Пәні: Қылмыстық құқық Тақырыбы: Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар Орындаған



бет8/9
Дата27.05.2022
өлшемі39,9 Kb.
#35768
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ерекше құндылығы бар заттарды
қасақана жою немесе бүлдіру

Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру Қылмыстық Кодекстің 203 бабында қарастырылған.


Объективтік жағынан қылмыс тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру әрекетімен сипатталады.
Қылмыстық Кодекстің 203 бабының 2-ші тармағы:
1) өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған;
2) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан;
3)әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәжі бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет сияқты ауырлататын мән-жайларды қарастырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын көрсеткен. Ал, 3-тармағы осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттердің жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланатындығын қарастырған.
Субъективтік жағынан қасақаналықпен жүзеге асады. Бұл жерде қылмыстық әрекет қасақаналықтың тікелей немесе жанама түрімен жасалуы мүмкін.
Қылмыс субьектісі он алты жасқа толған, есі дұрыс адам.
Бөтеннің мүлкін абайсызда
жою немесе бүлдіру

Қылмыстық Кодекстің 204 бабында отпен немесе өзге де аса қауiптi көздермен абайсыз жұмыс iстеу салдарынан болған не абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан бөтен адамның мүлкін жою немесе бүлдіру қылмыс екендігін саралаған.


Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою мен бүлдірудің объектісі - меншік. Қылмыс құрамы материалды болып табылады.
Абайсызда жою мен бүлдірудің қасақана жою мен бүлдіруден айырма­шылығы зиян мөлшері бес жүз айлық есептік көрсеткішті құраса, қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны түсінікті.
Қылмыс объективтік жағынан мүлікті жою мен бүлдіруден тұрады. Бұл жерде есте ұстайтын нәрсе - құқыққа қайшы іс‑әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыстың маңыздылығы.
Қылмысты толық ашып, сәйкес жаза тағайындау үшін әрекет пен әрекет­сіздіктің орын алуының алғы шарттарын ашудың, зардаптың мөлшерін анықтаудың, әрекет пен әрекетсіздік және зардаптың болуына себепші болған себепті байланыстың түйінін шешудің орны зор десек, қателеспеген болар едік.
Субъективтік жағынан қылмыс абайсыздықпен жүзеге асырылады.
Кінәлі адам бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіруді менмендікпен немесе немқұрайлықпен істеуі мүмкін.
Қылмыс субъектісі - он алты жасқа толған есі дұрыс адам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет