Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет76/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   162
3. Жаңа тақырып:
1.Адам қаңқасы.
2.Сүйектің құрылысы мен құрамы. 
3. Баланың сүйектерінің ерекшелігі.
4. Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі.
5. Баланың қимыл-қозғалысы.
3. Нығайту:
Карточка № 1
1. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы және құрылысы қандай? 
2. Бала сүйектерінің өсіп-жетілу ерекшеліктері қандай? 
Карточка № 2
1. Белсенді қозғалыс жүйесіне не жатады? 
2. Баланың қимыл-қозғалыстарының даму ерекшеліктері қандай? 
4.Үй жұмысы:5 тарау, 112 -119 бет
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Кабанов А.Н., Чабовская А.П. «Мектеп жасына деінгі балалар анатомиясы, физиологиясы
және гигиенасы» А-А, 1982 ж.
2. Б.Қалкенова «Адам анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және
гигиена».«Фолиант» баспасы, Астана 2015 ж
Оқутышы: Омарова Ш.Қ.
Лекция 18
Тақырыбы: Адам қаңқасы. Тірек- қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі. 
1.
Жалпы түсінік.
2.
Қаңқа құрылысы.
3.
Сүйектің құрылысы.
4.
Сүйектің химиялық құрамы.
5.
Сүйектердің байланысу түрлері (Синдесмология)
6.
Адам қаңқасының құрылысы.


Жалпы түсінік. Тірек-қимыл аппаратына сүйектер мен сүйекаралық байланыстар және
бұлшық еттер жатады. Сүйектер адамда да, жануарларда да денеге белгілі пішін берумен
бірге, тірек-қимыл және қорғаныш қызқметтерін атқарады. Мысалы, қол-аяқ сүйектері,
омыртқа жотасы тіректің және қимыл қызметтерін атқарса, бас сүйектері мен көкірек
клеткалары - өкпені т.б. органдарды қоршап, қорғаныш қызметін атқарады. Сүйектер
бұлшық етсіз, буын-байламдарынсыз қимыл қызметтерін атқара алмайды. Буын мен
байламдар қаңқа сүйектерін бір-біріне байланыстырып отырса, бұлшық еттер өздерінің
жиырылу қасиеттерінің арқасында денені немесе оның жеке мүшелерін қимылға келтіріп
отырады. Осы процестер рефлекторлы түрде нерв жүйесінің басқаруымен өтеді. Бұлшық
еттердің бір сүйектен басталып, міндетті түрде бір, не бірнеше буыннан аттап барып екінші
сүйекке бекінеді, сондықтан еттер жиырылғанда, сүйекті буыннан жазып, не бүгіп қимылға
келтіреді. Бұлшық еттердің бұл жұмысын динамикалық қызметі дейді. Осы қызметтері
рқылы дене қимылы, оның жазықтағы өзгеруі және тік қалыпта тұруы, сыртқы ортаға
икемделуі т.бт неше түрлі еңбек әрекеттері өтіп жатады. Осыған байланысты адам денесігдегі
сүйектер мен бұлшық еттерді тірек-қимыл аппараты деп атайды.
Бұлшық еттердің тыныш күйінде де жұмыс жағдайында қатайып тұру қасиетін тонус деп
атайды. Тірі адамның бұлшық еттері өлі дене еттерінен осы тонус арқылы ажыратылады.
Анатомияда тірек-қимыл аппаратын терең зқерттеу үшін оларды үлкен екі салаға бөліп
оқытады. Сүйек саласын – огстеология, ал бұлшық еттер туралы саласын – миология деп
атайды. Сүйектер туралы ілім(остеология).
Қаңқа құрылысы. Қаңқа негізінде 200-ден аса сүйектерден түзілген. Көбі жұп келеді.
Дененің жалпы салмағымен салыстырғанда, сүйектер 10 процент қана болады. Бұл жэағдайда
жалпы сүйек құрылысының жеңілдігін дәлелдейді. 
Сүйек – адамның денесіндегі негізгі жанды мүше болып табылады. Ол өзінің қаттылық
қасиетінің арқасында денені қимылға келтірумен бірге тіректік қызмет атқарады. Сүйекте
негізгі сүйек тканінен басқа нерв және дәнекер ткандері де болады. Олар сүйек құрылысында
қан, лимфа тамырларын және енрв тлшықтарын түзеді.
Сүйектің құрылысы. Сүйекті ұзына бойына жарып көрсек, оның құрылысының бірыңғай
емес екендігін көруге болады. Оның сыпт жағы қатты заттан түзілсе, ішкі жағы нда кемік
заты борлады. Сүйектің тығыз жағының қалыңдығы мен кемікті затының бағыты сүйекке
түсетін салмаққа байланысты келеді. Мысалы, аяқ жіліктерінің сыртқы тығыз заты қол
жіліктерінің тығызө затына қарғанда қалыңдау келеді. Сүйектің кемікті заты сүйек
қабыршақтарының (пластинкаоары) жату жағдпайына байланысты. Олар бір-біріне әр түрлі
бағытта жптып, өз арлықтарында саңылау қалдырады. Ол саңылауларда сүйек майы
орналсады. Кемір затының сүйек қабыршақтары әртүрлі бағытта жатқанымен орналасу
тәртібі сүйекке түсетін салмаққа байланыст болып келеді. Мұндай құрылыс сүйекке беріктік
қасиет береді. Кемікті заттар жалпақ қысқа (қабырға, омыртқа), ыртқы сүйектерде тұтасынан
толтыра жатса, жілік сүйектерінің бас жағынжда ғана кездеседі. Сүйектің тығыз заты
сыртқы , ортаңғы, ішкі деп аталатын үш қабаттан түзілген.
Сыртқы қабаты бір-біріне қабаттал жатқан сыртқы жалпы қабатын түзеді.
Ішкі қабаты жіліктің май түтігіне жақын жатып, ішкі жалпы қабатын жасайды. Сыртқы
және ішкі жалпы қабаттарының арасында ортаңғы қабаты жатады. Сүйек ішінде жілік майы
жатады, он,ың өзі түсіне, атқаратын жұмысына қарай сары және қызыл май деп бөлінеді.
Сары май жілік қуысын (диафиз) бөлігін толтыра жатса, қызыл май жілік басында, кемікті зат


арлығында кездеседі. Бұл қан түйіршіктерін шығаратын мезодермалық тканмен түзілген.
Әсіресе, жасөспірім балада қызылмай көбірек болды.
Сүйектердің химиялық құрамы. Сүйек құрамына органикалық және минералдық заттар
кіреді. Минералдық заттарға негізінен кальций, фосфор тұздарымен магнезия, көмір
қышқылды хлорлы натрий жатады. Олар сүйектің 2\3 бөлігін, органикалық 3\1 бөлігін алады.
Сүйектің осындай химиялық құрамы оған қаттылық қасиетімен бірге серпімділік қасиетін де
береді. 
Сүйек пішіні әр түрлі органдрдың атқаратын қызметіне қарай ткань, қасиетіне қарай
түрліше болады. Негізінен сүйектерді пішініне қарай, ұзын, қысқа , жалпақ және күрделі
құрылысты деп бөлеміз. 
Сүйектердің байланысу түрлері. 
Қимылсыз байланыстар. Қимылсыз байланыстарды сүйекаралық ткань, қасиетіне қарай 3
түрге бөлеміз. Екі сүйек аралығын шеміршен ткані байланыстырып жатса, синхондрозды
байланыс деп атайды. Сүйекаралық шеміршектер гиалинді және талшықты деп бөледі.
Гиалин шеміршегі арқылы байланыс өте серпімді, иілмелі, қимылды келеді, ал талшықты
шеміршек арқылы сүйетер неғұрлым берік қосылды. Сол себептен сүйек ралығында қимыл
мүлдем болмайды. Бұл байланыстарды омыртқа арлықтарында, ми сауытының сүйек
аралықтарында,І – қабырға мен төс аралығында кездестіреміз. 
Екі сүйек аралығын дәнекер ткані байланыстырып жатса, оны синдесмозды байланыс деп
атайды.
Сүйектердің сүйек ткані арқылы байланысуын немесе сүйектену процесін синостозды
байлныс деп атайды. 
Қимылды байланыстар. Қимылды байланыстрға адам денесіндегі буында қосылыстар
жатады. 
Буын құрылысына қатысатын сүйек санына қарай жай және күрделі буындр болып
бөлінеді.
Жай буын деп – екі сүйек қосылысынан пайда болған буынды айтса, күрделі буын деп –
үш немесе одан да көп сүйектер қосылысынан пайда болған буындарды атайды. Жай
буындарға: иық, жамбас, бұғана, буындар жатады. Әрбір буын – буын бетіне оны жауып
жатқан буын шеміршегінен және буын қапшығынан түзілген.
Буын беті деп – екі сүйектің бір-біріне қараған, беттескен жерін айтады. Бундасушы
сүйектердің беттері бір-біріне сай келеді. Бірі ойыс болып келсе, екіншісі дөңес болып кетеді.
Мысалы, ортан жіліктің шар басына, жамбастың ұршық ойысы сацй келсе, тоқпан жілік
басына жауырынның буын ойысы сай келеді.
Сүйектердің буын беттері шеміршекпен жабылады. Оны гиалин шеміршегі дейді. Ол өте
тегіс ашық-көгілдір келеді. Бұл сүйектердің бір-біріне қажалмй еркін қимылдап тұруына
себеп болады. 
Буын қуысы деп – екі сүйек аралығындағы саңылау қуысты айтамыз. Бұл қуыстың буын
қапшығымен айнала тұйықталып жатады. Буын беттерін ылғалдап тұратын буын сұйықтығы
ол арқылы өтетін қимыл әрекеттерді оңайлктады, әрі сүйек аралық үйкеліс болмауын


қамтамасыз етеді. Буын қапшығы байланыс жасап жтқан сүйектердің буын жиектеріне бекіп
жатады. Буын қапшығы екі қабаттан тұрады. Сыртқы фиброзды, ішкі – синовиялды деп
аталатын екі қабаттан тұрады. Сыртқы қабат талшықты дәнекер тканінен түзілген. Бұл
қабатты Буын қапшығын сырт жағынан жауып, сүйек қапшығына тіркеледі. Өте берік келеді,
қорғаныштық қызмет атқарады. 
Буындарды шар, эллипс, ер, шығыршық, цилиндр тәрізді жазық пішінді деп бөлеміз. Осы
аталған пішіндеріне байланысты әр буынның тек өзіне тән біліктік айналу қимылдары бар.
Осыған орай бір, екі, үш немесе көп білікті буындар деп бөледі.
Буындардың бекем болып тұруына негізінен үш жағдай әсер етеді: 
1)
Сіңір байламдарының қатуы;
2)
Бұлшық еттердің тартымы ( тонусы)
3)
Буын қуысындағы қысымның атмосфералық қысымға қарағанда кем болуы. Осы
жағдайлардың ара-қатынасының өзгеруіне байланысты түрлі буын аурулары болуы мүмкін.
Адам қаңқасының құрылысы.
Адам қаңқасы дене мүшелеріне сәйкес топтасып, тұлға, қол-аяқ және бас сүйектеріне
бөлінеді.
Тұлға сүйектері омыртқа жотасымен көкірек клеткасынан құралады. Омыртқа жотасы
бой тізбектеле орналасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Көкірек клеткасы алдынан төс
сүйегімен, арт жағынан көкірек омыртқаларымен шектелетін 12 жұп қабырғалардан түзілген. 
Қол-аяқ сүйектері өздерінің қызметіне қарай еркін қозғалмайтын (иық және жамбас)
белдеулері, еркін қозғалып тұратын (қол-аяқ) сүйектері болып екіге бөлінеді. 
Қол – тоқпан жілік білек немесе қол басы сүйектерінен тұрады. Қол басы сүйектерінің өзі
білезік сүйектері, және алақан, саусақ бақайшақтары болып бөлінеді. Иық белдеуі жауырын
және бұғанадан тұрады. 
Аяқ сүйектері - ортан жілік, сирақ сүйектері, аяқ басы сүйектері деп бөлінеді. Аяқ басы
сүйектері толарсақ, табан және бармақ бақайшықтарынан тұрады. Жамбас белдеуіне екі
жамбас сүйегімен сегізкөз жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет