5.Үй жұмысы: 6 тарау, 150 -153 бет
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Хрипкова А.Г. «Возрастная физиология», «Просвещение», М.., 1978 ж.
2. Б.Қалкенова «Адам
анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және
гигиена».«Фолиант» баспасы, Астана 2015 ж
3. Е. Керімбеков Адам анатомиясы, «Рауан», Алматы 1992 ж.
Оқутышы:
Омарова Ш.К.
Лекция 22
Тақырыбы: Қанның құрылысы мен қызметі. Қан құрамының жас
ерекшеліктері.
1.
Қанның қызметі
2. Қанның құрамы
3. Қан плазмасы
4.
Қан жасушалары
10. Лимфа жүйесі.
Мақсаты: Тамырлар жүйесінің жалпы көрінісі, қан өткізу жүйесінің қызметі,
тамырлардың топтастырылуы. Қанның қызметі, құрамы, плазма,
қан жасушаларына
сипаттама, қан айналым жолдары, лимфа жүйесі туралы түсінік беру.
Қанның қызметі: 1) адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бір-
бірімен өзара байланыстырады; 2) оттекті өкпеден ұлпаларға жеткізіп,
көмірқышқыл
газынан тазартады; 3) қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді; 4)
ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т.б. мүшелерге
тасымалдайды; 5) дене
температурасының тұрақтылығын сақтайды; 6) ағзаны зиянды микробтардан қорғайды; 7)
ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды; 8) жасушаларда
қышқылдың,
судың деңгейін реттейді; 9) қорғаныштық қызмет атқарады (қанның ұю
қабілеті).
- тасымалдаушы қызмет
- қорғаныстық қызмет
- жылу реттеуші қызмет
- байланыстырушы (коррелятивтік) қызмет.
Достарыңызбен бөлісу: