АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ «ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
КАФЕДРА «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»
Пәні: философия
Дәріс 13. Тарих философиясы
Дәріс 13. Тарих философиясы
Жоспары
1.Тарих философиялық ойлаудың пәні ретінде
2.К.Ясперстің осьтік уақыт тұжырымдамасы
3.О. Шпенглер мен А. Тойнбидің тарих философиясы
Тарих философиясының пәні – тарихи процестің мағынасы мен жалпылама мазмұны, оның заңдылықтары және зерттеу методологиясы.
Тарих философиясының пәні – тарихи процестің мағынасы мен жалпылама мазмұны, оның заңдылықтары және зерттеу методологиясы.
Философиялық тарихи идеялар көне заманда туындай бастады. Белгілі философ А.Ф.Лосев грек антикалық уақытында бұл идеялардың суреттемесін берді.
Нақтылы тарих философиясының негізінде қашанда уақыттың белгілі бір үлгісі жатады. Антик тарих философиясы уақыттың қайталанбалы моделіне бағдарланған, сондықтан оның сол немесе басқа түрлеріне мәңгі қайтып келу идеясы тән болды.
Батысеуропалық ортағасырлық тарих философиясы христиандық негізде тура сызықтық, түпкі уақыт моделіне сүйенеді. Жаңа және қазіргі дәуірлердегі тарих философиясы тура сызықтық шексіз уақыт моделіне сүйенеді.
«Тарих философиясы» терминін 18 ғасырда, 1775 жылы француз философы Француа-Мари Аруэ де Вольтер енгізді. Оның пайымдауынша, тарих философиясы нақты тарихи оқиғалар, үдерістер, фактілер арқылы тарихи үдерістің мәнін, логикалық байланыстарын және үрдістерін түсінуге ұмтылады.

Вольтердің пікірінше, тарихи факт дегеніміз құбылыс қана, зерттеуші ой онымен шектеліп, қанағаттана алмайды, ол тарихи оқиғалардың мәніне терең бойлап, олардың пайда болуы мен дамуының мәні мен логикасына үңілуі тиіс. Сондықтан, тарихшы оқиғаларды хронологиялық ретпен тізіп қана қоймай, тарихи процесті философиялық тұрғыдан түсіндіріп, оның болмысын талдауы керек.
Неміс философы Иоганн Готфрид Гердер «Адамзат тарихының философиясына идеялар» еңбегінде бүкіл дүниежүзілік тарихты кеңінен баяндады, тарих философиясын адамзаттың пайда болған кезінен бастап, осы күнге дейін жүріп өткен тарихын зерттейтін ғылым ретінде қарастырды. Гердердің бұл еңбегі тарих философиясының қалыптасуына ерекше ықпалын тигізгені күмәнсіз.