Пәні: Қылмыстық құқық Тақырыбы: Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар Орындаған


Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету



бет4/9
Дата27.05.2022
өлшемі39,9 Kb.
#35768
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету
немесе талан-таражға салу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189 бабы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуге жауапкершілік қарастырған. Осы баптың 1‑ші тармағы иеленіп алу немесе ысырап ету кіәнлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау екенін ашып көрсеткен.


Иеленіп алу - кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына заңсыз иелену.
Ысырап ету - кінәлі адамның өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін заңсыз өзінің пайдалануы, басқа біреуге беруі, сатуы, қарызға беруі, сыйға беруі.
Қылмыс объектісі - мүлік яғни иелену, пайдалану, біреуге беру сияқты қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Қылмыстың объективтік жағы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап етумен сипатталады.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік мақсатпен жасалады. Яғни кінәлі адам өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленетінін немесе ысырап ететінін сезеді және оған саналы түрде жол береді.
Қылмыс субъектісі арнаулы сеніп тапсырылған мүлікке құзіреті бар он алты жасқа толған адам.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189 бабының 2‑ші тармағы адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша; бірнеше рет; қызмет бабын пайдаланып жасалған әрекеттерді қарастырса, 3‑ші тармағы ірі мөлшерде жасағанды; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаған әрекеттерді нақтылап берген. Ал, 4‑ші тармағы екінші, үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді қылмыстық топ жасаса; олар ірі мөлшерде жасалса, онда қылмыстық жауаптылық туындайтынын айқын саралаған.


Тонау
Тонау ұрлық пен алаяқтың, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап етумен салыстырғанда қауіпті қылмыс болып саналады. Қауіптілігі – бөтен мүлікті ашық түрде ұрлауында десек, қателеспеген болар едік.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабының 1-ші тарма­ғы тонау яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау деп саралай келе, ондай іс‑әрекет істеген кінәліні үш жылға дейінгі бас бостандығын шектеуге, не айға дейінгі мерзімге қамауға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын көрсеткен.
Қылмыс объектісі - меншік болса, қосымша тікелей объект адам өмірі болуы мүмкін (тонау кезінде күш қолданған жағдайда).
Тонаудың құрамы - материалдық, сондықтан қылмыстың объективтік жағын:
- қоғамға қауіпті әрекет;
- қоғамға қауіпті зардап;
- олардың арасындағы себепті байланыс құрайды.
Тонауда қоғамға қауіпті әрекет бөтен мүлікті ашық ұрлауға бағыттала­ды. Ал, мүлікті ашық ұрлау екі белгімен сипатталатыны белгілі, ол: объективтік және субъективтік.
Тонау объективтік жағынан белсенді іс‑қимыл, белсенді әрекет арқылы жасалатындықтан, ол бөтеннің мүлкін ашық ұрлаудан көрінеді.
Субъективтік жағынан тонау тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылып, тек пайдакүнемдік мақсатты көздейді.
191 баптың 2‑ші, 3‑ші, 4‑ші, тармағы тонаудың ауырлататын және өте ауырлататын және өте ауырлататын түрлерін қарастырған. Яғни 2‑ші тармақ бойынша:
а) жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану­мен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы;
б) бірнеше рет;
в) адамдар тобының алдын‑ала сөз байласуы бойынша;
г) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй‑жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонау сараланып, оған мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын көрсеткен.
Тонаудың өте ауырлататын түрін қарастырған 3‑ші тармақ:
а) ірі мөлшерде жасалған тонау үш кінәлінің мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын айқындап берген.
Сондай-ақ, 4‑ші, тармағы1-ші, 2‑ші, 3‑ші бөліктерінде көзделге әрекеттер егер:
а) оларды қылмыстық топ жасаса;
б) олар ірі мөлшерде жасалса,-
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын айқындаған.
Қалай десек те, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту болса да адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша орын алса да, ұйымдасқан топ жасаса да, бұл қылмыстық әрекет ақтауға келмейтін қылмыстық әрекет болып қала бермек. Себебі, қайсысын алсақ та, қай жәбірленушінің мүлкін ашықтан ашық ұрлап қана қоймай, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен сипатталады (тонау кезінде күш қолданған жағдайда).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет