Пәні:Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия Тақырыбы: Бастауыш сыныпта жүргізілетін диктант түрлері Орындаған: Жәмітбай Мөлдір Тобы: ноо-19 Тексерген: Дюсенбаева Жанбиби



бет9/15
Дата28.03.2023
өлшемі45,83 Kb.
#77016
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Түсіндірме диктанты. Жоғарыдағы қойылған мақсатқа қарай анықталатын мәселелерді нақтылау үшін диктант түрлерінің әрқайсысының жүргізілу жолына тоқталса, соның бірі – түсіндірме диктанты. Бұл сабақ кезеңінің барлық уақытында жүргізіледі. Ол негізінен екі түрлі жолмен жүзеге асады:

  • мұғалімнің түсіндіруі;

  • оқушының түсіндіруі.

Жаңа сабақтың түсіндірілуінде де диктантың бұл түрі қолданылады. Ал бекіту, қорытындылау, пысықтау сабақтарындағы түсіндіруді оқушылар түсіндіретін кезеңдер делінеді. Бұл диктанттың жүргізілу мақсаты тақырыптың өзіндік белгілерін түсіндіру және түсінгендерін бақылау мақсатында жүргізіледі.
Тексеру жолы бірден жүреді, мұғалім де, оқушы да жаңа тақырыптың мазмұнындағы өзіндік белгісін, ережесін түсіндіреді. Түсіндіру диктантын жүргізгенде оқушылар мұғалімге оқулықтан, т.б. жерден алған білімдері арқылы дәлелдейді. Сондықтан да түсіндірудің екі түрі болады. Сөздік және терме диктантына түсіндіру диктанты кіріктіріліп жүргізіледі. Көбінесе диктант түрлерінің әрқайсысы сабақ барысында кіріктіріле жүргізіледі. Көлемі мұғалімнің қойған мақсатына, материалдың ауыр, жеңілдігіне, тақырыптың өзіндік белгілеріне, оқушылардың біліміне қарай сөздер, сөйлемдер, мәтіндер беріледі. Сөздік диктант болса, 7-8 сөзден, ал терме диктант болса 5-6 сөйлем ішінен теріп жазылады. Одан артық болса, көп уақытты қажет етеді. Оған басқа да жұмыс түрлері берілуі мүмкін. Диктанттың бұл түрлері оқушылар материалды түсінген-түсінбегенін байқау бағытында жүргізіледі. Түсіндірме диктант белгілі бір ережені өтуге, жеке сөздерді дұрыс жаза білуге байланысты жүргізіледі. Оның есту арқылы, көру арқылы жазуға болатын түрлері бар. Есту арқылы болатын түрі құлақты жаттықтыру үшін, ал көру арқылы болатын түрі көзді жаттықтыру үшін қолданылады.
Есту диктанты былайша жүргізіледі: мүмкіндігі болса, мұнда тұтас мәтінді алған жөн. Ол мәтінді ең алдымен оқып шығу керек. Ондағы сөйлемдерді жеке оқымас бұрын, сол сөйлемдегі көңіл баса аударылғалы отырған сөздерге байланысты талдау жұмыстары жасалады. Сол сөздер жөніндегі грамматикалық ережелер еске түсіріледі. Әрбір сөйлемге осылайша орфографиялық және грамматикалық талдаулар жүргізіліп болған соң, оқылған әр сөйлемді оқушылар қайталап айтып береді де, дәптерлеріне сол сөйлемдерді жазады. Мәтін осындай ретпен түгелдей жазылып болған соң, мұғалім оны басынан аяғына дейін тағы бір рет оқып береді. Оқушылар жіберген қателері болса, түзетіп, дәптерлерін мұғалімге тапсырады. Диктанттың бұл түрін тексеру, көбінесе, оқушылардың араласуымен сыныпта жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет