Пәні: философия Дәріс 13. Тарих философиясы



бет6/9
Дата02.12.2023
өлшемі193,36 Kb.
#132785
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәріс №13

Философияда «дәуір» терминін қолдану осы уақытқа дейін кеңінен таралып келді. К.Ясперстің өзі тарих – бір дәуірден екінші дәуірге ауысу болып табылатындығы туралы тұжырым жасаған. «Адам болмысының тарихи субстанциясын» дәстүр құрайды.

  • Философияда «дәуір» терминін қолдану осы уақытқа дейін кеңінен таралып келді. К.Ясперстің өзі тарих – бір дәуірден екінші дәуірге ауысу болып табылатындығы туралы тұжырым жасаған. «Адам болмысының тарихи субстанциясын» дәстүр құрайды.
  • Ясперстің пікірі бойынша, адамзат біртұтас. Адамзат бірлігін түсіндіру үшін, Ясперс бүгінде кеңінен танымал болған «Ордалық дәуір (осевая эпоха)» ұғымын енгізеді (б.д. дейінгі 1 ғасырдың ортасы), бұл кезеңде адамзат тарихы өзінің жеке құрылымына ие болады. Әрбір тарихи дәуір басқасынан өзіндік тарихи жағдайымен ерекшеленеді. Ұқсас тарихи жағдайлардың пайда болуы да ықтимал. Мәселен, қазіргі адам түрі қалыптаса бастаған кезде, бірдей тарихи жағдайлар Қытайда, Үндістанда, Парсыда, Палестина мен ежелгі Грецияда пайда болады. Міне, осыны әлемдік өркениеттің «ордалық дәуірі» деп атайды.
  • Ясперс үшін әлем уақыт аралығында берілген нақты болмыс және әрбір тарихи дәуір басқасынан өзіндік жағдайымен ерекшеленеді. Тарихи нақтылық та сол себепті біржолғы әрі қайталанбас келеді, тарихты ұғыну үшін, адамды ұғыну керек, адами болмыс өзін уақыт аралығында – тарих арқылы танытады

Арнольд Джозеф Тойнби (1889—1975) — британдық тарихшы, тарих философы, культуролог және социолог.
Тойнби дүниежүзілік тарихты туылудан өлімге дейін бірдей фазалардан өтетін шартты ерекшеленетін өркениеттердің жүйесі деп қарастырды.
Оның айтуынша, өркениет - ол екі критерий бойынша қаралатын тұйық қоғам: 1) дін 2) діннің ұйымдастыру формалары.

Арнольд Дж. Тойнби (1889-1997 жж.) мәдениеттер мен өркениеттердің генезисін, дамуы мен құлдырауын қарастырған. Ол өзіне дүниежүзілік тарихтың өркениетті тудыруға да, оны ыдыратуға да қабілетті ықпал етуші күштерін ұғыну міндетін қояды. Өркениеттердің мәңгілік еместігі хх ғасырдың басында-ақ күмән тудырған жоқ. Тойнби өз зерттеуін тарихи зерттеудің ақылға қонарлық (яғни, адамның түсінуіне тұрарлық) тақырыптық өрісін анықтау әрекеттерінен бастайды, содан ұлттық мемлекеттер мұндай сапада қабылдана алмайтындығы туралы тұжырымға келеді. Англияның тарихи жолын қарастыра келе, Тойнби мемлекеттің ұлттық тарихының көптеген оқиғалары Англияның мыңдаған әлеуметтік-мәдени байланыстары бар елдердің тарихынан бөлек ұғынуға келмейтіндігін көрсетеді. Бұл тарихшы үшін талдаудың қарапайым бірлігі ретінде Англия мен оны қоршаған елдер біртұтастың құрылымдық бірліктері ретінде кіре алатындай неғұрлым жоғары дәрежелі жалпылық мән болуы керектігін білдіреді. Мұндай мәнді Тойнби «өркениет» ретінде, ал нақтырақ айтқанда – «христиандық батыс өркениеті» немесе жай «батыс өркениеті» деп анықтайды.

  • Арнольд Дж. Тойнби (1889-1997 жж.) мәдениеттер мен өркениеттердің генезисін, дамуы мен құлдырауын қарастырған. Ол өзіне дүниежүзілік тарихтың өркениетті тудыруға да, оны ыдыратуға да қабілетті ықпал етуші күштерін ұғыну міндетін қояды. Өркениеттердің мәңгілік еместігі хх ғасырдың басында-ақ күмән тудырған жоқ. Тойнби өз зерттеуін тарихи зерттеудің ақылға қонарлық (яғни, адамның түсінуіне тұрарлық) тақырыптық өрісін анықтау әрекеттерінен бастайды, содан ұлттық мемлекеттер мұндай сапада қабылдана алмайтындығы туралы тұжырымға келеді. Англияның тарихи жолын қарастыра келе, Тойнби мемлекеттің ұлттық тарихының көптеген оқиғалары Англияның мыңдаған әлеуметтік-мәдени байланыстары бар елдердің тарихынан бөлек ұғынуға келмейтіндігін көрсетеді. Бұл тарихшы үшін талдаудың қарапайым бірлігі ретінде Англия мен оны қоршаған елдер біртұтастың құрылымдық бірліктері ретінде кіре алатындай неғұрлым жоғары дәрежелі жалпылық мән болуы керектігін білдіреді. Мұндай мәнді Тойнби «өркениет» ретінде, ал нақтырақ айтқанда – «христиандық батыс өркениеті» немесе жай «батыс өркениеті» деп анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет