Мәдениеттің өмір сүру уақытын Шпенглер 1000 жыл деп бағалайды, себебі оны мәдениет биологиясының әмбебап константасы ретінде қарастырады. Дүниежүзілік тарих небары 8 ұлы мәдениетті біледі. Олардың барлығы жеке өркендеу дәуірінен өтті, өтуде немесе болашақта өтеді, және олардың барлығы да өркениет, тоқырау, сүйектену (окостенение) дәуірлеріне, сондай-ақ, қандай да болмасын ұлы рух туындыларын тудыру (өнер; ғылым, дін, философия) мүмкін болмайтын дәуірге тұрақтамай кетпейді. Өркениет кезеңінде мәдениет тек техника мен ұйымдастыруды ғана іске асыруға қабілетті болады, бұл оған өзінікін арттыруға мүмкіндік береді.

Шпенглер өзі ойлап тапқан ілім мен әдіс жаратылыс ғылымдары тәрізді дәл болатындығына, өткеннен келген историографиялық материалды таңдау үшін ғана емес, еуропалық мәдениеттің бүгінгі жағдайын талдау үшін де, тіпті одан бетер, болашаққа дәл болжам жасау үшін де қолданылатындығына сенген. Осыған сүйене отырып, Шпенглер өзін қапаландыратын еуропалық мәдениеттің қазіргі жағдайына талдау жасауға әрекеттенеді. жаңа және тың жаңа дәуірдің техникалық дамуының барлық жетістіктері оған еуропалық мәдениеттің өркениет фазасына өткендігі туралы ой салады. Ал бұл – құлдырау фазасы, одан кейін ыдырау басталады, кітаптың атауы да осыдан алынған болса керек – «еуропаның құлдырауы».
Тәуелсіздік жағдайындағы философиялық зерттеулердің ерекшеліктері Мағынасы мен мәні жағынан тәуелсіздік кезеңіндегі еңбектер алдыңғы тарихымызға қарағанда біршама ерекше сипаттамаларға ие болады. Солардың ішінде қазақстандық философиялық ойды тұжырымдаушы мамандардың арасында шығармашылық еркіндіктің басымдық таныта бастағанын және оның әлемді философиялық тұрғыдан игеруде жетекші рөл атқаруға бетбұрғанын қуанышпен атап өтуге болады. Кеңестік социалистік қоғамның ыдырауымен ХХ ғасырдың соңында маркстік философияның дәуіріде әлеуметтік-рухани кеңістігімізде аяқталды. Елімізде ондаған жылдар бойы негізінен идеологияланған, таптық бағдарға сүйенген философияның үстемдік етіп келгеніне қарамай шынайы философиялық зерттеулер мен талдаулар жүргізіліп келгенінде атап өтуіміз керек іспетті.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда әлемдік философияның принциптері мен заңдылықтарын меңгерген мықты кәсіби философияның негізі қаланды. Мәселен, философия тарихын зерттеуші мамандар әл-Фарабидің есімін әлемге танытуға, оның философиясының гуманистік астарын ашуға біршама тер төкті, диалектикалық логикамен айналысатын мамандар философияның ұғымдық негіздерін сараптаумен айналысты, ғалымдарымыз ғылым және мәдениет философиясын, философиялық антропологияны, әлеуметтік философияны қарастыруда біршама жетістіктерге жетті.