34. C көміртекті протондармен сәулелендіргенде,
C көміртектің изотопы пайда
болады. Сонда қандай бөлшек бөлініп шығады?
35. Тритий H ядросының масса ақауын және байланыс энергиясын табыңдар.
36.Гелий He ядросының масса ақауы мен осы изотоптағы барлық электрондар массасын
салыстырыңдар.
37. Сыныптың буын электрондармен сәулелендіргенде, сынап атомының энергиясы 4,9 эВ-
қа артты. Сынап атомы қозған күйден қалыпты күйге көшкенде шығаратын толқынының
ұзындығы қандай?
38.Сутектің ультракүлгін спектріндегі ең үлкен толқын ұзындығы қандай?
39. -бөлшектің еркін жолының ұзындығы қай жерде үлкен: жер бетінде ме әлде жер
атмосферасының жоғарғы қабатында ма?
40. Фототок 0,8B жапқыш кернеуде тоқтайтын болса, фотоэлектрондардың максимал
жылдамдығы неге тең?
41.Катоды цезийден (электрондардың шығу жұмысы 1,8 эВ) жасалған вакуумдік
фотоэлементтке 2B жапқыш кернеу түсірілген. Түскен жарықтың қандай толқын
ұзындығында фототок пайда болады?
42.Толқын ұзындығы 130 нм ультракүлгін сәулелер әсірінен вольфрамнан ұшып шығатын
электрондарды «тоқтату» үшін фотоэлементте қандай кернеу түсіру керек? Вольфрам үшін
электронның шығу жұмысы 4,5 эВ.
43.Энергиясы потенциалдар айырымы 4 В өріспен үдетілген электрондардың энергиясына
тең фотондардың толқын ұзындығын анықтаңдар.
44.Массасы тыныштықтағы электрон массасына тең сәуле шығарудың жиілігі мен толқын
ұзындығын табыңдар.
45. Қандай жылдамдықта электрондардың энергиясы толқын ұзындығын 200 нм
ультракүлгін сәуле фотондарының энергиясы неге тең болады?
46.Қуаты 100 Вт жарық көзі 1 с- та 5 10
20
фотон шығарады. Шыққан сәуленің орташа
толқын ұзындығын табыңдар.
47.Радиоактивті марганецті екфі жолмен алуға болады. Бірінші жолы темірдің изотопын
дейтрондармен атқылау, ал екіншісі – темірдің изотопын нейтрондармен атқылау. Осы
ядролық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.