Пәні:Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия Тақырыбы: Бастауыш сыныпта жүргізілетін диктант түрлері Орындаған: Жәмітбай Мөлдір Тобы: ноо-19 Тексерген: Дюсенбаева Жанбиби



бет7/15
Дата28.03.2023
өлшемі45,83 Kb.
#77016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
stud.kz-84381

4. Пікір және ой қорытындылары. Бұл – ойдың күрделі формаларының бірі. Ұғым сөздер немесе сөз тіркестері арқылы білдіріледі. Байланыстыра сөйлеу логикалық жағынан алып қарағанда пікірден және ой қорытындыларынан құралады. Пікір – шындықтағы зат не құбылыс туралы мақұлдау немесе жоққа шығаруда көрінетін ойлау формасы. Ой қорытындылары дегеніміз – бірнеше пікірден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Бірақ кез келген қатар тұрған пікірлерден қорытынды жасалмайды. Қорытынды шығару үшін сөздерді белгілі бір тәртіпке салып, бір-бірімен байланыстыру керек.
Балаларды өз ойларын, білімдерін белгілі бір жүйемен мазмұндауға, пікірлерін негіздей білуге дағдыландырудың маңызы зор. Өйткені сөйлеу мәдениетіне қойылатын талапта бір пікір алдыңғы пікірден туындап, ал оған жалғас келесі пікір ойды онан әрі кеңейте түсіп, жаңа фактілер білдіруге тиіс екендігі көрсетілген.
Балалардың ойын дамыту үшін оларды ой қорытындысын шығара білуге дағдыландыру қажет. Ой қорытындысында себеп пен салдар белгілі болады.
Ой қорытындысы үш түрлі болады: индукциялық, дедукциялық және аналитикалық. Дедукциялық ой қорытындысында жалпыдан жекеге қарай, индукциялықта жекеден жалпыға қарай, аналитикалық ой қорытындысында ұқсастық белгілер бойынша ой қорытындылары жасалады.
Оқушыларды пікірлерін бір-бірімен байланыстыруға, онда себеп-салдарлық тәуелділікті сақтай білуге үнемі жаттықтырып отыру олардың сөйлеу, жазу мәдениетін көтереді, сөздерін қатаң тәртіппен қолдануға, логикалық жүйелілікті сақтап отыруға үйретеді.

1.3. Диктант жұмысын жүргізудің мақсаты, мазмұны.
Оқушыларға орфографияны және өз ойын жазбаш дұрыс бере білуге дағдыландыратын және үйрететін, жаттығу көп қолданылатын практикалық әдістердің бірі диктант жаздыру болып табылады, диктанттың мақсатын әр әдіскер мен мұғалімдер әр түрлі анықтайды.
Ш.Әуелбаевтың «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы» еңбегінде диктант жұмысының мақсатын былайша анықтайды: «Жатқа жазу оқушылардың грамматикалық ережелерді дұрыс меңгергенін, есту қабілетінің жазуға төселу машығының қаншалықты қадыптасқанын байқатады. Әр диктанттың әр түрін жазуға дайындық болады. Бастауыш сыныпта жиі жазылатын диктанттың түрлері: көру, сөздік, шығармашылық, талдау, түсіндірме, ескертпе диктанттары. Диктанттың бұл түрлерін жүргізуге арнайы сағат бөлінбейді. Мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда диктанттың бір түріне мәтінді дайындап келіп, сабақтың тиімді бір кезеңінде (10 – 15 минут) жаздыруға болады, ал бақылау диктантына арнайы сағат бөлінеді».
Жоғарыдағы айтылған пікірге сүйене отырып, диктанттың жаздыру мақсатының екі түрі бар деп тұжырымдаймыз:

  1. үйрету бағытындағы диктанттар;

  2. бақылау, білімді сынау бағытындағы диктанттар.

Ал, Д.Әлімжанов пен Ы.Мамановтың «Қазақ тілін оқыту меодикасында» диктант туралы былай деп жазылады: «Оқушыларға орфографияны үйретуде көп қолданылатын әдістердің бірі – диктант жаздыру болып табылады. Диктанттың бірнеше түрі бар. Бұл көрсетілген түрлерінің барлығы да орфография мен грамматиканы үйрету үшін қолданылады. Тек бақылау диктанты оқушылардың білімін тексеру үшін жүргізіледі».
Р.Мұратәлиев, Ә.Марасұлов, Қ.Қасабековалардың «Диктанттар жинағында» оқушылардың сауатын ашып, сөздік қорын молайта түсуде бұл кезеңдегі үйрету диктанттарының сауаттылық маңызы атап көрсетіледі.
Бұл айтылғандардан шығар түйін – диктант жазудың мақсатының бірі – дұрыс жазуды, яғни орфографияны үйретуді көздейді. Ал, екінші мақсаты – оқушылардың грамматикалық ережені сапалы меңгеру дағдысын тексереді, білімін сынайды. Сондықтан диктанттың мақсатына байланысты оны жоғарыда аталғандай екі топқа бөліп қарастыруға болады. Сонымен қатар, диктанттың әдіс ретіндегі үйымдастыру түрін анықтауда да бірізділік жоқ.
И. Ұйқыбаев «Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері» (1957) еңбегінде диктанттың мынадай түрлерін көрсетеді: түсіндірмелі, терме, өздік, шығармашылық, еркін, сөздік, бақылау диктанттары.
Ал, Е.Көшербаев «Диктанттар жинағы» еңбегінде (1963) диктанттың мынадай түрлері бар екенін айтады: көру, шығармашылық, ерікті, өздік, ескерту, бақылау диктанттары.
Қ.Жолынбетов «Қазақ орфографиясын игертудің негіздері» (1957) кітабында диктантты мынадай екі топқа бөледі: үйрету диктанты, бақылау диктанты. Мұндағы үйрету диктанты былайша топтастырылады: көру, шығармашылық, ерікті, өздік, сөздік, ескерту диктанттары.
Р.Мұратәлиев, Ә.Марасұлов, Н.Қасабековалар диктанттың бастауыш сыныптардағы мынадай түрлерінің бар екендігін анықтайды: әріп диктанты, буын диктанты, сөздік диктант, сөйлем диктанты; ал көру, сөздік, өздік, терме, бақылау диктанттарының осы сөйлем диктанттарына жататынын айтады.
Сондай-ақ Б.Ысқақов «Диктанттар жинағында» бастауыш сыныпқа арналған мынадай диктанттардың түрлері бар деп есептейді: ойын диктанты, үндемес диктанты, сайыстық диктант деп оның түрлерін өткізу жолдарымен де байланыстырады.
Бұл пікірлерді басшылыққа ала отырып, диктантты жүргізілу мақсатына қарай үйрету диктанты, бақылау диктанты деп екі топқа бөлеміз. Үйрету диктанты жаңа грамматикалық материалдарды үйрету мақсатын көздейді. Бұған диктанттың әр алуан түрін пайдалануға болады. Үйрету диктанттары көру диктанты, шығармашылық диктант, ерікті диктант, өздік диктант, сөздік диктант және ескерту диктанты деп бөлінеді. Ал, бақылау диктанты білім сынау мақсатында жүргізіліп, оқушылар білімін қорытындылайды. Сондықтан диктанттың мазмұны мен мақсаты оны жүргізу жолдарына да байланысты. Мәселен, үйрету мақсатында жүргізілген диктанттар ішінен көру диктантын бірінші атауға болады. Өйткені, өтіліп отырған тақырыпқа байланысты нысан материалдар сынып оқушыларына көрсетіле отырып түсіндіріледі (арнайы кесте жасау, тақтаға жазу, т.б.). Бала көргенін неғұрлым есте жақсы ұстайды. Алайда ол есту сезімімен тікелей байланысты жүргізіледі. Нысан сөз жан-жақты түсіндірілгенннен кейін оқушылар мұғалімнің айтуымен жазады да, сөйлемдерді түгел жазып біткеннен соң, оны тақтадағы немесе кестедегі үлгі бойынша өздері тексереді, қателерін түзетеді. Көру диктантына арнаулы сағат бөлінбейді. Сабақтың белгілі бір бөлігінде жүргізіледі.
Диктанттың өзі көбінесе оқушының орфографиялық дағдысын қалыптастыруда, яғни үйрету бағытында жүргізілетін практикалық жұмыстың бірі. Оны әр мұғалім өз мақсатына қарай түрлендіріп жүргізеді. Диктантты түрлендіріп жүргізудің бір түрі – оқытудың әдісі ретінде қолдануда тұр. Өйткені жаңа материалды игеруде, грамматикалық категорияларды саналы игеру мен оның орфографиясы (емлесі) туралы дағды қалыптастыруда сабақтың бір бөлшек элементі жаттығу әдісі ретінде ұйымдастырылады.
Диктант жұмысының тағы бір қызметі, оның әдіс ретіндегі көрнекті орны білім сынау кезеңінде анықталады. Көптеген мұғалімдер диктанттың бұл түрін өткізуде оған бақылау жұмысы немесе «бақылау диктанты» деген атау қолданып жүр. Өйткені, диктантты қазақ тілі пәнінен игертілген білім мен дағдысын анықтау, тексеру бағытында жиі жүргізеді. Мектеп мұғалімдері оған арнаулы сағат бөліп, сабақ ретінде жүргізеді.
Диктант жаздыруда басшылыққа алынатын ұстанымдар бар. Диктант жаздыруда мынадай ұстанымдарды басшылыққа алуға болады: диктант жаздыруда жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге деген жалпы педагогикалық ұстанымға сүйеніп жүргізіледі. Бұл ұстаным бойынша әр сыныптың жас ерекшеліктері мен білім дәрежесі есепке алынады. Мысалы, 1-сыныпта 2-3 әріпті өтісімен әріп диктанты, олардан құралған буындарды игерту мақсатында буын диктанты біртіндеп сатылай қиындап, сөз, сөйлем, графикалық диктанттарға ұласады. Сөйтіп, оқушылар жоғарыда көрсетілген диктант түрлерін мұқият меңгергеннен кейін барып үйрету диктанттарының күрделі түрлерін (терме, көру, шығармашылық, ескерту, т.б.) жаза бастайды.
Жазуға үйрету, оның ішінде диктант жаздыру сабақтарында да педагогика мен жеке әдістеменің ұстанымдарының бірі – оқушыларға материалды саналы түрде меңгеру.
Сапалы түрде жазу дегенде,оқушының ойы, оны жеткізу сапасы екі түрлі болуы мүмкін. Бірішісі, оқушы жазу үстінде өзінің ойының басқа біреуге түсінікті болуы үшін тиісті дыбыстар, буындар, сөз бен сөйлемдер таңдап қолдануға тырысады. Алайда, жазған сөздерінің емлесіне көңіл аудармауы мүмкін. Кей жағдайларда сөзді дұрыс жазып, берілетін ой көмескі шығуы ықтимал.
Оқушыларды бастауыш сыныптан бастап әр сөз бен сөйлемдің жазылу емлесін дұрыс білумен бірге айтайын деген ойды жүйелі жеткізе білуге жаттықтыру қажет. Оқушыларды бастауыш сыныптан бастап сауатты да дұрыс жазуға дағдыландыру кезінде үйрету диктанттарын үзіліссіз, үнемі, жүйелі түрде жүргізу қажет. Бұдан жүйелілік ұстанымы туады. Сабақ сайын сауаттылыққа көңіл бөлген мұғалім бақылау диктанттарында үлкен жетістіктерге қол жеткізетініне күмән жоқ. Жүйелі, үзіліссіз жүргізілген диктанттың нәтижесінде оқушылар орфографиялық, пунктуациялық ережелерге сай дұрыс жазуға дағдыланады.
Диктант мәтіндері өтілген материалдарға сай сұрыпталуы тиіс. Бұл ұстанымды басшылыққа аларда таңдалған диктант мәтіні өтілген грамматикалық материалдармен байланысты болуы керек. Мұнда мұғалім белгілі бір ережені, анықтаманы оқушылардың қай дәрежеде қабылдағанын анықтайды. Ал, ол ойдағыдай игерілмеген жағдайда сабақ түсіндіруде, әсіресе, неге көңіл бөлу керектігін нұсқайды.
Диктант жыздыру арқылы оқушы тілін дамыту ұстанымы балалардың сауатты жазып, ой өрісінің өсуіне ғана емес, сонымен бірге, сөздік қорын молайтып, жазба тілін дамыту жолын да қарастырады. Балалар диктант мәтіндері арқылы жаңа сөздермен танысып, оның мағыналарын игереді.
Диктант мәтіні мазмұны жағынан оқушыларға түсінікті, тәрбиелік мәні бар және әдеби тілдің талаптарына сай болуы керек. Осыған байланысты диктант мәтіндері көркем туындылардан, халық ауыз әдебиетінің үлгілерінен алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет