Қасиеті : Қанның ең керемет қасиетінің бірі – ұюы. Қан ұйығанда тромб түзіледі. Тромб-фибрин
ақуызынан түзілген. Ұю Са / кальций/ тұздарының қатысуымен жүреді. . Тромбоциттер – сүйек
майының ірі жасушаларының ыдырауынан түзіледі (57-сурет). Ыдысқа құйылған қанның екінші
қабатын тромбоциттер құрайды. Тромбоциттердің диаметрі 2–5 мкм, түссіз, домалақ немесе сопақша
пішінді ядросыз жасуша. Қанның 1 мм
3
-де 250–400 мың тромбоциттер болады. Қанның ұюына
қатысады. Тромбоциттер сүйек кемігінің майында жасалады. Қан тамырлары зақымданғанда
тромбоциттер тез бұзылып, қанды ұйытатын ерекше зат бөледі. Қан тамырларының зақымданған
жерлерін бітейді. Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы 7–10 күн.
Қанның қызыл түсті болуы – эритроцитке байланысты.. Олар оттегін өкпеден жасушаларға
апарады, ағзадағы СО
2
сыртқа шығарады.
Лейкоциттер – қорғаныш қызметін атқарады, ал тромбоциттер – қанның ұю қызметін атқарады.
Қан жасушалары сүйек кемігенде, көк етте. Лимфа түйіндерінде түзіледі. Адамның 1 мм
3
қанында 4–
9 мың әр түрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит және т. б.) лейкоциттер болады. Лейкоциттер
құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті
лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. Түйіршікті лейкоциттерге –
нейтрофилдер (45–75%), эозинофилдер (1–5%) және базофилдер (0–1%) жатады. Түйіршіксіз
лейкоциттерге – лимфоциттер (18–30%), моноциттер (2–9%) жатады (қосымша бет). Олардың
цитоплазмасында түйіршікті түзілістер болмайды. Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа
түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ
ішпегенде) аздау, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 2–5 тәулік. Эритроциттер
сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады
Қанның төрт тобы бар. Әр адам өз қанының тобын білуге тиіс.
Қандағы лейкоциттер арқылы адам ағзасы сырттан түскен микробтардан, басқа денелерден
қорғалады: фагацитоз, антитела жасап шығару. Оны иммунитет деп атайды. Туа пайда болған
иммунитет және жүре пайда болған иммунитет болып екіге бөлінеді. Іштен пайда болған иммунитет
ата-бабадан ұрпаққа тұқым қуалайды. Жүре пайда болған иммунитет деп жұқпалы аурумен
ауырғаннан соң адамда иммунитет пайда болуын айтады. Бұл екеуі де табиғи иммунитеттер.
Жасанды иммунитет пайда болу үшін адамдарды алдын ала егеді. Иммунитетті бүлдіретін ең қауіпті
– вирус – ЖИТС, вирусы – ВИЧ.