НиколайЯковлевич Данилевский (1822 - 1885) - орыс әлеуметтанушысы, этнограф. Данилевскийдің тарихи-философиялық және әлеуметтанулық көзқарастары "Ресей және Еуропа, Славян әлемінің герман-роман әлемімен саяси және мәдени қарым-қатынасына көзқарас" (1869) еңбегінде толық көрініс тапқан. Данилевский өзінің ғылыми көзқарасын бекіту үшін, мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін айқындайтын тарихи-философиялық проблеманы негізге алып және оның ішкі мазмұнының айырмашылығын ашып көрсетті, бұл мәселеге позитивтік пайымдаулар берді. Тарихты зерттеу табиғи-ғылыми методологияның еншісі деп қорытты.
Тарихтың негізгі нақты және басым бірлігі - еркін "мәдени-тарихи тип". Мәдени-тарихи типтер биологиялық организм сияқты сыртқы ортамен және өзді-өзімен тоқтаусыз күрес процесінде болады; олар туу, пайда болу, қалыптасу, өсу, қартаю, тозу және өлу, жоғалу кезеңдерін басынан өткереді. Данилевский әрекеттің төрт маңызды формасын бөліп қарастырады: өркениеттің діни және мәдени, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи типінің дамуы.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель(1770-1831 ж.ж.) - Германияның Штутгарт қаласында лауазымы биiк шен иесiнiң жанұясында дүниеге келген. Гимназияны үздiк бiтiрiп, 1788-1793 ж.ж. Тюбинген теологиялық институтында оқиды. 1801 ж. бастап Иена университетiнде ғылыми-педагогикалық жұмыс атқара бастайды.
Негiзгi еңбектерi: “Рухтың феноменологиясы (құбылысы)», “Логика ғылымы», “Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы», “Құқ философиясы», “Эстетикаға арналған лекциялар»т.с.с. Өзiнiң философиялық жүйесiн жасау жолында Гегель ойлау мен болмыстың теңдiгiнен бастайды. Ол сол ойлау мен болмыстың теңдiгiн ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғымымен тығыз байланыстырып, олардың өзара iшкi диалектикасын ұғымдық (категориялық) деңгейде түсiнуге болатынын айтады.
Екiншiден, Гегель Абсолюттi дамып жатқан субстанция ретiнде қарап, философияға тарихи көзқарасты еңгiзедi. Сонымен қатар, дамудың өзi қайшылықтың негiзiнде, заттың бүгiнгi жағдайының терiске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуi, соңғының өзi жүре келе терiске шығарылатыны т.с.с. ретiнде қаралады. Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель “ақиқат - алдын-ала құйылып қалтаға салуға дайын тұрған күмiс ақша емес», оған жету үшiн жеке адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей бiлiп, игеру керек екенiн айтты.