Пәні:Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия Тақырыбы: Бастауыш сыныпта жүргізілетін диктант түрлері Орындаған: Жәмітбай Мөлдір Тобы: ноо-19 Тексерген: Дюсенбаева Жанбиби



бет13/15
Дата28.03.2023
өлшемі45,83 Kb.
#77016
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
stud.kz-84381

ІІІ. Қорытынды
Бастауыш сынып – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың негізгі кезеңі. Бастауыш сыныпта балалардың ойлары нақты, бейнеліден абстрактілі- логикалық ойлауға қарай көшеді. Мектептің алғашқы сатысының міндеті – бала интеллектісін себеп-салдарлы байланыстарды түсіну деңгейіне дейін дамыту.
Диктант – тыңғылықты іс-әрекеттер жиынтығы. Диктант жазу арқылы оқушылардың ойлау, сауатты жаза білу, көркем сөйлей білу, елестету дағдыларын дамытады. Орфографиялық формаларды игеріп, қазақ тілінің теориясын іс жүзінде дәлелдеуге үйретеді. Ол барлық бөлімдерде – лексика, фонетика, морфология, синтаксисте қарастырылады. Диктанттың өзі көбінесе оқушының орфографиялық дағдысын қалыптастыруда, яғни үйрету бағытында жүргізілетін практикалық жұмыстың бірі. Оны әр мұғалім өз мақсатына қарай түрлендіріп жүргізеді. Диктантты түрлендіріп жүргізудің бір түрі – оны оқытудың әдісі ретінде қолдануда тұр. Өйткені жаңа материалды игеруде, грамматикалық категорияларды саналы игеру мен оның орфографиясы (емлесі) туралы дағды қалыптастыруда сабақтың бір бөлшек элементі жаттығу әдісі ретінде ұйымдастырылады.
Диктант жұмысының тағы бір қызметі, оның әдіс ретіндегі көрнекті орны білім сынау кезеңінде анықталады. Көптеген мұғалімдер диктанттың бұл түрін өткізуде оған бақылау жұмысы немесе «бақылау диктанты» деген атау қолданып жүр. Өйткені, диктантты қазақ тілі пәнінен игертілген білім мен дағдысын анықтау, тексеру бағытында жиі жүргізеді. Мектеп мұғалімдері оған арнаулы сағат бөліп, сабақ ретінде жүргізеді. Диктант мәтіні мазмұны жағынан оқушыларға түсінікті, тәрбиелік мәні бар және әдеби тілдің талаптарына сай болуы керек. Осыған байланысты диктант мәтіндері көркем туындылардан, халық ауыз әдебиетінің үлгілерінен алынады.
Жас жеткіншектерді тәрбиелеу жүйесі халық дәстүрімен, салт-санасымен сабақтастыра жүргізілуі бүгінгі күн талабы. Мұғалім дайындаған диктант мәтіні арқылы оқушыларды ата-бабадан мұра болып қалған қасиеттерімізді, тәрбиемізді (үлкенді сыйлау, бауырмалдық, кішіпейілділік, ибалылық, т.б.) паш етіп, ұлттық салтымызға, елімізге, жерімізге, ана тілімізге деген сүйіспеншілігін арттырып, өз ұлтына деген мақтаныш сезімін тудырады.

Диктант жазу барысындағы оқушылардың:



  • жүйелі ойлау қабілеті дамиды;

  • сауаттылыққа жол ашылады;

  • сөздік қоры толығады;

  • пәнге деген қызығушылық артады;

  • білімге деген құлшыныстары оянады.

Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларының диктант жазу барысында барлық таным қабілеттері артады. Өтілген оқу материалын дүрыс игереді, оны есте берік сақтайды. Диктанттың қандай түрі болмасын, оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа, білімге үйретеді. Оның мазмұны арқылы балалар өздерін ізгілікке, адамгершілік қасиеттерге баулиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет