жүйке жүйесінің тағы бір атқаратын қызметіне өсу жіне көбеюжатады. Ж