Пәні:Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия Тақырыбы: Бастауыш сыныпта жүргізілетін диктант түрлері Орындаған: Жәмітбай Мөлдір Тобы: ноо-19 Тексерген: Дюсенбаева Жанбиби



бет11/15
Дата28.03.2023
өлшемі45,83 Kb.
#77016
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
stud.kz-84381

Өздік және ерікті диктанты. Өздік диктант та жұмыстың күрделі бір түрі – сабақты жинақтау, бекіту кезінде қолданылады. Бірден тақтадан немесе кітаптан қарап, оқушылардың өздері тексереді.
Бағалауында берілетін материалға шығармашылықпен қарап, оқушыларды ойландыратын болғандықтан, оларды есте сақтап ұққанын жазғандықтан және негізгі тақырыпқа ұштастыра түсінгендіктен, өздері тексеріп, қателерін өздері түзеткендіктен, біраз жұмыстарды оқушылар орындағандықтан, қосымша сұрақ қойып та, қоймай да бағалауға болады. Бірақ, ол бағалары дәптерге кейін қойылады.
Мәтін көлемін шамамен 1-2 шумақ өлеңнен алуға немесе 30 – 40 сөзден тұратын бір азат жол қара сөз немесе бір шағын мәтінмен де беруге болады. Өздік диктанты тілдің барлық салаларында (фонетика, лексика, морфология, синтаксис) қолданылады, оны тіл дамыту бөлімінде де қолдануға болады. Еркін диктант 2-сыныптан бастап жүргізіледі. Бұл диктант шығармашылық диктантқа ұқсайды. Оқушылардың мазмұндама мен шығарманы дұрыс жазуларына жәрдемдеседі. Екінші біреудің ойын ауызша, жазбаша, жүйелі, дұрыс айтып бере білуге машықтандырады және оқушылардың орфографиялық, пунктуациялық сауаттылығын арттырып, сөйлемді дұрыс құрай білуге үйретеді.
Еркін диктантты жүргізу үшін мұғалім шағын көлемді бір мәтін (сыныбына қарай) таңдап алады. Ол мәтінді 3-4 сөйлемнен азат жолдарға бөледі. Мәтінді мұғалім алдымен тұтас оқып береді. Оның мазмұнын оқушыға қысқаша айтқызады. Содан соң мәтіннің ішінде көңіл бөлетін мәселелерге орфографиялық талдау жасалып, мәтін ондағы ой саны бойынша оқылып беріледі. Әрбір жаңа ой бір реттен ғана оқылады. Оқушылар әр ойдың мағынасын ұғып алып, есте қалғандарын сөзбе-сөз, есте қалмағандарын өздерінің түсінгендерінше баяндап жазып береді. Мәтіндегі басқа ойлар да осылайша жүргізіледі. Оқушылар мәтінді түгел жазып болған соң, жазғандарын тексеріп, мұғалімге тапсырады. Диктантты мұғалім үйден тексеріп әкеледі.
Шығармашылық диктант. Бұл диктанттың оқушылардың ой-өрісін дамытатын күрделі түрінің бірі. Көбінесе ол диктант түрі тіл дамыту мақсатында жүргізіледі. Сабақтың жинақтау, қорытындылау кезінде қолданылады. Оны бірден де, кейін де тексеруге болады. Бағалауы кейін жргізіледі. Көлемі шамамен 10 – 15 сөзден құралған сөйлемдер, мәтіндер беруге болады. Кейде орны ауыстырылып берілген жеке-жеке тірек сөздерден сөйлем де құратуға немесе мәтін шығартуға әрі суретпен жұмыс жүргізіп, шығарма жаздыруға болады. Тілдің барлық салаларында жүргізіледі. Диктанттың бұл түрінің басқа диктанттардан ерекшелігі шығарма жаздыруда болып табылады. Бұл диктант шығармашылық түрде көп ойланып-толғануды қажет етеді.
Диктант жұмысының негізгі атқаратын қызметі сабақ мазмұнын түрлендіріп, оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын молайтуға септігін тигізеді.
Шығармашылық диктант түсіндірме диктантына ұқсас болып келеді. Мұның одан айырмашылығы – шығармашылық диктантта мәтінді оқушылардың өздері ойлап жазады. Бұл диктант өткен ережелерге байланысты сөздердің дұрыс жазылуына жаттығу және жаңа сөздердің жалыуын меңгеру үшін қажет. Ол оқушыларды мазмұндама мен шығарма жазуға дайындайды.
Мұғалім мәтіннің тақырыбын тақтаға жазып қояды, оның астына тізбектеп бірнеше жеке сөздер жазады. Оқушылар сол сөздерді қатыстырып та немесе қатыстырмай да өз беттерінше сөйлем ойлап табады. Бір сөзге құрастырылған бірнеше сөйлемнің ең жақсы дегені ғана (оқушылардың келісімімен) алынып, оған талдау жасалады. Осылайша құрастырылған әр жай сөйлемдерден бір тұтас мәтін шығуы керек. Мәтін кем дегенде 4 – 5 қажетті ережелерді қамтуы тиіс. Төменгі сыныптың оқушылары үшін мәтін тақтаға жазылып берілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет