Пәні: Қылмыстық құқық Тақырыбы: Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар Орындаған



бет3/9
Дата27.05.2022
өлшемі39,9 Kb.
#35768
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Талан‑тараж
Талан-тараж қылмыстық құқық бұзушылықтары пайдакүнемдік мақсатта жасалады. Яғни кінәлі адам бөтен мүлікті өз пайдасына немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегін алып қою арқылы мүлік иесіне көптеген залал келтіретіні айтпаса да түсінікті.
Пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірінші түрі болып табылатын талан‑ таражға: ұсақ-түйек жымқыру (ҚР ҚК 187 бап); ұрлық (ҚР ҚК 188 бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК 189 бап); алаяқтық (ҚР ҚК 190 бап); тонау (ҚР ҚК 191 бап); қарақшылық (ҚР ҚК 192 бап); ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру (ҚР ҚК 193 бап) жатады.


Ұрлық
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1-ші тармағына сәйкес, ұрлық‑бөтен мүлікті жасырын ұрлау.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына берілген ескертуге сүйенсек, ұрлық деп пайдакүнемдiк мақсатта бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады.
Ұрлық объектісі - меншік болса, қылмыстың заты адам еңбегі арқылы келген материалдық тұрғыдағы бағалы бұйымдар мен заттар болып табы­лады.
Адам еңбегі сіңбеген, адам еңбегі арқылы келмеген бұйымдар мен заттар қылмыс заты бола алмайды.
Объективтік жағынан ұрлық бөтеннің мүлкін жасырын алумен сипат­талады.
Бөтен мүлкін алу қылмыс құрамының маңызды белгілерінің екі түрі­мен объективтік және субъективтік белгілерімен анықталады. Адамның ешкімге білдірмей, мүлікті жасырын алуы объективтік белгі болса, мүлікті иесіне білдірмей алып, жүзеге асыруды тікелей тілеуі субъективтік белгі болып табылады.
Ұрлықтың субъективтік жағын сипаттайтын белгілерге кінә, ниет және мақсат жататынын ескерсек, бұл белгілер ұрлық істеген адамның ішкі жан‑дүниесінен хабардар етіп, қоғамға қауіпті әрекет істеген оның санасы мен еркінің байланысын сипаттайды.
Субъективтік жағынан ұрлық тікелей қасақаналықпен жүзеге асады. Яғни кінәлі бөтеннің мүлкін жасырын түрде заңсыз, тегін алу арқылы меншік иесіне залал келтіретінін біледі және залал келтіруді тілейді.
Қылмыс субъектісі он төртке толған адам.
Қылмыстық Кодекстің 188 бабының 2- тармағы:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй жайға, қоймаға заңсыз кіру­мен жасалған ұрлық үшін мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатын көрсеткен.
Ал, 188 баптың 3 - тармағы:
а)ірі мөлшерде жасалған ұрлық үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылатындығын айқын көрсеткен.
Ірi мөлшер немесе iрi залал деп қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айлық есептi көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетiн мүлiктiң құны мен залалдың мөлшерi танылады.
Қылмыстық Кодекстің 188 бабының 4- тармағы:
- қылмыстық топ топ жасаған;
-мұнай-газ құбырынан;
-аса ірі мөлшерде жасалған ұрлықты қарастырып, кінәлінің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын айқындап берген.
Аса iрi мөлшер немесе залал деп қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен екі мың есе асып түсетiн мүлiктiң құны немесе залалдың мөлшерi танылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет