Осындай диалектикалық көзқарастың негiзiнде Гегель өзiнiң орасан зор философиялық жүйесiн тудырды. Ол Абсолюттiк идеядан басталады.
Осындай диалектикалық көзқарастың негiзiнде Гегель өзiнiң орасан зор философиялық жүйесiн тудырды. Ол Абсолюттiк идеядан басталады.
Басқаша сөзбен айтқанда, ол - абсолюттiк бiлiм, таза ұғым - шынайы болмыстың өзi. Оның өз-өзiне келiп тануын, өз-өзiн анықтауын ол “Логика ғылымы» арқылы бередi.
Сонымен қатар, абсолюттiк идея өз-өзiне тең ойлау сатысынан өтiп, iс-әрекет арқылы өзiнiң өзге болмысына - табиғатқа айналады. Ал табиғат дегенiмiз, Гегельдiң ойынша, немқұрайлы сыртқы затқа айналған идея.
Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады.
Бiрiншi, ол - Логика. Ол - өзiнде және өзiне бағытталған идеяны зерттейтiн ғылым.
Екiншi - табиғат философиясы. Ол - өзiнiң өзгеше болмысындағы идеяны зерттейтiн ғылым.
Үшiншi - рух философиясы. Ол - өзгеше болмысынан қайта өзiне оралып жатқан идея жөнiндегi ғылым. Сонымен, Гегельдiң абсолюттiк идеализм жүйесiнiң қабырғалары осылай қалыптасты.
Гегельдiң ойынша, рух даму процесiнде өзiнiң үш сатысынан өтедi : 1.Субъективтi рух, яғни жеке адамның санасы,
Гегельдiң ойынша, рух даму процесiнде өзiнiң үш сатысынан өтедi : 1.Субъективтi рух, яғни жеке адамның санасы,
2 Объективтi рух, оған ол құқ, мораль, адамгершiлiк, жан-ұя, азаматтық, мемлекеттiктi жатқызады,
Осы жүйенi жасау жолында ол көне заманда негiзi қаланған диалектикалық iлiмдi пайдаланып бүкiл табиғат, тарих және рухани өмiрдi белгiлi бiр процесс, яғни тоқтаусыз қозғалыс, өзгерiс, қайта құрылу, даму ретiнде қарап, олардың iшкi қайшылықтары мен байланыстарын зерттедi.
Ол алғашқы рет диалектиканың үш негiзгi заңын ашып, сонымен қатар, барлық парлық категорияларды белгiлi бiр жүйеге келтiрiп, олардың өзара бiр-бiрiне өтетiндiгiн, iшкi байланыстарын көрсете бiлдi. Сонымен қатар, Гегель адамның дүниетанымын терең зерттеп, оның да диалектикалық жолмен жүретiнiн көрсеттi.