Бұлшық еттің жұмысы оның жирылғыштың қасиетіне байланысты жиырылу нәтижесінде
организмде бірнеше үрделі өзгерістер пайда болады. Бұлшық ет жұмысы нерв жүйесімен
реттеліп отырады. Егер бұлшық
еттер жиырылған кезде дене, не оның бір мүшесі бір
орыннан екінші орынға қоғалса, оны
динамикалық , ал егер өозғалмаса
статикалық жұмыс
деп атайды. Дененің бұлшық еттері өзінің пішініне қарай әртүрлі қызмет атқарады. Олардың
күші көлденең қимасына яғни ет талшықтарының санына олардың қалыңдығына байланысты
өтеді.
Адамның ететтері бірыңғай салалы және көлденең жолақты ет тканьдерінен түзілген.
Бұлшық еттердің құрылысы. Жалпы адам денесінде 600-ден аса бұлшық ет болады.
Олардың көбі жұп болып келеді. Бұлшық ет майда миофибрилдерден түзілген. Олардың
әрқайсысының шеттерінде шашыранды ядросымен сыртын қаптап жатқан сарколема деген
қабықшасы болады.. миофибрилдер бір-бірімен бірігіп дәнекер тканьімен қапталған ет
будаларын түзеді. Бұл будалар өзара бірігіп, дәнекер тканьінен тұратын кілегей
қабықшасымен қапталып жатады.
Бұлшық еттердің түсі атқаратын қызметіне күрең қызғылт, ашық қызғылт болады.
Бұлшық еттердің толықө келген жерін денесі ал екі шетін ет сіңірі деп атайды.
Бұлшық еттердің пішіні әр түрлі , өйткені олардың ет
талшықтарының бағытының
атқаратын қызметіне байланысты. Жалпы оларды ұзын, қысқа жалпақ еттер деп 3- түрге
бөледі.
Маңызы
1 - бүгіп, қозғалысқа келтіру; 2 - мойын мен кеудені қозғалту; 3 - қолды көтеру; 4 - иықты
жоғары қозғау бұлшықеттері; 5 - құрсақ бұлшықеті; 6 - денені тік ұстап жүруге көмектесу; 7
- мықынды қимылдату; 8 - санды қимылға келтіру; 9 - балтыр мен аяқ ұшын қимылға келтіру
бұлшық еттері.
Бұлшықеттер
адам
ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз
ететін тірек-қимыл
жүйесінің белсенді бөлігі.
Бұлшық еттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде
қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ
қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады.
Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшық
еттердің жиырылу, босаңсу өсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішінін беріп,
денені тік ұстауға көмектеседі.
Құрылысы
1 - бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 - бұлшықет талшығының шоғыры; 3 - бұлшықеттің
жуан талшықтары; 4 - бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы; 5 - оттегімен қамтамасыз
етілетін жақсы дамыған бұлшықет талшықтары 6
- май басып, нашар дамыған бұлшықеттер.
Бұлшықеттер - бұлшық ет
ұлпасынан
, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан,
қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.
(Бұлшықет ұлпасын естеріңе түсіріңдер.) Бұлшықеттердің негізін - көлденең жолақты
бұлшық ет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды .
Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденеңжолақты бұлшықет
ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі.
Бұлшықет ұлпасын құрылысына
қарай бірыңғайсалалы, көлденеңжолақты (қанқа
бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғайсалалы бұлшық еттер ішкі
мүшелердің ішкі жағын (ішек, қарын, қантамырлар, несепағар, қуық, т.б.) астарлап жатады.
Бұлшықет жиырылғанда ішкі мүшелер көлемін өзгертеді. Олардың жиылуы баяу әрі
ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.
Көлденеңжолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көл-денеңінен
жолақтанып жатады. Көлденеңжолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді,
диаметрі 0,1 мм, ұзындығы бірнеше онда-ған мм-ге жетеді. Бұлшықет талшықтары -
миофибриллалар (грекше «тіо»- бұлшықет, латынша «fibrilla» - талшық) миозин және актин
нәруыздарынан тұрады. Миозин - бұлшықетте ет талшықтарының жиырылып босаңсуына
қатысатын еритін нәруыз. Актин - бұлшықетте
миозинмен бірге болатын, ет
талшықтарының жиырылып, босаңсуына қатысатын нәруыз. Миофибриллдар (миоциттер)
бұлшықеттердің ең кіттті құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Көлденеңжолақтар әр түрлі
оптикалық
қасиеті бар талшықтар будасының
миофибриллаларда ашықтау және күңгірттеу болып кезектесіп орналасуы. Миозин
нәруызынан тұратын жуан талшықтардың будалары жарық микроскопынан
күңгірттеу
жолақ болып көрінеді. Ашық түсті жіңішке жолақтар актин нәруызының жіңішке
жіпшелерінің будала-рынан түзіледі.
Жүректің көлденеңжолақты бұлшықет
ұлпалары
2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің
жиырылуын
қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын өткізеді.
Жүректің бұлшықеті кұрылысы жағынан көлденеңжолақты болса, қызметі бірыңғайсалалы
бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденеңжолақты болғанымен,
жиырылуы адамның ер-кінен тыс, санаға бағынбайды. Жүректің жұмысын тоқтатам десең де
тоқтата алмайсың. Оның ұлпалары ерекше. Ғалымдар адам дене-сінде 600-ден астам қаңқа
бұлшықеттері бар деп есептейді.
Қаңқа бұлшықеттеріне
Қаңқа бұлшықеттеріне - тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ
бұлшықеттері жатады. Бұлшықет талшықтарының сыртын жұқа дәнекер ұлпасынан тұратын
қабықша қаптайды. Бұлшықеттегі будаланып орналасқан талшықтардың арасында
қантамырлар мен жүйкелер болады. Қантамырлардағы қан тасымалдау қызметін атқарса,
жүйкелер оның жиырылуын реттейді. Қаңқа бұшықеттерінің
екі шеті тығыз дәнекер
ұлпасынан түзілген сіңірмен бітеді. Сіңірлердің мөлшері әр түрлі. Әсіресе аяқ-қол
бұлшықеттерінің сіңірлері ұзын болады. Сіңірлер арқылы бұлшықеттер сүйектерге бекінеді.
Көптеген бұлшықеттердің сіңірлері буындардың екі жағындағы сүйектерге бекінеді.
Сіңірлер өте мықты болғанымен, жиырылуға қабілетсіз.
Достарыңызбен бөлісу: