Пәні: Қылмыстық құқық Тақырыбы: Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар Орындаған



бет9/9
Дата27.05.2022
өлшемі39,9 Kb.
#35768
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Алдау немесе сенімді теріс пайдалану
жолымен мүліктік залал келтіру

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 195 бабының 1-ші тармағы алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге ұрлық белгілерінсіз мүліктік залал келтіруді қарастырған.


Бұл қылмыстың объектісі - меншіктің барлық түрі болса, қылмыс заты ақша, қозғалатын, қозғалмайтын мүліктер болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы өзіне:
- алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруге бағытталған әрекеттердің жиынтығын;
- мүліктік залалдан шыққан (кеткен) пайданың зардабы;
- кінәлінің әрекеті мен сол кеткен пайданың нәтижесі арасындағы себепті байланысты құрастырған.
Қылмыс құрамының істелу тәсіліне тән белгі біреу ғана, ол – алдау мен сенімге кіру арқылы зиян келтіру. Яғни қылмыс тәсіліне қарай алаяқтыққа өте ұқсас. Тек екеуінің арасындағы айырмашылық:
- алаяқтықта кінәлі бөтеннің мүлкін заңсыз өзінің немесе басқаның иелігіне аударады;
- алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруде кінәлі меншік иесіне төленуге тиісті нәрсені істемей, өзі пайда тауып, меншік иесіне залал келтіреді.
Қылмыстың субъективтік жағы тек қасақаналықпен және пайдакүнем­ділікпен сипатталады.
Қылмыс субъектісі жалпы яғни он алты жасқа толған есі дұрыс адам.
195 баптың 2-ші тармағында алдау мен сенімге қиянат жолымен мүліктік залал келтірудің бірнеше ауыр түрлерін қарастырған:
а) қылмыстық топпен жасалғанда;
б) iрi залал келтiргенде
мүлкі тәркіленіп немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалатынын көрсеткен.

Қорытынды
Жоғарыда баяндалғандарды қорыта келгенде, меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін - меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншікке құқық дегеніміз — субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы заңға заң нормаларымен қорғалатын тікелей объект ретіндегі меншіктер қатынасының мәнін осы құқықтар құрайды
Объективтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған. Сондықтан да, олардың объективтік жағы үш міндетті нышаннан тұрады: іс-әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептік-зардаптық байланыс. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыстар болып табылады, себебі бұлардың міндетті нышаны- тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бұл қылмыстардағы зардап қылмыс құрамының шегінен тыс жатыр. Қылмыстық зардапта әрқашанда материалдық сипат болады, мүліктік залал туындайды.
Біздің мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады. Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Әркімнің меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы бар. Ешкімді де өз мүлкінен сот шешімімен болмаса, айыруға болмайды. Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа да тәсілдермен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты әрекетті айтады. Қолданыстағы заңдарда қарастырылған меншікке қарсы қылмыстардың түрлері әрекетті жасау ниеті мен тәсілдері арқылы ерекшеленеді

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ағыбаев А.Н.
Қылмыстық құқық (жалпы бөлімі)
Алматы, 2001 ж.
2. Алауханов Е.
Қылмыстық құқық (ерекше бөлімі)
Алматы, 2001 ж.
3. Ағыбаев А.Н.
Қылмыстық құқық (ерекше бөлімі)
Алматы, 2003 ж.
4. Қазақстан республикасының қылмыстық – атқару құқығы
Алматы, 2002 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет